Леонардо да Винчи: өмірбаяны, шығармашылық хронологиясы және өнер мен ғылымға қосқан үлесі


Slide 1

Леонардо да Винчи

Slide 2

Жоспар:

Леонардо да Винчи өмірбаяны

Леонардо да Винчиндің шығармашылық хронологиясы

Әлем өркениетіне қосқан үлесі

Ғылымға қосқан үлесі

Пайдаланған әбедиттер

Slide 3

Леонардо 1452 жылы Винчи қаласындағы бай нотариустың отбасында дүниеге келген. 15 жасынан бастап, Верроккьо атты суретшіден тәлім ала бастаған ол оқушы кезінде-ақ, өз ұстазынан асып түсіп, ерекше дарынын байқатты. Жас кезінде тек сурет өнерімен ғана айналыспай, астрономия, физика, математика ғылымдарын да қызығып, оқыды. Бойында мұндай қызығушылықтардың тууына себеп болған астроном Тосканелли болатын.

Атақты суретші, архитектор, философ, инженер, математик, музыкант, мүсінші ғалым Леонардо да Винчи

Slide 4

1470 - Леонардо да Винчи Верроккио шеберханасына (Флоренция) көмекші боп кіреді. 1472 - Флоренсия Суретшілер гильдиясының (одағы) мүшесі. 1472-1477 - «Исаның шоқындырылуы», «Ізгі хабар», «Құмырамен бейнеленген Мадонна» туындыларымен жұмыс істейді. 1482 - Миландағы Лодовико Сфорца сарайына шақырылады. 1487 - Құстың ұшуын негізге алып, ұшатын машина - орнитоптерді жасайды. 1488 - «Ақкіс ұстаған келіншек» суреті. 1489 - Бассүйектердің анатомиялық кескіндері. 1490 - «Сазгер портреті» суреті. 1495-1498 - «Жасырын кешкілік» суреті. 1502 - Чезаре Борджаға архитектор әрі әскери инженер ретінде қазметке тұрады.

Леонардо да Винчи шығармашылығының хронологиясы

Slide 5

1503 - Флоренцияға оралады. 1503 - «Мона Лиза» суреті. 1505 - Құстың ұшу сызбанұсқасы. 1506 - Миланға оралып, Франция королі (сол кезде Италия солтүстігін басқарған) Луи XII-ге қызметке тұрады. 1507 - Адам көзінің құрылысын зерттеуі. 1509 - Қасиетті Анна соборында қолтаңба қоюы. 1512 - «Өз портреті» 1512 - Лев X папасының қорғауымен Римге көшеді. 1514-1516 - «Жохан Шоқындырушы» суреті. 1516 - Сарай суретшісі, инженер, сәулетші, және механик ретінде Францияға көшуі.

Slide 6

Оның алғаш картиналарының өзі италия халқында ерекше дарынның пайда болғандығынан хабар берді. Мысалы, «Сүйінші», «Мадонна Бенуа» атты еңбектері сол кездің өзінде бар халықты тамсандырды. Дегенмен картиналарының ерекше құрметке ие болуы оның басқа ғылымдармен айналысуына кедергі бола алмады. Адам және жан-жануарлар анатомиясы, механика, архитектураға да көңілін бөлген ол бұл салада да білімін жетілдіре береді. Атақты " Джоконда" картинасының авторы тірісінде өзінің жазушылық қасиетін де байқатты. Сол кезеңдерде сурет салу өнері белең алғанымен, оны теориялық тұрғыдан бекіткен ешкім болмады. Осы миссияны өз мойнына алған Леонардо сурет салу ғылымының да негізін салды.

Slide 7

15 ғасырдың 80 жылдары ғалым Миланға көшіп барады. Людовик Мороның сарайында тұрақтаған ол сол жерде гидромеханика мен әскер ілімін меңгереді. Сонымен қатар, сарайдағы от шашуларды ұйымдастырумен айналысады. Ал мына ізденістері тіпті қызық. Сол кездің өзінде ол ұшу аппараты, су асты қоңырауы, су асты кемесі секілді бастамаларды қолына алған.

Осылай әмбебап ғалым 1499 жылы Венецияда, кейін Флоренцияда, 1514 жылы Римде өмір сүреді. Қай жерде жүрсе де, суретші ғажайып картиналар салып, елді тамсандырумен болады. 1503 жылдың шамасында ол әлемге әйгілі "Мона Лизаны" салып шығады. Ал 1516 жылы бірінші Францисктың шақыртуымен, Францияға көшеді. Өмірінің соңғы 4 жылын осында өкізген ол, аяқталмаған еңбектерін аяқтаумен айналысады.

Slide 8

Оның ең жақсы туындылары ретінде "Бақсылар тағзымы", "Кеш құпиясы", "Қасиетті отбасы", "Мадонна Литти", "Мона Лиза" секілді еңбектері көп аталып жүр. Сонымен қатар ғалымның артынан 7 000 парақ жазбасы қалған.

Ол жазбалар жүйеленіп, кейіннен 3 трактат болып халыққа жария болды. Атап айтсақ, "Көркемөнер трактаты", "Атлантикалық кодекс", "Құстың самғауы туралы трактат".

Леонардо да Винчи “Өлім”

Slide 9

Ғалымның кейбір еңбектерін адамзаттың енді ғана сынақтан өткізуге батылдары баруда: мысалы, Леонардо да Винчидың жобасымен норвегиялық Ас қаласынды 2001 жылы 100-метрлік жаяушылар көпірі жасалды. Бұл оқиға - өз уақытын әлдеқайда басып озған шебер архитектуралық жобасының іске асуының 500 жыл ішінде алғашқысы

Леонардо да Винчи бұл көпірді түрік сұлтанына арнап жобалаған: көпір Ыстамбұлдағы Алтын Мүйіз шығанағы арқылы өтуі тиіс болғын. Егер бұл жобы сол кезде іске асса онда ол өз заманындағы ең ұзын көпір (ұзындығы 346 м) болар еді. Сұлтан Баязет II Леонардоның бұл жобасынан бас тартқандықтан көпір салынбай қалады. 2002 жылы Британияда ұлы Леонардо да Винчидың тағы бір ойы іске асады: Суррей графтігінде дәл соның сызбасы бойынша жасалған қазіргі дельтаплан бастапқы үлгісі сәтті ұшты.


Ұқсас жұмыстар
Леонардо да Винчи: өмірбаяны, шығармашылығы және ғылыми-философиялық ықпалы
Қайта өрлеу дәуірі кескіндемесі: Леонардо да Винчи, Тициан, Рафаэль және танымал туындылары
Жануарлардың жүріс-тұрыс эволюциясы: Чарльз Дарвиннің ғылымға қосқан үлесі
Сұлтанмахмұт Торайғыров: өмірбаяны, шығармашылығы және поэма жанрына қосқан үлесі
Ғабдолла Қалиевтің өмірбаяны және қазақ диалектологиясы мен тіл біліміне қосқан үлесі
Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна): өмірбаяны, медицинаға қосқан үлесі және еңбектері
Генри Фордтың өмірбаяны және автокөлік өнеркәсібіне қосқан үлесі
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен қазақ музыкасына қосқан үлесі
Астрономия: ұғымы, Орта Азия ғалымдарының ғылымға қосқан үлесі, ерте дәуірдегі халық астрономиясы және ғарыштық экспедициялар
Фалестің астрономия мен философияға қосқан үлесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz