Парменидше дүние қозғалмайтын және тұтасынан толтырылған шар сипаттас
Презентация қосу
СӨЖ
Тақырыбы:Элей мектебі: Парменид,Зенон,
ЖОСПАР
• Кіріспе
• Негізгі бөлім
• Элей мектебі: Парменид,Зенон
• Қорытынды
• Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Элей Мектебі – б.з.б. 6–5 ғ-ларда
Ежелгі Грекияда болған философиялық
мектеп. Оңт. Италиядағы грек колониясы –
Элей қ-ның атымен аталған. Өйткені мұнда
Э. м-нің ірі өкілдері тұрды. Ілім негізін
қалаған Колофондық Ксенофан, ал басты
өкілдері элейлік Парменид пен Зенон және
Мелисс Самосский болды. Э. м. тұңғыш
рет ойлауды (санадағы болмысты) сезімдік
қабылдауға (сезімдік қабылдау болмысына)
қарсы қойды. Ол адам түйсігінің және
сезімдік болмысының тұрақсыз, аумалы-
төкпелілігін ескере отырып, танымдағы
басты рөлді ойлау процесіне береді. Э. м.
философия тарихында тұңғыш рет
болмыстың біртұтастығы жайлы ұғымды
ұсынып, оны филос. ойдың негізіне
айналдырды. Э. м. біртұтас болмысты
шындықтың әрбір ұсақ элементінде
болатын үздіксіздікті өзгермейтін,
бөлінбейтін нәрсе деп түсінді. Кейіннен бір
тұтас өзгермейтін болмыс ұғымы Платон
мен неоплатонизм философиясының
қайнар көзіне айналды.
Парменид Ксенофан, Анаксимандрмен
идея жағынан байланысты болды. Парменидше
дүние қозғалмайтын және тұтасынан
толтырылған шар сипаттас. Ол "ақиқат ілімін"
(ақиқат болмысын бір тұтас, мәңгілік
бөлінбейді, бос қуыссыз) "пікір іліміне" (туып,
ауысып отыратын, өзгеретін, бөлшекке
бөлінетін, бірінен - бірі алшақ бос қуыстан
тұратын көптеген заттар болады) қарама -
қарсы қояды, "Ақиқат ілімі" шын, ал "пікір
ілімі" шын сипаттас дейді ол. Парменид өзінің
"ақиқат ілімін" саналы түрде Гераклит пен
оның ізбасарларының диалектикасына қарсы
бағыттады. "Пікір ілімінде" Парменид өзінің
астрономиялық, физикалық, материалистік
ілімінде екі бастаманы мойындайды: белсенді -
отты, жарықты және сылбыр - қараңғылықты.
Сезімнің мүмкіншілігіне күмәнданып, ой мен
болжауға жоғары баға беру Парменидтің
іліміне идеализм элементін, керек десе
рационализмді енгізді, ал қозғалысты бекерге
шығаруы оны ежелгі грек философиясының
метафизикасының бастаушысы етті.
Парменид (VI-V б.ғ.д.) Элеяда дүниеге келеді. Өсе келе, ол
өзінің филоеофия мектебін құрады. Парменидтің философия
ғылымындағы жасаған жаңалығын асыра бағалау өте қиын, өйткені
ол грек ой-өрісінің шеңберінде алғашқы рет Болмыс мәселесін
қойып, оны өзінше шешеді. Сонымен философия ғылымының
негізгі тарауларының бірі -онтология дүниеге келеді (ontos - грек
сөзі, болмыс, logos - білім). Парменидтің ойынша, Дүние жөніндегі
ақиқатқа бір ғана жол бар, ол: «бар нәрсе бар, ал жоқ нәрсе жоқ,
өмір сүрмейді. Олай болса, бізге жалғыз ғана жол қалады - ол
Болмыс».Кеңістік (қуыс) және уақыт (қазіргінің өткен шаққауысуы)
жоқ, өмір сүрмейді; Бар нәрсенің бәрі - толы; Барлықтың құрамдас
бөліктері жоқ (олай болса, кеңістікті мойындауға тура келер еді), ол
- біртұтас; Барлық біреу болғаннан кейін, ол кемеліне келген;
Қозғалыс жоқ, өйткені кеңістік жоқ. Болмыс туған жоқ және
жоғалмайды да. Өйткені болмыс бейболмыстан пайда бола
алмайды, оның себебі, бейболмыс жоқ. Болмыстан еш нәрсе пайда
болмайды, өйткені ол өмір сүріп жатыр.Болмыстың н ақыл-ой
арқылы келдім», - дейді Парменид.
Зенон Элей топырағында б.ғ.д. VI ғ. аяғында дүниеге келеді. Аңыздар бойынша ол өз
заманының саяси өміріне атсалысқан ойшыл болса керек. Тиран Неарх оны тұтқынға
алып, оның билігіне қарсы шыққан адамдарды айт деп қинаған кезде, Зенон өз тілін тістеп
кесіп, тиранның бетіне түкіріпті-міс деген аңыз тарихта қалған.Екінші аңыз, керісінше,
тиранның ең жақын достарын соның жаулары ретінде көрсетіп, Зенон оларды бір-біріне
айдап салу арқылы елді сол тиранның билігінен құтқарды ғанын айтады.Ал енді Зенонның
философиялық көзқарастарына келетін болсақ, ол Дүниенің болмысын мойындаған, бірақ
кеңістікті жоқ деп есептеген. Зенонның еңбектерінің негізгі жақтары - Парменидтің
көзқарасын жақтау жолындағы көптік пен қозғалыстың жоқтығы жөніндегі дәлелдемелері.
Белгілі бір нәрсе қозғалыста болып, шыққан жерінен басқа нүктеге жетуі керек. Бірақ ол
мүмкін емес, олай болса дұрыс емес. «Неге?» «Өйткені зат алдағы нүктеге жету үшін
қашықтықтың жартысын өту керек, ол үшін - жартының жартысын т.с.с. шексіздікке кете
береді. Олай болса, зат қозғалмайды, бір орнында қала береді» дейді Зенон.Екінші
дихотомия (грек сөзі, қақ бөлу деген мағына береді) - «АхиАл». Жүйрік АхиАл өте баяу
қозғалатын тасбақаға жете алмайды. Оның дәлелдемесін жоғарыда көрсеткенбіз.Үшіншісі
- «Оқ». Садақтан атылған оқ тұрақты, қозғалмайды. Өйткені әрбір уақыттың сәттісінде
атылған оқ белгілі кеңістікте тұрақты орын алады. Келесі сәтте келесі кеңістікте
тұрақтайды. Ал тұрақтаулардың қосындысы тұрақтылықты береді. Олай болса, атылған оқ
қозғалмайды.Зенонның көптікті теріске шығаруға арналған дәлелдемелері де қызықты.
Көпшілік көп бірліктерден тұрады, бірақ ол мүмкін емес. «Егер Дүние көп болса, онда
қажетті түрде, олардың саны өздеріне тең. Бірақ олар шексіздікке кетеді, өйткені екі
дүниенің ортасына тағы бір дүниені, олардың екі ортасында тағы да екі дүниені
орналастыруға болады, яғни бұл да шексіздікке кетеді. Олай болса, тек біреу ғана бар, ал
көптік жоқ».
Зенонның көптікті теріске
шығаруға арналған дәлелдемелері
де қызықты. Көпшілік көп
бірліктерден тұрады, бірақ ол
мүмкін емес. «Егер Дүние көп
болса, онда қажетті түрде, олардың
саны өздеріне тең. Бірақ олар
шексіздікке кетеді, өйткені екі
дүниенің ортасына тағы бір
дүниені, олардың екі ортасында
тағы да екі дүниені орналастыруға
болады, яғни бұл да шексіздікке
кетеді. Олай болса, тек біреу ғана
бар, ал көптік жоқ».
Зенон өзінің дәлелдемелерімен
Логостың мәртебесін жоғары
көтеріп, қозғалыс пен көптікті әрі
қарай оймен зерттеудің, бейнелеудің
қажеттігін басқа ойшылдарға
көрсетті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР
Парменид // Современная 1.энциклопедия
http://www.philosophia.copula.ru/02_Works/027(0)_
Klassicheskie_uchenia_i_teksty_v_kurse_philosophi
i_
[2001_uch]/03_I.htm
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл,
2.Алматы,9 том,148 бет
Ң Ы З ҒА
РЛ А Р Ы
НА ЗА !
А Х М ЕТ
Р
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz