Қайта Өрлеу философиясының орталық ұғымдары



Қайта Өрлеу дәуірі философиясы

Қайта Өрлеу философиясының дамуы 3 кезеңнен тұрады

Қайта Өрлеу дәуірінің философиясымен мәдениетінің ерекшеліктері
Өндірістік қатынастардың өркендеуі, кәсіпкерлік пен сауданың кең өріс алуы
Қалалардың күшейіп, шіркеуге тәуелсіз, мәдени-саяси орталықтардың қалыптасуы
Европа мәдениеттердің іріленуі, орталықтануы. Алғашқы парламенттердің пайда болуы.
Географиялық ұлы ашулылар
Ғылыми-техникалық жаңалықтардың қоғамда орын алуы, телескоптың пайда болуы, кітап басу және медицинамен астрономия ғылымының жаңалықтары

Қайта Өрлеу философиясының орталық ұғымдары
Антропоцентризм
Гуманизм
дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол Еуропалық жаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды.
(лат. humanus - адамдық, адамгершілік) - адамды бірінші орынға қоятын және тұлғаны ең жоғарықұндылық деп қарастыратын тұжырымдама, дүниетанымның принципі. Тар мағынада ортағасырдағы дінисхоластикаға қарсы Қайта Өрлеу дәуіріндегі зайырлы (светское) көзқарас.

Макиавелли Никколо (итал. Niccolò di Bernardo dei Machiavelli; 3 мамыр 1469 жыл, Флоренция - 21 маусым 1527 жыл, сонда) - италиялық философ, жазушы, саясаткер- флоренциялық дипломат, саяси теоретик, саяси биліктің жаңа тарихтағы алғашқы аналитигі.
Оның негізгі идеясы - мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт - билікке жету және реттеу. Сондықтан, Макиавелли бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет. Макиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептеуінде.
Макиавелли шығармалары әлеуметтік ойлардың кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті.
Макиавелли Никколо
1469 - 1527

Николай Коперник (нем. Nikolaus Kopernikus; итал. Nicolò Copernico; пол. Mikołaj Kopernik; 19 ақпан 1473 ж. Польша, Торунь - 24 мамыр 1543 ж. ) - дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы, математигі, экономисті. Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде астрономия, философия, заң, медицина, т. б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға белсене араласты. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперник зерттеулерінің үлкен өмірлік мәні бар.
Николай Коперник
1473 - 1543

Кеплер Иоганн (нем. Johannes Kepler 27. 12. 1571, Германия, Вюртемберг, Вейль-дер-Штадт қ. - 15. 11. 1630, Бавария, Регенсбург қ. ) - Немiс астрономы, математигі. ХVІІ ғ. адамзаттық ғылым-техника төңкерісінің дәуір бөлгіш тұлғаларының бірі. Әйгілі астроном Тихо Брагенің қол астында зерттеумен айналысқан шәкірті. Тихо Браге көптеген астрономиялық құбылыстарды көзеткенімен оларға синтез жасай алмады. Ал Кеплер болса оларды қорытып, анализдеп, әйгілі заңдарды туғызды. Кеплер заңдарын ашты. Кейінгілер оның "жаңа астрономия", "Әлемнің гармониясы", Коперниг астрономиясы туралы" кітаптары арқылы планеталар қозғалысының үш заңын тұрақтандырды. Ол өзінен кейінгі Ньютон секілді ғалымдардың тартылыс заңын ашуына тікелей ықпал етті. Иоганн Кеплер 1593 ж. Тюбиген университетiн бiтiредi. Кеплер балалық шағында куәгер болған 1577 жыл Ұлы Кометасы күллі Еуропа астрономдарының назарын аударды. 1594-1600 ж. ж. Грацтегi жоғарғы мектепте жұмыс iстейдi. 1600 ж. Прагаға астроном Тихо Брагеге көшiп кетедi, ал 1612 ж. Линцке қоныс аударады.
Кеплер Иоганн
1571-1630

Галилео Галилей (итал. Galileo di Vincenzo Bonaiuti de' Galilei; 15 ақпан 1564, Пиза - 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) - итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Ол Италияның Пиза қаласында 1564 жылдың он бесінші ақпанында кедейленген ақсүйек отбасында туған. 1581 жылы Пиза университетіне түсіп, медицинаны оқып үйренеді. Мұнда ол Аристотель, Евклид, Архимед еңбектерімен танысады. Сөйтіп, геометрия мен механикаға әуестенген Галилей медицинаны тастайды. Кейін Флоренцияға қайта оралып, төрт жыл бойы математиканы зерттейді. 1589 жылы Пизада математика кафедрасын қабылдап алып, ғылыми жұмысын онан әрі жалғастырады. Аристотельге қарсы "Қозғалыс туралы сұхбат" деген еңбек жазады.
Галилей ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Галилей 1642 жылдың сегізінші қаңтарында Флоренция маңындағы Арчетри қаласында дүние салды.
Галилео Галилей
1564-1642

Николай Кузанский (1401-1464 жж. ) жас кезінде Падуя университетінде (Италия) оқып, соңынан діни қызметпен айналысады. Ол өзінің ой-өрісінде ортағасырлық философия мен Қайта өрлеу заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. Ұлы ойшылдың діни еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың ішіндегі ең таңдаулысы «Ғылыми білімсіздік» деп аталады. Енді сол «ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән-мағынасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т. с. с. салыстырамыз. Сондықтан бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді шексіздікті зерттеген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әрқашанда шектелген) ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н. Кузанскийдің ойынша, ғылыми білімсіздікті тудырады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz