Орта ғасыр философиясы


Slide 1

СӨЖ

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Тақырыбы: Орта ғасырдағы дін және ғылым мәселесі

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

1. Орта ғасыр философисы

2. Орта ғасырдағы дін және ғылым мәселесі

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Орта ғасыр философиясы

Орта ғасыр философиясы - адамзат дүниетанымының даму кезеңдерінің бірі.

«Ортағасыр» термині түсіндірілуді керек етеді. Бұл ұғым еуропа түсiнiгi бойынша дiннiң үстемдiгi, ғылым үшiн қаратүнек заман орнады дегенмен тең - шын мәнiсiнде шығыс елдерiнде бұл ғылым мен дiннiң үйлесiмдi даму кезеңi болды. Оны араб елдерiнiң тарихынан айқын көремiз. Материалистiк көзқарас, нақты ғылымдар зерттеулерi Үндi, Қытай елдерiнде де дәстүрлi еркiн жолмен дами бердi. Еуропалық философияда бұл термин христиан дінімен байланысты. Христиан діні біздің жыл санауымыз бойынша І-ІІ ғ. ғ., құл иленуші қоғамның күйреуі, Рим империясының құлау кезеңінде пайда болды. Еуропалық христиан немесе орта ғасыр философиясы І-ХV ғ аралығын алып жатыр. Христиан дінінің тарай бастауына байланысты, оның догматтарын рационалдық (ақыл-ой) арқылы көрсету мәселесі қойылды. Сонымен бірге, антикалық философтардың еңбегін пайдалану мақсаты үстем болды. Орта ғасырлық ойлау мен пайымдауда екі түрлі дәстүр анықталды:

а) Христиан дінінің негізін түсіндіру. ә) Антикалық философияның идеалистік жағын қолдану.

Slide 4

Осы дәуірдегі философия ілім “схоластика” (“мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX - XII ғасырлар) . Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің “заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т. б. ; ә) Кемелденген схоластика (XIII ғасыр) Бұл кезеңде Аристотель еңбектері көпшілік арасына тарап, [] философиялық теология ілімі] ] қалыптасып, кең етек алды. Негізгі өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т. б. ; б) Құлдырау кезеңі (XIV - XV ғасырлар) . Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың қарқынды дамуының нәтижесінде (әл-Фараби мен ибн Рушдтың “қосақиқаттылық” тұжырымдамалары негізінде), теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т. б. Схоластикалық пікірталас үстінде христиандық қағидаларға сәйкес келе бермейтін көптеген философиялық мәселелер көтеріліп, кейінгі кезеңдерде өз шешімдерін тапты. Аврелий (354 - 430ж) философ, католик шіркеуінің белгілі уағыздаушысы және саясаткері ретінде августиншілдік депо аталған христиан философиясындағы жаңа платоншылдық бағыттың негізін қалады. Негізгі еңбектері: “Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, т. б. Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып оның іс-әрекеттері, қылықтары құдай еркімен белгіленіп қойған. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне деген сенімділігі (бұл сенімнің негізі - құдай) мен құдайға деген сүйіспеншілігінің танымдық күші жатыр.

Slide 5

Христиандық діни ілім

Slide 6

Ортағасырлық мұсылман философиясы. Мұсылман әлемінің ойшылдары ежелгі грек ғылымы мен философиясымен қатар, философиялық дәстүрлерді одан әрі жалғастырып, дамытқан. Ортағасырлық Батыс Еуропада христиан дінін идеологияландыру, философияны негіздеу процесі жүріп жатса, мұсылман әлемінде, әсіресе, VII - X ғасырларда философия мен ғылым өзінің гүлденген кезеңін бастан кешірді. Бұл кезеңде алгебра, психология, астрономия, химия, география, медицина, т. б. ғылым салалары қарқынды дамыды. Мұсылман әлемінің философтары мен ғалымдары Батыстың ғылымы мен философиясының қалыптасуына дүниетанымдық жағынан зор ықпалын тигізді. Батыс әлемі мұсылмандық Шығыс философиясы арқылы алғаш рет ххантикварлы мәдени мұрамен, сондай-ақ Шығыс мәдениетінің жетістіктерімен танысты. Ислам философиясының бастапқы негізін қалаушылар қатарында әл-Кинди мен әл-Фараби тұрды. Ортағасырлық дәуірде “арабтардың философы” атанған әл-Кинди (800 - 879ж) философ қана емес, дәрігер, математик, астроном ретінде де белгілі. Оның пікірінше, Құдай материяны, форманы, қозғалысты, кеңістік пен уақытты жаратқан. Пайда болған нәрсе қозғалыстың нәтижесінде өзгереді және ақыр соңында жойылады, ол - мәңгілік емес, оның соңы бар. Әл-Кинди жаңа платоншылдыққа жақын болса, әл-Фараби X ғасырдағы Аристотельдің ізбасары болды. Әл-Фарабидің көптеген филосиялық идеялары батыс Еуропа философияның идеялары мен тұжырымдамаларының қалыптасуы мен дамуына, әсіресе Б. Спинозаның философиясы көзқарасына ықпалын тигізді.

Slide 7

Орта ғасырлық ғылымға үлес қосқан «Шығыстың Аристотелі атанған Әбунасыр әл-Фараби»

870-950 жж

Отырар

Философ, музыкант, математика, тарих, география т. б.

«Қайрымды қала тұрғындары», »Кемеңгерлік меруерті», »Бақытқа жету» 160 еңбек жазған

Slide 8

Қорытынды


Ұқсас жұмыстар
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
Схоластика кезеңдері
Мұсылман дінінің философиясы және теологиясы
Фома Авгинскидің философиясының пайда болуының әлеуметтік және идеологияның алғы шарттары
Ислам философиясының кезеңдері
Араб мұсылман философиясы
Орта ғасыр батыс философиясы
Орта ғасырдағы дін өкілдері
Ортақ идея
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz