Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр
Презентация қосу
Тақырыбы:Индуизм философиясы
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Индуизм
2.Үнді философиясы
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
*Индуизм – Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе
жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны
жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар.
Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының 83%-ы,
Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады.
Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен
Африканың кейбір өңірлерінде де аздап таралған. ХХ
ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде
тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшылықтың бірден
назарын аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған 18
томдық “Индуизм” атты энциклопедияның дайындалып
жатқандығы дәлел десе де болады. Бұл энциклопедияға
көптеген елдерден 1250 ғалымның 10000-нан астам ғылыми
мақалаларын енгізу көзделіп отыр.
Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы
“Хинду” деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен
мен оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі
халықтың атауына айналған.
Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте
көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да,
белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді
таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті кітап жоқ,
оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын
жазбалардың беделі өте күшті. Бұл дінде жалпы
мойындалатын сенім символдары мен талаптары
болмағанымен, индуистердің дүниетанымында ерекше орын
алатын ұғымдар (дхарма, карма, сансара, мокша, Брахман,
атман, варна, каста т. б.) бар.
* Индуизмдегі құдайларды бір атпен атау, бір түрге біріктіру мүмкін емес. Мұнда
құдай тұжырымдамасы әр түрлі, себебі индуизм Үндістанда ғасырлар бойы
жинақталған жазбалардың барлығын өзінің қасиетті кітаптары ретінде қабылдаған,
сондықтан да осы кітаптарда аталған 33 құдайдың (11-і аспандағы, 11-і ауадағы, 11-і
жердегі) бәрі индуизмде мойындалады. Брахман – әлемді жаратушы, бастапқы
бірліктің барлық тірі және өтпелі шындықтың мәңгілігін жүзеге асырушы. Бірақ
Брахманның адам алдындағы еңбегі дәстүрлі индуистік түсінік бойынша көрнекті
болмады. Сондықтан да Брахманға онша сыйынбайды, оған арналған храмдар саны
да санаулы ғана.
Индуистердің көпшілігі Шива мен Вишнуға табынғандықтан, шиваиттер мен
вишнуиттер болып екіге бөлінеді.
Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту, сонымен қоса ол – өмірлік күштің және
еркектік бастаманың иесі. Шиваға Лингама формасында еркектік өмір жасаушы
бастама ретінде табыну өте көп таралған.
Шива перілерге қарсы күрестерде ерекше батылдық көрсеткендіктен, оны көбінесе
қатал жоюшы ретінде қабылдайды. Бұл ипостасында Шива ырғақ пен би құдайы да
болып келеді. Бидің қозғалысындағы Шиваның төрт қолы оның құдіреттілігі мен
мүмкіншіліктерін бейнелейді. Қастарының ортасындағы үшінші көз де жоюшылық
күшті білдіреді.
Индуистер, әсіресе шиваиттер, Ұлы Шиваға өте көп функцияларды таңады. Соның
бірі шакти – Шиваның өзінің бөлек рухани энергиясы. Шакти тек қажетті
жағдайларда ғана көрінеді. Индуистердің түсінігі бойынша шактидің көмегімен адам
өзінің негізгі мақсатына, мокшаға (жанның туу мен өлім тізбегінен босатылуы)
жетеді. Шактиді киелі әйелдік бастама Шиваның зайыбы Шакти құдай деп
қабылдайды. Бұл Шактидің көрінісі ретінде көптеген әйел құдайлар пайда болды.
Солардың ішінде Дурға мен Калиге сыйынушылар өте көп.
* Вишну – индуизмдегі сақтаушы қызметіндегі құдай. Ол қарапайым және адамдарға өте
жақын. Оның зайыбы Лакшми құдай нәзік әйел махаббатының бейнесін символдайды.
Вишнудың аваторлары (басқа құдай түріндегі көріністер) өте көп. Төрт бейнеде ол жануар
болып көрінеді. Вишнудың қалған белгілі бес аваторлары: Парашурама, Рама, Кришна,
Будда және болашақта келетін Калка құдайы болып есептеледі. Будданы Вишнудың аваторы
ретінде қабылдау буддизмнің индуизм жүйесіне кіргізілгенін көрсетеді. Рама – “Рамаяна”
поэмасындағы патшаның ұлы, тақтың мұрагері, батыр бейнесі. Халықтың санасында ол
құрметке бөленіп, Раманың, Вишнудың аваторына айналған. Ал тағы бір белгілі эпостық
жырдың кейіпкері Кришна да Вишнудың аваторы болып есептеледі. Кришна жалпы үнділік
жоғарғы құдай дәрежесіне көтерілген. Жыр бойынша батыр жауынгер Арджунаның
атқосшысы болып жүріп, оған аспан заңы мен эпикалық заңдардың жоғарғы мәні туралы
әңгіме айтады. Кришнаның бұл философиялық тұжырымдары Бхагавад – Гита тарауы
түрінде Махабхарата жырына енгізілген. Кейіннен Кришна ақылшы философтан көңілді,
жеңіл ойлы бақташы құдайға ауысады. Осы ипостасында ол Үндістан әйелдерінің сүйікті
және өте белгілі құдайы ретінде дәріптеледі. Көктемгі діни мейрамдарда Кришнаға
арналған көп діни ғибадаттар жасалады. Кришнаға табыну қазіргі кезде Америка және
Батыс Еуропа елдерінде вайшнавизм, Кришна санасы қоғамдары арқылы кең таралған.
Индуизмнің қасиетті жазбалары Ведалар болып есептеледі. Олар шрути – “тыңдау, естілу”
деп аталады. Оның екі себебі бар: олар жоғарғы құдайдан естілген және шәкірттер
ұстаздарының әңгімелерінен осы текстерді қабылдаған. Қазіргі индуизмде құдайға
құлшылық еткенде осы ведалық мәтіндерден мантралар оқылады. Мантраларды (қасиетті
сөздерді) тек санскрит тілінде оқу керек.
*Брахмандар – абыздардың сыйыну мен құлшылық ету оқулығы қара сөзбен жазылған. Бұлар ведалық
әдебиеттердің екінші бөлігі боли есептеледі. Абыздар жеті Брахмандық мәтіндерді ерекше бөліп айтады.
Келесі Араньяки мәтіндері де Құдайға құлшылық, медитация туралы айтады. Ал Упанишадтарда
индуизм философиясының мистикалық тұжырымдамасы берілген. Упанишад – қатар отыру деген
ұғымды білдіреді. Гуру (рухани ұстаз) қасына отырған таңдаулы шәкіртіне қасиетті ілім туралы кеңес
берген. Дәстүр бойынша Упанишадтар 108 мәтіннен тұрады. Оларда индуизм философиясының мәнін
ашатын категориялар берілген:
* Жеке жан (Атман) және Әлемдік жан (Брахман)
* Брахман мәңгі өмір сүреді, бірақ формасы болмайды.
* Әлем бұл – елес (иллюзия, майя).
* Жан тізбектелген өмір циклынан (сансарадан) өтіп отырады, оның келесі тіршілігі өзінің іс-әрекетіне
(кармасына) байланысты.
* Жанның азаптан босатылу қасиеті бар (мокша).
* Жаратылған әлемдегі барлық заттар бірлікте болады.
Үнділіктердің белгілі эпостық жырлары “Махабхарата” мен “Рамаяна” да қасиетті мәтіндер (смрити)
құрамына кіреді. “Махабхаратаның” алтыншы кітабының бір бөлігі болып есептелетін “Бхагават-Гита”
да индуистер үшін өте құнды кітап.
“Бхагават-Гита” мәтіндерінде Жоғарғы Құдай туралы ұғым ерекше орын алады. Сонымен қоса, мұнда
адам өмірінің мәні туралы философиялық тұжырым жасалады. Адамдағы ең маңызды нәрсе тәнде емес,
сезімде емес, оның рухында. Әлемде Жоғарғы Рух Атманнан басқа еш нәрсе жоқ. Атман әр адамда бар,
сондықтан өлуге де, біреуді өлтіруге де болмайды. Адамның тәні өледі, ал оның негізі – мәңгілік рух
қалады. Осы шындықты адам түсініп, өлімнен қорықпай, өзінің адамдық міндетін орындауы керек. Яғни,
адам ең бірінші өзін-өзі түсінуі керек.
*Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы
тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы
қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен
мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа
тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне
және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік
стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
*Варналар - топтар Варналардың өкілдері
*Брахмандар Абыздық варна
*Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
*Вайшьялар Егінші-варналар
*Шудралар Төменгі варна
*Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық
жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді
иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың
тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен,
дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының
алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында
пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі
болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына,
оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл
жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан,
құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен
аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы
философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:
*Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген
құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі
Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда
болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік
айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.
*Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда
болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.
*Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.
*Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды.
Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың
аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым
білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың
бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат
құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі.
Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен
алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды
алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде
брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең
бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным
теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және
төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы
білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек
мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол
жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.
* Қорытынды
* Қазіргі Үндістанда варнашрама-дхарма қасиетті кітаптарда
жазылғандай, таза варнамшрам қоғамы жоқ деп сенімді тұжырым
жасауға болады. Мұны индуистердің өздері де мойындайды. Себебі,
қазіргі заман Ведаларда жазылған Кали-юга ғасыры, бүкіл әлемнің
тоқырау заманы деп түсіндіріледі. Осы замандағы Құдайға жетудің
бірден-бір жолы оған қажетінше құлшылық ету. Индуистердің осы
жолдағы діни рәсімдері үш категорияға бөлінеді: нитья, наймиттика,
камьия.
Нитья – бұл күн сайын жасалатын рәсім. Әр үндіс таңертең Күнге
арнап сумен құрбандық шалады немесе отбасы құдайларының
алдында пуджи (құдайларға құрмет көрсету) өткізеді.
Наймиттиканы адам өмірінің ерекше кезеңдерінде жасайды. Бұл
отбасына кіріс болғанда, балаға есім бергенде, некелескенде
өткізілетін рәсім.
Діни рәсімдердің үшіншісі – камьия – діни саяхат. Бұл діни парызды
орындау қажет деп есептесе де, әркімнің таңдауына ерік беріледі.
Индуистер үшін діни саяхат табиғи өмір салтына айналған десе де
болады. Діни мейрам кездерінде, әсіресе ана құдайға арналған қысқа
діни саяхатты индустар жаяу жасайды. Қасиетті қалалар мен
әулиелер орналасқан алыс жерлерге ұзақ саяхатқа шығады.
Индуизмде Ганг, Ямуна, Синдху (Инд), Сарасвати (жер астында
орналасқан)
* Пайдаланылған әдебиеттер
*Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың
түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь,
2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz