Мұсылман философиялық мектептер
Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы:Мұсылман философиялық мектептер
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі
бөлім
1.Мұсылман философиялық мектептер
2.Сопылық ,калам,мутазилизм
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Исламдағы Захири мектебі. Ибн Халдунның «Муқаддимасында»
орын алғаны сияқты Хиджаз халқының, әсіресе, мединеліктердің
хадис ілімін игеру барысы өзге аймақтарға қарағанда көш ілгері
болатын. Аббаси халифалығының күшеюімен және саяси билік пен
діни жетекшілік Мухаммед пайғамбар хадистері кең таралған
аймақтан алыс, күнделікті күйбең тіршілікке қажет негізгі
элементтердің бастапқы кезденақ сәтті жүзеге асқан мәдени
жетістіктер мен оның күйреуін басынан кешірген Иракқа
ауысуымен бірге жаңа бір рей мектебінің дүниеге келуін қамтамасыз
етті. Рей қауымы хадисті толықтай теріске шығармады, керісінше,
оны салт дәстүрмен, күнделікті тіршілік талаптарымен немесе
өмірдің жаңа шарттарына қарай үйлестіруді көздеді. Осы кезеңде
шииттер арасында кең таралған (діни мәтіннің астарлық,
эзотериялық мәніне көңіл бөлген) батыния басқа да есімдермен
аталатын қозғалыс ретінде дүниеге келді. Аталған мектеп Мамун
атты адаммен байланыстырылады, бірақ ол жайлы мәлімет
қолымызда жоқ. Батынилік әрекет өз атауын оны ұстанушылар
тарапынан әрбір захирдің (сыртқы бейне, сыртқы мән), әсіресе,
уахимен байланысты, бір батыны (ішкі мән, аллегориялық құпия
жағы) бар деген көзқарастан алынған. Грек философиясының кейбір
жақтарын қабылдағандықтан, аталған әрекеттің жолын қуушылар
сунниттік ғұламалар тарапынан адасқан немесе кәпір деп саналды.
Мамунның халифалық құруы тұсында (198/813218/833) батынилер
өз күшінде болатын, шамамен жарты ғасырдан соң аталған әрекет
Иракқа, Иранға, Синдке (Батыс Үндістан), Оманға (Оңтүстік
Шығыс Араб түбегі) және Солтүстік Африкаға таралды. Бірақ ол
қуатты ықпалға ие бола алмады.
Ол Мухаммед пайғамбар сахабаларының ой тұжырымдарып мойындағанмен, қиясты
(аналогия), рейді (еркін ойды), истихсанды (салыстыру) және тақлидті (еліктеу) жоққа
шығарған. Даудтың өзі шыншыл, білімді, Құдайдан қорқатын тақуа иесі және дегдар
болатын, ол ойын жүйелей отырып, пікірсайыста алдына жан салмайтын. Даудтың
Құранның жаратылғандығына, оның әуелгі еместігіне сенгендй баяндалғандығымен бұл
оған жабылған жала екендігі байқалады. Дауд Ибн Али 270/884 жылы Бағдатта қайтыс
болды. Дауд Ибн Али еңбекқор адам болатын. Ибн ан Надим оның 150 кітабын атап өткен.
Бұл кітаптардың тек оны оның басқа кітаптарының бөлімдері екендігі байқалады Сондайақ
әрқайсысы екі мың, үш мың, тіпті, торт мың беттен туратын көлемді еңбектерден
құралатын кітап ата улары да оның жеке туындыларында орын алған. Усул (методика),
халифалық бойынша, иджма мен қиясты жоққа шығару сияқты кітаптарының кейбірі
діннің негіздерімен байланысты. Ал өзге кітаптарының көпшілігі ғибадат пен адамдар
арасындағы қарым қатынасқа байланысты фиқхтың екінші дәрежелі тақырыптарын кейінгі
бөлімдерінде қарастырған. Алайда, өкінішке орай, оның еңбектерінің ешбірі бүгінгі күнге
дейін жетпеген. Дегенмен, Ибн Хазм оған жиі сілтеме жасап кеткен. Мухаммад аш Шатти
(ө. Шам 1307/1089) оның шәкірттерінің әртүрлі еңбектерін пайдалана отырып, Дауд
фиқхын жинақтаған. Дауд Ибн Али мәселеге қатысты болған жағдайлар айқын болса да,
қияс жасағандығы байқалады, алайда, жағдай айқын немесе жабық болсын, қиясты
толықтай теріске шығарғандығы ықтимал. Ал иджмаға деген ұстанымы мүлдем өзгеше:
сахабалар Мухаммед пайғамбармен үнемі байланыс жасағандықтан ол сахабалардың
иджмасын мойындаған. Әсіресе, калам саласында ол Алланың мәселен, естуші (сами),
көреген (басар) екендігін қабылдайды. Бірақ ол былай дейді: «Оның жарық сәулесінің
көмегімен көретінін айта алмаймын…». Дауд Ибн Али захирилік ұстанымы бойынша
фиқһтың барлық қырларын қайта жасақтаған. Дауд Ибн Али және онымен замандас
мұсылман құқықшылары бірбіріне үнемі сын көзбен қараған. Әсіресе, шафи мектебінің
өкілдері оны қатты сынға алды, захири мектебіне мүлдем құрмет көрсетпеді. әлИсфахани
(ө. 418/1027) захири мектебіне мүлдем мән бермеу қажеттігіне тоқталған. Қиясты жоққа
шығарғандықтан әл Исфахани олардың үкім шығара алмайтынын, сондықтан, олардың
ешбірін мұсылман құқықшысы деп атауға болмайтынын ортаға қойды. Тіпті, кейбірі Дауд
Ибн Алиді надан деп есептеді, ал өзгелері оны кәпір деп тапты.
Адамзат ақыл-ойының эволюциясын Әл-Фараби таным процесіне қатысатын адам жанының
қабілеті мен бөлшектеріне байланысты зерттейді. Адам интеллекті – бұл туа біткен қабілет, - деп
көрсетеді Әл-Фараби. Бұл алғашқы интеллектіні философ потенциалдық және алғашқы
материалдық интеллект деп атайды. Ол тәжірибеге дейін болады, яғни адамзат ие болғанға дейін
болады. Тәжірибе пайда болып, сақталғаннан кейін потенциалдық ақыл актуалды ақылға айналады.
Таным процесінің екі жақты сипаты бар: ол потенциалды ақыл-оймен қатар потенциалды ақыл
жететін нәрселерді де жүзеге асыруды көздейді. Материалдық болып табылатын заттардың
субстанциясында өзбетінше актуалды интеллект болу қабілеті жоқ. Бұл объектілердің мүмкін, яғни
потенциалды танылудан актуалды танылуға өтуі үшін материядан да асқан субстанциялы мән қажет.
Өзінің “Ақыл (деген сөздің) мағынасы жайындағы пайымдама” деп аталатын шығармасында Әл-
Фараби интеллект деген сөздің түрлі мағынада пайдалануы туралы жазады. Бірінші - қарапайым
сөзде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданылады. Екінші – мутакаллимдердің түсінігінде,
парасат теріске шығарылған кезде айтылады. Үшінші – Аристотельдің “Екінші Аналитика” атты
шығармасында берілген мағынада, интеллект жанның қабілеті болып табылады. Туа біткен қасиеті
арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай
жасайтын жан қабілеті деп қарастырылады. Төртінші мағынасы – тағы да Аристотельдің “Этика”
деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Мұнда Аристотель интеллект деп өзіне сәйкес
келетін тектегі объектілерге ұдайы қолданудан келіп туатын сол жанның бір бөлігін айтады. Бұл өзі
жүре келе тәжірибеден туады, жан бұл тәжірибені объектідегі әрбір дара нәрседен алады. Пікірлер
мен шарттардың анықтығы ерік істерінен туады; оның қабылданатыны немесе қабылданбайтыны
ерік істерінің табиғатында болады. Жанның нақ осы бөлігін Аристотель “Этиканың” алтыншы
кітабында интеллект деп атаған, - дейді Әл-Фараби. Интеллект сөзінің бесінші мағынасы
Аристотельдің “Жан туралы” трактатынан алынады. Мұнда Аристотель интеллектті төрт түрге
бөледі: а) потенциалды; б) актуальды; в) жүре келе дарыған және г) әрекетшіл интелект.
Потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады.
Форма деген ұғым Аристотельде, Әл-Фарабиде мән (сущность) деп алынады. “*Акл би л фи*л” –
“актуальды интеллект”. Бұл мағынаға Аристотельдің “ойлауды-ойлау” деген ұғымы сай келеді.
Мұнда Әл-Фараби ойлау мен болмыстың ұқсастығы қатынасын дамытады. Таным әрекетіне
жеткенге дейін интеллект екі жағынан потенциалды.
Әл-Фараби денелердің
алты тегін бөліп
көрсетеді:
аспан денелері;
ақылды тіршілік иелері;
ақылсыз тіршілік иелері;
өсімдіктер;
минералдар;
төрт элемент (от, ауа, су,
топырақ).
Сопылық
Сопылық немесе тасаууф(араб.:ّتتتتصووف, taṣ ṣawwuf)
— зуһд (аскетизм), жақсылықтармен әшекейлену, нәпсіні тазарту
және рухтың дәрежесін көтеру. Тасаууф ғылымы — сопылықты
ұстанатын адамдардың сенімдерінің жинағы және олардың оңаша
халінде және жиындарда ұстанатын әдептері[1]. Сопылық —
дүниеден безуге, нәпсіні есептеуге, тәнге қатысы бар нәрселерден
бет бұруға, нәпсіні
тазалауға, Аллаһ тағалаға мағрифатқа немесе хақиқатқа иман
келтіру арқылы қосылу (араб.: — فتتتناءнирвана) дәрежесіне жетуге
ұмтылысқа негізделген өмір салты[2]. Сопылықты
ұстанушыны сопы (араб.:صتتوفي, суфий) деп атайды. Сопылар өздерін
Мұхаммед пайғамбар ﷺЖәбірейіл хадисінде айтқан[3] ихсанды
жүзеге асырушылар санайды.
Классикалық сопы ғалымдар сопылықты «мақсаты жүректі қайтару
мен Аллаһтан басқа заттардан бұру» деп анықтаған[4]. Дарқауи
тариқатының (ағыл.)қазақ. сопылық ұстазы Ахмад ибн
Аджиба (ағыл.)қазақ. сопылық «сол арқылы Құдайдың ішкі
болмысының құзырында қалай саяхаттауды, ластықтан тазалануды,
жақсы қасиеттермен әсемдеуді білуге болатын ғылым»
Мутазилиттер - Ислам тарихында пайда болған ағымдар қатарында өзіндік із қалдырған, Ислам
ғылымына «Калам» саласын ендірген, Ислам философиясының іргесін қадаған, әлемге әйгілі Ислам
философтарын шығарған, көне грек еңбектерін араб тіліне аударуда елеулі қызмет атқарған ағым.
Мутазилиттер ағымы омеялықтардың халифалық тұсында (661-750) пайда болып, аббастықтар
кезеңінде Ислам әлемінің ресми мазхабы болып бекітілді. Шамамен, бір ғасырдан аса өзінің
ұстанған бағыты бойынша күресті. Батыс шығыстанушыларының айтуына қарағанда,
«Мутазилиттер» деп аталудың себебі, олардың тақуа, дүниеге көңіл бөлмей, өмірдің қызықтарын
тәрк еткені. Шынына келгенде, олардың бәрі дерлік бұл сипаттағы адамдар емес еді. Мутазилиттер
Ислам ағымдарының ішіндегі діни мәселеде ақылды көбірек қолданатындығымен ерекшеленеді.
Ақылға қонымсыз аят пен хадисті логикалық тәсіл бойынша түсіндірді. Әсіресе, сенім, иман
мәселелерін дәлелдеу үшін алдымен ақылды төреші етті. Олар шариғатқа құрмет көрсеткенімен
әһли мәселеде еркін еді. Кез келген бір мәселені әуелі ақылға салып таразылайды, ақылға қонымды
болса алады, қонымсыз болса тәрк етеді. Мутазилиттердің ақылға көбірек мән беруінің себебін
ғалымдар былай деп түсіндіреді: Мутазилиттердің көне мәдениет пен өркениеттің ошағы
болған Ирак пен Парсы аймағынан шығуы; олардың басым көпшілігі араб ұлтынан болмауы;
Мутазилиттердің яһуди, христиан, әрі философиялық, еңбектерді араб тіліне енгізуге атсалысқан
мұсылман емес кісілермен тығыз байланыста болулары көне философиялық пікірлердің оларға әсер
етуі ағымы умеялықтардың билік кезеңінің соңына таман шығып, үкімет жағынан ешқандай
қысымға ұшырамады. Өйткені, үкіметтің билігіне араласпады, халық арасында бүлік шығармады.
Дегенмен, уақыт өткен сайын ел ішінде түрлі мақсаттағы топтар шықты. Бір шетінен осы тұста
араб-Ислам түсінігіне ақырындап үнді мен грек философиясы кіре бастады. Исламның алдында
парсы мәдениеті грек философияның әсерінде болғандықтан, грек философиясы,
мұсылмандарға парсылар арқылы келді. Сонымен қатар, суриянилер жолымен енді.
Өйткені, суриянилер грек философияның мирасқорлары болатын.
Калам – «спекулятивті теология» - араб-
мұсылман философиясының бағыттарының
бірі, ол ІХ ғ. басында қалыптасқан және
силлогизм мен аналогияға арқа сүйеген араб -
мұсылман философиясының бағыты, оның
негізі діни беделге сүйену емес, философиялық
қағидаға сүйену.
Қорытынды
ИбнХазмның пікірі бойынша ислам мен иман біртұтас. Ислам діні өзіне
дейінгі діндерді жою үшін келген. Сондықтан исламға дейінгі діндерді
ұстануға болмайды. Себебі исламға дейінгі діндер көнерген және жойылған.
Мухаммед пайғамбар барлық халықтардың ортақ пайғамбары. Ол ислам дінін
Алланың әмірлері бойынша көпшілікке паш еткен, ал ол көз жұмған кезде,
уахи да тоқтады. Осылай ислам дінінің келуі аяқталды, аталған дінге бір
нәрсені қосу немесе одан бір нәрсені алып тастау яки оны өзгерту мүмкін
емес. Әл-Фарабидің саяси космологиясы айқын исламдық сипатқа ие.
“Бақытқа жету” туралы трактатында философия мен дін ілімі арасындағы
айырмашылық туралы өз түсінігін береді. Бұл екеуі де заттардың соңғы
принциптері мен олардың тіршілігінің бастауы туралы түсінік береді, адам
тіршілігінің соңғы мақсаты жоғарғы бақытқа қол жеткізу екенін түсіндіреді.
Бірақ философия анық дәлелдемелер береді, ал дін сенім береді. Философия
діннен бұрын пайда болған деп санайды Әл-Фараби. Оның ойынша, билік
етуші адам философияны меңгеруі тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер
“Философия” Есіркепова Г.К.,
Шымкент, 2008.
Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың
түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-
Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-
10-7
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz