ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ




Презентация қосу
ТАҚЫРЫБЫ : ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ЖОСПАРЫ

1. ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ.
2. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ.
3. ФИЛОСОФИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ.
4. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ – МИФОЛОГИЯЛЫҚ,
ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ.
ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo –
сүйіспеншілік, sоріа – данышпандық деген сөздер) данышпандыққа
құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы
Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде философия термині
кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі
Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.
Философия болмысты рухани игерудің жаңа түрі есебінде
ежелгі мәдениеттің үш түрлі ошағында Үнді, Қытай, Грецияда
(б.з.д. VIII-VI ғғ.) бір уақытта пайда болды (Ясперс К. «Смысл и
назначение истории». Бұл кее зңді Карл Ясперс «тарихтың осьтік
уақыты» деп атады. Яғни К.Ясперстің сөзімен айтсақ,
философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу. Платон
427-347 б.з.д.
Философия пәні. Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның
ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап
мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде,
адам мен қоғам мәселелерін зерттейтін ғылым.
Философиялық негізгі категориялар (ұғымдар): материя (бізді
қоршаған барлық материалды (жасанды) және табиғи заттар мен
объектілер), сана, болмыс.
• Философиялық білімнің құрылымы – 1) онтология, 2) гносеология,
3) логика, 4) методология, 5) этика,6) эстетика,7) психология, 8) әлеуметтану,
9) философия тарихы.
1) Онтология (грекше ontos – болмыс) – жалпы болмыс (қозғалыс, кеңістік,
уақыт, сана, әлемдік дамудың мақсаты, табиғаттың даму заңдылықтары) туралы
ілім.
Болмыстың түрлері – адам, заттар мен табиғат, рухани, әлеуметтік
болмыстар.
2) Гносеология (грекше gnosis – таным) – таным теориясы. Әлем өз негізінде
танымды ма; адамның тану мүмкіндіктері қандай сияқты мәселелреді зертейді.
Дүние танылмайды деу – агностицизм деп аталады. Ең әйгілі философ-агностик
– И.Кант.
3) Логика (Қисын) – (грекше – logic – сөз, сөйлем, ой, ақыл) – дұрыс ойлау
заңдары мен формаларын зерделейтін ғылым. Логиканың үш түрі бар –
диалектикалық, математикалық, формальді.
4) Аксиология – құндылықтар мәселелері: игіліктер деген не; құндылықтардың
табиғатын, адам қызметінің өзгертушілік мәселелерін (праксиология) немесе
адамның әлемді өзгерту қабілетін зерттейді.

5) Этика (грекше ethos – дағды, әдет-ғұрып) – мораль және адамгершілік
жайындағы ілім. Басты категориялары – жақсылық пен жамандық.
6) Эстетика (грекше aisthetikos – сезіну) – адамның дүниені эстетикалық
немесе әсемдік заңдары тұрғыда түсіну ғылымы. Басты категориялары -
әсемдік пен ұсқынсыздық.
7) Психология (грекше psyhо – жан) – адам жаны мен психикасы туралы
ғылым. Басты ұғымдары – психика, мінез, темперамент, ес, интеллект, қиял,
іс-әрекет, энергопотенциал т.б.
8) Әлеуметтік философия (әлеуметтану) (грекше societas – қоғам) – қоғам
мен әлеуметтік процестерді зерттейтін философияның тармағы.
9) Философия тарихы – философияның даму тарихын зерттейді. Неміс
философы Г.Гегель айтқандай «Философия Шығыста басталып, Батыста
аяқталады».
ФИЛОСОФИЯ
Мәселе

1. ОНТОЛОГИЯ
Сана
5.ЭТИКА

6. ЭСТЕТИКА
Болмыс
2. ГНОСЕОЛОГИЯ
7. ПСИХОЛОГИЯ
Материя

3. ЛОГИКА
8. ӘЛЕУМЕТТІК
Идея
ФИЛОСОФИЯ
Рухани
4.АКСИОЛОГИЯ
дүние
9. ФИЛОСОФИЯ
ТАРИХЫ
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНЫҢ БАСТЫ
КЕЗЕҢДЕРІ:

Шығыс философиясы

Үнді философиясы

Қытай философиясы

Антик
философиясы

Орта ғасыр Қайта өрлеу дәуірі
философиясы философиясы

Жаңа дәуір
философиясы

Классикалық неміс
философиясы

19ғ Маркстік
Философияның пайда болуы

18-19ғғ орыс
Қазақ философиясы 19-20 ғғ. Батыс
Философиясы
философиясы
ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЕКІ ӘДІСІ БАР:
1. ДИАЛЕКТИКА
2. МЕТАФИЗИКА.

ДИАЛЕКТИКА ФИЛОСОФИЯНЫҢ МЕТАФИЗИКА
ӘДІСТЕРІ
Диалектикаға сәйкес барлық заттар мен процестер дамиды, өзгереді, бір-
біріне айналады. Демек диалектикалық әдіс жалпы байланыс, даму
қағидаларына негізделген, яғни барлық заттар байланыста және даму
процесінде болады.
•Метафизикалық әдіс бойынша диалектикаға керісінше барлық заттар
өзгеріссіз, ұйып қалған, дамымаған, байланыссыз күйде болады.
•Диалектика мен метафизика әдістері ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған
механикалық немесе метафизикалық материализмде, XIX ғ. ортасында пайда
болған диалектикалық материализмде нақты көрініс тапты.
ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ –
МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ

1.МИФОЛОГИЯ
Философия 1.ФИЛОСОФИЯ
Мифология

ДҮНИЕТАНЫМ
ТҮРЛЕРІ

Дін
2.ДІН
Дүниетаным дегеніміз – әлем және ондағы адамның орны туралы көзқарастар
жиынтығы. Философия дүниетанымның әлеуметтік-тарихи түрі.
Дүниетанымның тарихи үш түрі бар: мифологиялық, діни, философиялық.
Дүниетанымның алғашқы тарихи түрі – мифологиядық, оның негізі миф
(грекше mifos – аңыз-ертегі) – аңызға айналған құдайлар, батырлар туралы
хикаялар. Әйгілі мифтер Грецияда туған (Аргонавтар, Олимп құдайлары
Гераклдың 12 жорығы, Прометей туралы мифтер). Мифологиялық көзқарас
дүниеге деген сезімдік көзқарас ол дүниетанымдық сұрақтарды құдайлар, рухтар жөне
батырлармен байланыстыра суреттеуден байқалады және бақытты өмірге, аурудан,
жоқшылықтан, сәтсіздіктерден қорғануға деген мақсаттармен тығыз байланысы.
Діни дүниетаным – негізі – дін, мазмұны – тәңірге ессіз табыну, яғни санадан
тыс күштермен белгілі қарым-қатынас орнататын әдеп-ғұрып жүйесі. Діннің 3
әлемдік түрі бар –буддизм (б. з. д. 6 ғ.), христиандық (1 ғ.), ислам (7 ғ.). Діни
сенімнің түрлері: фетишизм (киелі деп танылатын затқа табыну), тотемизм
(адамдардың шығу тегін жануарлармен, өсімдіктермен байланыстыру), анимизм
(жан бар деп сену, әруаққа сыйыну), магия (сиқырлау, алдау, арбау).
Философиялық дүниетаным – сенімге емес, ақыл мен ғылымға сүйеніп,
табиғаттың, қоғамның, адам санасының және танымның дамуының жалпы
заңдарын зерттейді, яғни ол әлеуметтік-теориялық білім және дүниеге көзқарас
ретінде пайда болады.

Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық дәуір Ортағасырлық дәуір Ортағасырлық дәуір
Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі Ежелгі Дүние дәуірі
Әлеуметтік философия
Ғылыми дүниетаным оқушының интеллектуалды дамуының негізі
Прагматизм философиясы
Жалпы қазақ философиясы туралы тусінік жəне шығу тарихы
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Буддизм философиясы
АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫ
Грек философиясының ерекшелігі
Пәндер