Қан тамырлары
Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қан тамырлары. Жүрек аурулары.
Орындаған:
Тобы:
Тексерген:
ЖОСПАР:
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А) ҚАНТАМЫРЛАР ,ЖҮРЕК ЖҮЙЕСІНЕ СИПАТТАМА
Б) ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Тамырлар жүйесі (сосудистая система) немесе жүрек-тамырлар жүйесі мен
қанжасау мүшелері жануарлар организміндегі жасушалық жəне ұлпалық
деңгейдегі зат алмасуды (қоректік заттарды, оттегіні организмнің ұлпалары мен
жасушаларына жеткізу, зат алмасу нөтижесінде түзілген ыдырау өнімдері мен
көмірқышқыл газын бөлу мүшелеріне тасымалдау), гуморальдық реттелуді, дене
қызуының реттелуін қамтамасыз етумен қатар,маңызды қорғаныс кызметтерін де
атқарады. Тамырлар жүйесін зерттейтін анатомияның бөлімін angiologia
(грек,angion — тамыр; logos — ілім) — деп атайды. Тамырлар жүйесі өз
кезегінде құрылысы мен қызметі жағынан бір-бірімен тығыз байланысты жəне
дамуы біртекті үш: қанайналым, лимфаайналым жəне қанжасау жəне иммундық
қорғаныс мүшелері жүйелерінен құралған.
Жануарлар организміндегі қан тамырлары қүрылысы мен атқаратын
қызметіне байланысты: артериялар (қызылтамырлар), веналар
(көктамырлар) жəне микроайналым арнасының тамырлары болып үшке
бөлінеді. Организмнің үлкен қанайналым шеңберінде қолқа жəне
артериялар арқылы жүректің сол қарыншасынан дене мүшелеріне оттегіге
қаныққан артерия қаны, ал веналармен, керісінше, дене мүшелерінен
жүректің оң жүрекшесіне көмір-қышқыл газына қаныққан вена қаны
тасымалданады. Кіші қанай- налым шеңберінде жүректің оң қарыншасынан
өкпеге өкпе артериясы бағаны арқылы вена қаны, ал өкпеден жүректің сол
жүрек-шесіне өкпе веналарымен артерия қаны тасымалданады. Артериялар
қанды жүректен организм мүшелеріне, веналар дене мүшеле-рінен жүрекке
тасымалдайтын ірі қан тамырлары.
Артериялар (қызылтамырлар) — arteria — қабырғасының құрылыс сипатына
байланысты эластинді, етті-эластинді (аралас) жəне етті қызылтамырлар болып
үш топқа бөлінеді. Артериялар құрылысы жағынан түтікше мүшелер. Олардың
қабырғалары үш қабықтан тұрады. Олар: ішкі интима, ортаңғы медиа жəне
сыртқы адвентиция қабықтары.
Эластинді артерияларға қолқа мен
өкпе артериясының бағаны
жатады.Қанның жүректен жоғары
қысыммен (150-200 мм сынап
бағанасы) жəне үлкен жылдамдықпен
(0,5-1,3 м/сек.) ағып шығуына
байланысты аталған артериялардың
қабырғалары қалың болып келеді
жəне олардың серпімділік қасиеттері
күшті жетілген. Ішкі қабығы интима
екі қабаттан тұрады. Ішкі бетін
астарлайтын эндотелий қабатын
негіздік жарғақта бір қабатта
орналасқан жұқа эндотелиоциттер
құрайды.
Етті-эластинді артерияларға қолқа мен өкпе
артериясы баға-нының жүректен алыс
жатқан ірі тармақтарын жатқызуға болады.
Жүректен алыстаған сайын аталған
тамырлар қуыстарындағы қанның қысымы
төмендейді. Сондықган, аталған қан
тамырларында, олардың қабырғаларының
серпімділігімен қатар, қосымша жиырылып,
қанды əрі қарай айдап, жүрекке жəрдем
беретін жиырылғыш құрылым пайда болады.
Осыған байланысты артериялар медиасы
құрамында эластинді жарғақтардың
аралықтарында, сақина төрізді орналасқан
бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттерінің
шоғырлары жетіледі де, аталған құрылымдар
тең мөлшерде араласып жатады.
Етгі артерияларға мүшелерге қан
əкелетін қызылтамырлар немесе
мүшелер ішіндегі артериялар жатады.
Етті артериялардың ішкі қабыгы
интима үш қабаттан құралған. Олар:
ішкі қабаты — эндотелий, ортаңғы
қабаты эндотелийасты қабаты жəне
сыртқы — ішкі эластинді жарғақ. Ішкі
эластинді жарғақ артерияның ортаңғы
қабығы медиамен шектеседі. Медиа
толығымен сақинаша орналасқан
бірыңғай салалы ет ұлпасының
миоциттерінен тұрады. О
Веналардың (көктамырлар) — vena s.
phlebos — қабырғалары да интима, медиа
жəне адвентиция қабықгарынан құралған.
Қанның қысымы (15-20 мм сынап баг.)
мен ағу жылдамдығының (10 мм/ сек.)
төмендеуіне байланысты веналардың
қабыргалары жұқа жəне куысы кең болып
келеді. Веналардың интимасында ішкі
эластикалық жарғақ болмайды, яғни ол
ішкі эндотелий жəне оның астындағы
эндотелийасты қабатынан тұрады.
Сонымен қатар, бұлардың йнтимасында
тек жүрекке қарай гана ашылып, канның
бір багытта ағуына көмектесетін
қақпақшалар (клапандар) болады.
Артериолалар (қызылтамыршалар)
— arteriola — арнасының
диаметрі 50-100 мкм, етті
артерияларды капиллярлармен
(қылтамырлар) жалғастырып
тұратын тым майда етті артериялар
тарамдары. Олардың
кдбырғасы тым жүқа үш қабықган:
интимадан, медиадан жəне
адвентициядан түрады. Артериола
интимасының өзін үш қабат:
эндотелий, 375
эндотелийасты қабат пен ішкі
эластинді жарғақ құрайды.
Жүрек (сердце) грек, kardia, лат. cor
— жануарлар организміндегі ішкі
орта сұйық ұлпаларын қозғалысқа
келтіретін орталық мүше. Ол көкірек
қуысында, екі өкпенің аралығында
солға қарай ығыса орналасады.
Жүректіңпішіні конус тəрізді. Оның
жоғарғы жүрек табаны (негізі) —
basis cordis — бірінші қабырғаның
орта тұсында немесе иық буынының
деңгейінде, ал төменгі жүрек ұшы
(apex cordis) сол жақтағы 5-6 -ншы
қабырғааралық кеңістікте,
төссүйекке жақын орналасады.
Жүрекқап (үлпершек) — pericardium — жүректі сыртынан қаптап, оның
біркалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Ол үш кабаттан тұрады. Оның
сыртқы кабаты — көкірек ортасының плеврасы (сірлі кабық). Жүрекқаптың
негізін көкірекіштік шандырдың жүрек тұсындағы бөлігі талшықты
(фиброзды) қабат құрайды. Үлпершектің ішкі бетін жүрекқаптың сірлі
қабығының қабырғалық жапырақшасы (париетальды жапырақша)
астарлайды. Ішкі сірлі кабат жүректің табаны арқылы, оның сыртқы бетіне
өтіп, жүректің сыртқы кабығы эпикардты (висцеральды жапырақша)
құрайды. Жүрек пен жүрекқаптың аралығындағы куысты перикард куысы
— дейді. Бұл куыста жүрек пен жүрекқаптың беттерін сылап тұратын аздаған
сірлі сүйық болады.
Жүрек- қантамырлар жүйесі
аурулары
Гипертония -қан қысымының үнемі немесе жиі көтерілуі
Жүрек инфаркті - жүрек бұлшықетінің жансыздану
аймақтарының əсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы
Атеросклероз – қанды өткізу қуыстарының тарылуы мен
қызметінің бұылуынан болатын артериялық қан тамырларының
созылмалы ауруы.
Жүрек ақаулығы – жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан
шығатын қан тамырларының құрылысындағы ақуалықтар
Жүрек аурулары, əр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек жəне
қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын
аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін
түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек
демікпесі, жүрек жəне қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония,
т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан
өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа жəне жүре
пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың
дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен болады. Жүре пайда болатын
жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл
жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп,
жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша
жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп əлсіретеді. Қан
айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды
Вена қантамырларының кеңеюі
Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары
кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін
болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады.
Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа
ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.
Жүрек кемістігі
Жүрек кемістігі жүрек қақпакшаларының зақымдануынан болады. Жүрек кемістігі туа
пайда болған жəне жүре пайда болған деп 2-ге бөлінеді. Туа пайда болған кемістік іште
жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан туындайды. Ондай ақаулық жүректің
жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда болған кемістік жұқпалы аурулардың əсерінен
де болады. Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір-бұдырлы
тыртық болып қалады. Қақпақшалар жабық тұрса да, қанға тосқауыл бола алмай жүректе
қан іркіліп тоқтап қалады.
Қаназдық
Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен
болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық
заттардың, удың, безгек ауруының əсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы;
кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне
қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі жəне т. б. Қан оттегіне
қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу
бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп,
жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю
арқылы емдейді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007. / М.А.
Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б.
2. Малдəрігерлік тəжірибеде ауруларды анықтау жəне емдеу техникалары / Қожанов, К.Н. –
2013
3. Төл ауруларын емдеу жəне олардан сақтандыру шаралары / Қожанов, К.Н. – 2005
4. Терапевтикалық техника малдəрігерлік тəжірибеде / Қожанов, К.Н. – 2006
Қосымша əдебиеттер
1. Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. // А.М. Смирнов,
П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин,
В.С. Кондратьев Москва ВО «Агропроминиздат» 1988
2. Лабораторные исследования в ветеринарии/Под редакцией В.Я. Антонова и П.Н. Блинов.-
М.: Колос, 1979
НАЗАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz