Джон Локк өмір баяны


Slide 1

СӨЖ

Тақырыбы: «Джон Локк»

Slide 2

Жоспар:

1. Джон Локк өмір баяны.

2. Биографиясы

3. Негізгі еңбектері

4. Философиялық және педагогикалық еңбектері

5. Ең маңызды шығармалары

6. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 - 28 қазан 1704) - британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.

Slide 4

Биографиясы

29 тамыз 1632 жылы Англияның батысындағы Рингтон қаласында адвокаттың отбасында туған. 1646 жылы Вестминстер мектебіне қабылданды. 1652 жылы мектепті үздік бітірген Локк Оксфорд университетіне түсіп, 1656 жылы бакалавр дәрежесіне, ал 1658 жылы- магистр дәрежесіне еге болады.

1667 жылы лорд Энтони Эшли Купердің (граф Шефтсбери) отбасылық дәрігер және оның ұлының тәрбиешісі болып қызметке тұрады. Осы жылдардан бастап Локктың саяси өмірге қызығушылығы пайда болып, «ағылш. A Letter Concerning Toleration», тағы басқа жазба жұмыстарын бастайды. Граф Шефтсберидің тапсырмасы бойынша Локк Солтүстік Американың Каролина провинциясының ата заңының конституциясының («ағылш. Fundamental Constitutions of Carolina») жазылуына қатысқан.

1668 жылы Локк Корольдік қоғамының мүшесі болып, 1669 жылы - оның кеңесінің мүшесі болып тағайындалды. Локктың ең бастапқы қызығушылықтары жаратылыстану, медицина, саясат, экономика, педагогика, мемлекет пен шіркеудің қарым-қатынастары, дінге еріктілік мәселесі және ұждан бостандығы болған.

Slide 5

1671 жылы Локк «ағылш. An Essay Concerning Human Understanding» («Адамның санасы туралы тәжірибе») атты еңбегін жаза бастайды. 1672 - 1679 жылдары Локк Англияның мемлекеттік мекемелерінде түрлі лауазымды қызметтерін атқарады. Дегенмен Локктың карьерасы граф Шефтсберидің қоғамдағы жағдайны тікелей байланысты болады. 1675 жылдан 1679 жылдың ортасына дейін денсаулығының жағдайына байланысты Локк Францияда ем қабылдайды.

1683 жылы Локк граф Шефтсберидің ізіме Голландияға эмиграция жасайды. 1688-1689 жылдары Англиядағы Glorious Revolution төнкерісінің нәтижесінде таққа Вильгельм III Оранский отырып, Локк Англияға 1689 жылдың басында қайта оралады.

1690-шы жылдары Локк тек қана саяси өміріне араласпай, ғылыми және әдеби жұмыстарымен айналысып, көптеген жұмыстарды осы жылдары жазған.

Локк 1704 жылдың 28 қазанында 72 жасында

Slide 6 Slide 7

Философиялық және педагогикалық еңбектері

Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.

Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.

1688ж. Англияда мемлекеттік төңкеріс болды. Яков II Стюарт патшаның елден қашуына байланысты оның орнын Вильгельм Оранский иеленді. Ол конституциялық монархияны орнатуға келісім береді. Енді жер мен қаржы ақсүйектерінің арасында келісімшілік орнады. Осы әлеуметтік компромисс идеолога - Джон Локк ("Мемлекеттік басқару туралы екі трактат") . Мемлекет пайда болғанша адамдар табиғи жағдайда болған. Яғни, жазған жеке адамдар ешкімге тәуелді болмай, әркім өз еркінше өмір сүрген. Бірақ бұл жағдайда адамдар арасында талас-керісті шешетін ұйымдар болмаған. Бұл жағдай сенімсіздік тудыруға ықпал етті. Жаратылыс заңдарын қамтамасыз ету үшін, еркіндік, теңдік, жеке адамдар меншігін және оны қорғау үшін адамдар саяси бірлесіп мемлекет құрайды.

Slide 8

Локк Джон мемлекеттегі биліктің үш түрін көрсеткен:

заң шығарушы

атқарушы

федеративтік.

Slide 9 Slide 10

Ең маңызды шығармалары:

A Letter Concerning Toleration (1689) .

Адамның санасы туралы тәжірибе (Essay Concerning Human Understanding) (1690) .

The Second Treatise of Civil Government (1690) .

Some Thoughts Concerning Education (1693) .

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
1671 жылы Локк ағылш
Джон Локк Басқару туралы екі трактаты
Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы
Эста Лаудер
17­-18 ғасырлардағы мәдениет пен ғылым
Т. Гоббс пен Д. Локтың философиялық көзқарастары
Константин Дмитриевич Ушинский 1824 жылы
Жаңа дәуір философиясы
Мемлекетті басқару қағидаттары
Педагогика пәні, салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz