Грек философиясының ерекшелігі


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы:Грек философиясы. Антика философиясы

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

Грек филосософиясыны мәлімет

II. Негізгі бөлім

III. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Slide 3

Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.

Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.

Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.

Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалып-тастырды, демократияның отаны болған Грекияда аса жарқын филосо-фиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.

Көне Грекия философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII -VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Ита-лияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.

Грек философиясының ерекшелігі

Slide 4

Платон (шын аты Аристокл) біздің дәуірімізге дейінгі 428-347 жылдар аралығында Афинада емір сүрді. Ұстазы Сократ секілді, Платон да өз философиясының басты объектісі ретінде адамды таңдады және философиялық пайымдау шеңберін кеңейтіп, табиғат философиясының да өзекті мәселелерін зерттеді, мемлекет туралы тамаша еңбектер жазды. «Идея» - Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық және механикалық себептерді іздеу - ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін, метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек. Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тәннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл қүрайды. Тән-дене ыдырап, өлсе де, жан мәңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады. Платонның мемлекет туралы ойлары да әлі күнге дейін маңызы жойған жоқ. Жер бетінде мінсіз, идеалды мемлекет құруды арман етпеген философтар философия тарихында көп кездеседі. Солардың алғашқыларының бірі Платон болды. Оның «Мемлекет», «Заңдар» және тағы басқа еңбектері осы тақырыпқа жазылды. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тән болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс.

Платон

Slide 5

Ежелгі Грекия философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі адам, осы тұрғыдан алғанда оны адамтуралы қазіргі заманғы ғылым философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Натурфилософияны мойындамаған Сократ философияның мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді, мәселе адамға ізгілік туралы білім беруде, адам білмегендіктен ғана жаман болады. Білім -ізгілікке, ал надандық - зұлымдыққа жетелейді. Оның әйгілк «Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!» қағидаларының негізгі мазмұны да осы. Сократтың ойынша, белгілі бір асыл қасиет (добродетель -Г. Н. ) туралы білім жинаған адам сол қасиетке жете алады, бәрі адамның өзіне байланысты, адам тәнін емес, рухын, жанын шыңдауға үнемі ұмтылуы тиіс, себебі, жаны бақытқа бөленген адам ғана бақытты. Жеке адамның еркіндігін дәріптей отырып, Сократ мемлекеттің рөлін де жоғары қояды, адам мемлекет заңдарына бағынуы тиіс деп санайды. Философия тарихында Сократ метод мәселесінің негізін салушы ретінде де белгілі. Оның пікірінше, адам ақиқат білімге философтардың көмегімен. олармен әңгіме-сұхбат арқылы жете алады. Адамдармен сұхбат-пікірталас жүргізуде ол үш тәсіл ұсынды: ирония, майевтика және диалектика.

Сократ

Slide 6

Аристотель - біздің дәуірімізге дейінгі 384 жыл шамасында Стагирде дүннеге келген. Платонның Академиясында философ ретінде қалыптасу шеңінен өтті, ұстазының философиялық ілімін жалғастырды. Аристотель зерттеген мәселелер аумағы өте кең. Философияны Аристотель «бірінші философия» және екінші философия» немесе метафизика және физика деп боледі. Оның пікірінше, мета-физика - барлық ғылымдардың арасындағы ең құндысы, өйткені, ол жоғарғы себептерді, дүниедегі қозғалыс пен дамудың себебі болып табылатын мәңгілік, денесіз және қозғалмайтынды, табиғаттан және сезімдіктен жоғарыны зерттейді. Аристотель себептердің немесе бастаулардың төрт түрін атап көрсетеді: 1) Материалдық себеп немесе заттың материясы, яғни зат одан пайда болатын нәрсе. Бұл себеп «Неден?» деген сұраққа жауап береді. 2) Форма - заттың материясын қалыптастыратын, оны нақты осы затқа айналдырушы себеп, «Бұл не?» деген сұраққа жауап береді. 3) Қозгалтушы себеп, яғни қозғалыстың бастауы, «Қозғалыс қайдан басталады?» деген сұраққа жауап береді. 4) Мақсат себеп, немесе өзгерудің себебі, «Не үшін?» деген сұраққа жауап береді. Фитканың зерттеу объектісі - денесі бар және қозгалушы нәрсе. Ари-стотель- қозғалыс деп кез-келген өзгерісті, мүмкіндіктің жүзеге асуын түсінеді және оның төрт түрін атап көрсетеді: 1) субстанционалдық қозгалыс - пайда болу және жойылу; 2) сандық қозгалыс - өсу және азаю; 1) сапалық қозгалыс - айналу, альтерация (заттың басқаға айналуы) ; 4) кеңістіктік қозгалыс - орын ауыстыру, трансляция. Адам қызметінің жалпы мақсаты,

Аристотель

Slide 7

Марк Туллий Цицерон - біздің дәуірімізге дейінгі 106 жылы Арпи-нумде дүниеге келіп, б. д. д. 43 жылы қайтыс болды. Оның философиясы теориялық пайымдаумен шектелмейді, практикалық сипатқа ие болуға ұмтылады. Цицеронның ойынша, философия көне гректердегі секілді қолы бос, өмірді сырттай бақылап қана қойып, тұжырымдар жасайтын адамның ісі емес, өмірдің қиындықтарын жеңуге көмектеспейтін философияның, даналықтың қажеті де шамалы. Философияның мақсаты - жан жарасын жазу, адамның назарын өмірдің күйбең тіршілігінен жоғары құндылықтарға аудару, құмарлықтардан, қорқыныштардан арылту, сондықтан римдіктер философияны менсінбеуді қойып, оны терең зерттеуге ұмтылуы тиіс. Луций Анней Сенека - біздің дәуірімізге дейінгі 5-жыл шамасында Йспанияда, Кордовада дүниеге келіп, біздің дәуіріміздің 65-жылы қайтыс болды. Логика, физика, метеоролия салаларын зерттеумен айналысқанымен, антропологиялық және құдайы ілімдердің практикалық мазмұнына көбірек көңіл болді, философияның міндеті пайымдауға емес, іс-әрекетке үйрету, адамның рухын қалыптастыру, өмірін реттеу, өмір ке-месінің басшысы болу, 40 таза, асқақ философия ісі ғана адамды еркіндікке жеткізеді деп түсіндірді. Адамның ар-ұятын Сенека одан қашып құтылу мүмкін емес зор рухани күш, адамның моральдық фундаменті, ішкі дауысы, интуициясы ретінде қарастырады.

Марк Туллий Цицерон

Slide 8

Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.

Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.

Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.

Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:


Ұқсас жұмыстар
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Схоластика кезеңдері
Ежелгі Қытай Ежелгі Үнді Сократқа дейінгі кезең
Араб философиясының кезеңдері
Греция философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Грек мифологиясы
Ежелгі Грек философиясының мектептері
Тіл философиясы
Антика философиясын дағы рух пен парасаттың космологизмі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz