Платонның мемлекет туралы ілімі
Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы : Платонның мемлекет туралы ілімі.
Жоспар:
Платонның өмірбаяны;
Платон философиясы;
Платонның мемлекет туралы ілімі;
Қорытынды.
Ештеңені білмейтін, ештеңені
білуге талпынбайтын адамның
жағдайы қиын. Өйткені оның
бойында екі кесел бар: бірі
-топастық, екіншісі -
жалқаулық.
Ілмектер: жалқаулық, нақыл,
афоризм
Платон
Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы,
математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін
салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ",
"кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.
Платон философиялық ізденістің алғашқы нұсқасының бірегей өкілі болды.
Әсіресе классикалық философия Платонды өз арқау дәстүрі етіп қалыптасқаны
белгілі. Платонның Афина қаласында құрған Академиясы адамзат
мәдениетіндегі ең алғашқы жоғары оқу орынының таңдаулысы есептеледі.
Платон және ұстазы Сократ және шәкірті Аристотель үштігі шығыс (мұсылман
әлемі) пен батыс (христиан әлемі) тарихында философия мен ғылымның
алғашқы негізін қалаған ойшылдар есептеледі. Платон өз шығармашылығында
түрлі жазушылық үлгісін кең пайдаланған, әсіресе ойшыл-ғұламалар
ортасындағы философиялық сұхбатты негіз еткен Платон диалогтары үлгісі
негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы,
риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және
тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша
махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы
ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір
сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы
туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады.
Туылуы және отбасы
Платонның шынымен нақ қай уақытта қайда туғаны түбегейлі айқын емес, бірақ
оның ықпалды аристократ отбасыда туғаны анық. Антикалық негізгі дереккөздер
Платонның Афинада, немесе Эгинада б.з.д 429 бен б.з.д. 423 жылдар аралығында
туғанын айтады.
Платонның әкесінің аты Аристон (Άρίστον). Диоген Лаэртскийдің айтуынша,
Аристон Афинаның патшасы Кодр (Κόδρος) және Мессен патшасы Меланфпен
(Μέλανθος) қандас туыс болып келеді екен.
Платонның анасы Периктион болып, Периктион әйгілі Солон патшаның жақын
туысы деп әспеттелген. Солон патша Афинаның тұңғыш заң шығарушы билеушісі,
Сақ ойшылы Анахарсистің досы, ақын, жеті ғұламаның бірі есептеледі. Периктион
сондай-ақ олигархтық режимдегі Отыз тиранның бірі болған Хармиданың
қарындасы, Критийдің жиені болып, олардың бәрі Пелопоннес соғысының
(б.з.д.404–403) соңында Афинаның күйреуімен бірге болған.
Шығармалары:
«Апология» (Сократты қорғау),
«Критон» (заңды сыйлау туралы),
«Кратил» (тіл туралы), «Федон»
(әдептілік туралы), «Мемлекет»
(идеялар теориясы), «Теэтет»
(білім туралы), «Тимей»,
«Заңдар», т.б.
Платон философиясы
Платон тұлғасы мен өнерінің жалпы
сипаттамасы.Платон (Б.Э.Д. 427-347) Еж
Грецияның ірі философы, Сократтың оқушысы,
өзінің жеке ф-қ мектебінің Академияныңнегізін
қалаушы, философиядағы идеологиялық
бағыттың негізін қалаушы.
Жаратылған зат пен ашып беру идеялар.
Платон да ұстазы Сократ секілді өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және
философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді,
мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. «Идея» – Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне
дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша
бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу – ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін
физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның
құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан,
идеялар дүниесінен іздеу керек. Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын
тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды.
Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз,
идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі.Солардың
алғашқыларының бірі Платон болды. Оның «Мемлекет», «Заңдар» және тағы басқа еңбектері осы
тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы
керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Ал
игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.Платонның түсінігінше игіліктің
төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың
бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топқа
бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті
басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал
игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеуметтік
топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан
азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте
аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік
орнайды
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz