Ортағасырлық христиан философиясының негізгі даму кезеңдері




Презентация қосу
СӨЖ
Ортағасырлық христиан философиясының
негізгі даму кезеңдері
Жоспар :
1. Кіріспе : ортағасырлық
христиан философиясы
2. Негізгі бөлім : патристика
және схоластика кезеңдері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Ортағасырлық христиан философиясы
Батыс Европалық орта ғасыр философиясы – V-XIII ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл уақыттағы философия «құдай ілімнің қызметшісі», осы ғасырдың философиясы
христиандыққа негізделген. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библия (Інжіл). Грек
тілінен ауларғанда «кітап»-деген мағынаны білдіреді. Христиандық
дүниетаным монетеистік. Христиан дініндегі құдай үш бейнеде: Құдай - әке, Құдай –
ұлы және Қасиетті рух.

Орта ғасырдың негізгі идеясы теоцентризм, яғни барлығын анықтайтын ақиқат
құдай.

Христиан теологиясы – екі қағидаға негізделген. Ол тудыру идеясы (креационизм,
лат. creatio – тудыру) және ашулы идеясы (ревеляционизм, лат. revelation - ашылу).
Тудыру идеясы ортағасырлық онтологияның негізінде жатыр, ал ашу идеясы таным
туралы ілімінің негізін құрайды. Ортағасыр философиясы сонымен
қатар провиденциализм идеясын (лат. Providenta – көріпкелдік, көзқарастар жүйесі)
уағыздайды. Ол бойынша барлық дүниежүзілік жағдайларды, соның ішінде тарихты да,
бөлек адамдардың іс-әрекетін де құдай көріпкелділігі басқарады. Тағы да бір
ағым персонализм (лат. persona – тұлға) философиядағы теистік бағыт. Ол бойынша
тұлға алғашқы шығармашылық ақиқат және рухани құндылық, ал барлық әлем
құдайдың шығармашылығының көрінісі.
Патристика және схоластика
Ортағасыр философиясының қалыптасуының екі кезеңін атап
өтуге болады – патристика және схоластика. Патристика–
«шіркеу әкелерінің», теологиялық философиялық көзқарасының
жиынтығы. Олар христиан дінін негіздеуде антика
философиясына, соның ішінде Платон идеяларына сүйенеді.
Патристика үш кезеңді қамтиды: апологетика (ІІ-ІІІғғ.) –
христиан дүниетанымының қалыптасуына және қорғауында
маңызды рол атқарды; христиан ілімін жүйелендірген классикалық
патристика (ІV-Vғғ.); догматиканы бір қалыпқа келтірген соңғы
кезең (VІ-VІІІғғ.).

Схоластикаадам зердесінің көмегімен сенімде қабылданған идея
мен формулаларды негіздейтін философиялық ойлаудың бір түрі.
Орта ғасырларда схоластика өз дамуының үш кезеңінен өтеді: (ХІ-
ХІІғғ.); кемелденген кезең (ХІІ-ХІІІғғ.); соңғы схоластика (ХІІІ-
ХІVғғ.).
Патристиканың атақты өкілі – ұлы
христиан ойшылы Аврелий
Августин (Блаженный) (354-
430жж.). Оның ең атақты
еңбектері «Исповедь» және «О
граде Божьем». Августин өз
этикасында жамандыққа
жақсылықтан гөрі өзгеше бастама
берген. Жамандық адамнан
шығады, ал жақсылық Құдайдан
келеді. Адам жақсылыққа емес,
жамандыққа жауап береді.
Схоластика мен патристиканың арасында
айырмашылық бар. Оқытушылардың
/патристикадағы/ алдына қасиетті жазудың
мазмұнын құрайтын жүйелі түрдегі догманы
жасап шығу міндеті қойылды. Ал
схоластиктердің алдында осы догматикалық
тұжырымдаманы сауатсыз адамдарға кең
тарату міндеті тұрды. Схоластиктердің
ұстанымы: «неге сенемін – соны
танимын» болды. Схоластиканың негізгі
мәселелері Құдайдың хақ екені мен жанның
мәңгілігін дәлелдеуге байланысты.
Схоластика өз дамуында үш кезеңнен өтті:

1.Балауса схоластика – IX - XII ғғ. Негізгі
өкілдері: Ансельм Кентерберийский, П.Абеляр,
Августин Аврелий, т .б.
2.Кемеліне жеткен схоластика – XIIғ – Негізгі
өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс
Скотт, т.б.
3.Құлдырау кезеңі – XIV – XV ғғ. – Негізгі өкілдері:
Ульям Оккам, Жан Буридан, т.б.
Христиан философиясының дәстүрлі
тақырыбы – Құдай әмбебаптылығын
қорғау – ұлы философ Фома
Аквинский (1225-1274жж.)
еңбектерінде ауқымды орынға ие.
Оның айтуынша – жамандық
позитивті көрініс болып табылмайды,
ол жақсылық сияқты өз-өзімен өмір
сүрмейді, ол бейболмыс. Фома
Аквинскийдің атақты еңбектері –
«Сумма теологии», «Сумма
философии» және т.б.
ИОАНН ДУНС СКОТ (Іоаппез Бипз Зсоіиз)
(1266 ж. ш., Шотландия Макс-тон,—8. 11.
1308, Кёльн) — философ-схоласт жөне
теолог. Оксфордта және Парижде оқыған.
Оксфорд, Париж, Кельн ун-ттерінде сабақ
берді. Схоластикалық философияның
дәстүрлі формасында түбегейлі ілім дамытын,
Фома Аквинский, Р. Бэконды, Аверро-изм
жақтаушыларын т. б. да орта ға-сыр
философтарын сынады. Басқа схолостар
сияқты ол да басты мәселе — діни ілім мен
философияның қатынасы, білімге сенушілік
деп есептеді. Оның ойынша, философия
құдайды құдай емес, болмыс деп қана тани
алады. Ал құдай бар деп дәлелдеу — болмыс
шексіздігін дәлелдеу. И. Д. С. замандастары
мұны христиан дінін қорлағандьқ деп
бағалады. Ал К. Маркс «Дунс Скот...
теологияның өзін де материализмді
уағыздауға көндірді»,—деп атап көрсетті
Қорытынды

Ортағасырлық философиядағы негізгі тартыс, айтыс
универсалий деп аталған ұғымдар, жалпының жекеге
қатынасы жайында болды.

Қолданылған әдебиеттер:
Д. Кішібеков, Ұ.Сыдықов
“Философия”,
Алматы, 2008 ж.
Ғаламтор желісіндегі
суреттер

Ұқсас жұмыстар
Орта ғасыр батыс философиясы
Араб философиясының кезеңдері
Ортағасырлық философияда
Орта ғасыр философиясы
Батыс Еуропалық орта ғасыр философиясы
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
Орта ғасырдағы дін өкілдері
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ортағасырлық философияның схоластика кезеңі
Ежелгі үнді философиясы
Пәндер