Реформация қорытындысы



Тақырыбы: “М. Лютер”

Жоспар:
Кіріспе бөлім:
Негізгі бөлім:
1. М. Лютер туралы жалпы мағлұматтар.
2. Реформация.
3. Реформация қорытындысы.
Қорытынды бөлім:
Пайдаланылған әдебиеттер:

Мартин Лютер (1483-1546) - неміс ойшылы және қоғам қайраткері, Германиядағы
бюргерлік реформалаудың
басшысы, немістің
протестантизмнің
(лютерандық) негізін салушы, жалпы немістік әдеби тілді құрастырушылардың бірі.
1483-1546ж. ж.

Лютерге 14 ғасырдағы мистиктердің идеялары жақын; «адамның ішкі жан дүниесінің» құдаймен бірлігі туралы ілімді Лютер «сеніммен ақтау» іліміне аударған: бірлік - сенімі, рухты сақтаудың шарты; игі істер - сақтануға жеткілікті жол емес, тек сенімді көрсетудің жемісі ғана

Лютер іліміне сүйенсек, адамның құдаймен тілдесуі - адамның жеке басының сенімі негізінде ғана жүзеге асырылады, ал сенім мәселелерінде адаспас үшін, әрдайым Библияға жүгіну қажет.

Реформация:
Реформация ( лат. reformatio - қайта құру түзеті) - римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қарсы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16 ғасырдағы діни - қоғамдық қозғалыс.
Реформацияның көсемдері және негізін салушылар - М. Лютер мен Ж. Кальвин.
М. Лютер
1483-1546ж. ж.
Ж. Кальвин
1509-1564ж. ж.

Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы - протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-католиктік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық - діни надандықтың синонимі, ол Құдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.
Реформацияның басталуы - «Қайта жаңғыру» мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени тәңкеріс - «Қайта жаңғыру» дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозғалыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылық та бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы - гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады. Шындығында да, гуманистер адамның ұлылығына, оның жан-дүниесінің сұлулығына, оның бойындағы ізгілік қасиеттерге табына отырып, адамның бостандық алуға, бақытты болуға еркі бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әділдік, адамгершілік, теңдік жағдайында болу керек деп есептеді, адамның игілігі - әлеуметтік құрылыстың негізі болып саналатындығын мойындады, адамды дін бұғауынан босатуға күш салды. Олар адамның атағы мен шыққан тегіне қарамай тәуелсіз болуын қалады, оның жан-жақты жетілуін жақтады. Гуманистер адам - құдайдың ең жетілген, ең әсем, ең әдемі туындысы деп санады. Олар Библияның адам жөніндегі қағидаларын - оның жасампаздық, шығармашылық қызметтерімен байланыстыра қарастырып, дүниені танып-білу, оны өзгерту, дүниені еңбекпен жаңғырту, өнерді, ғылымды, қолөнерді өркендету - адамзат баласының қасиеті де, ардақты борышы деп түсінді. Ал осы бір адам ұлылығын, оның бойындағы адамгершілік қасиеттерді дәріптеушілікке Реформация - адамның құдай алдындағы дәрменсіздігі туралы идеяны қарама-қарсы қойды. Адамзаттың ақыл-ойы мен таным күшінің құдіреттілігін дәріптеу - протестанттық ағымның тосқауылына жолықты.
Реформация:

«Ақыл-ой» иелерін жек көру, ғылымға деген өшпенділік етек алды. Өз қабілеттерін қажырлы да, табанды еңбегімен дамытып, алға қойған мақсатынан қайтпайтын, өздеріне сенімді Реформация қайраткерлерінің өздері де халықтың арасынан шыққан адамдар болатын. Осы жағынан алып қарағанда, олар - білімді ақсүйектер қатарына жататын, философия, поэзия және т. б. ғылым салаларын жетік меңгерген Қайта жаңғыру заманының гуманистерінен аралары едәуір алшақ болатын. Осы орайда мынандай орынды сұрақтар туындайды. Адамның ұлылығын дәріптеген, болашақ ұрпаққа өнердің тамаша ескерткіштерін, өнердің сан-саласынан баға жетпес асыл мұралар қалдырған Қайта жаңғыру дәуірінің гуманистік мәдениеті мен реформаланған христиандық гуманизмнің аясында қалыптасқан, дүние- танымы өзгеше, жаңа дін мен адамның арасында қандай үқсастық бар? Осыдан келіп екінші сұрақ туындайды. Ақсүйектік - элиталық мәдениет пен дүниеге діни көзқарастың жаңа тәсілінің арасында қандай байланыс бар? Бұл сұрақтарға жауапты күні өтіп бара жатқан феодалдық қоғам мәдениетіне қарама-қарсы енді ғана қалыптасып келе жатқан буржуазиялық қоғамның қойнауында туындаған Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің жаңа бағыттарының: ақсүйектік (гуманистік) және діни (реформация) табиғатынан іздеуіміз керек.
Реформация:

«Бірінші буржуазиялық революция» деген атаққа ие болған бұл діни қозғалыстың дем берушісі - Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс - католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің «протестанизм»деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты.
Дін тарихында «протестанизм» деген атау 1529 жылы Шпейер рейхстагында алғаш рет қолданылды. Мұнда Лютердің жақтастары осы рейхстагтың 1526 жылғы «Дін тұту еркіндігі туралы» өз шешімдерін бұзу әрекетіне «қарсылық» білдірген болатын.

Лютердің жаңа бағытқа байланысты идеялары көпшілік тарапынан қызу қолдау тапты. Реформациялық қозғалыстың етек алуы, реформаторлардың батыл іс-әрекеттері және осы бір жеңістердің нәтижесінде Римнің ықпалынан Германия мен Швецияның көптеген жерлерінің шыға бастауы, одан қалды протестанизм идеяларының Францияға кеңінен тарап, ал Англияда өкімет тарапынан қолдау табуы - католик шіркеуін қатты мазасыздандырды. Ендігі жерде Рим өзінің шайқалған беделін нығайтып, католиктік шіркеуді қорғап қалуға жанталаса кірісті. Шиеленіскен осы бір жағдайда папа үкіметі реформаларды «Жоғарыдан»жасауға дайын тұрды.
Бұл реформалардың негізгі мақсаты - жаңа протестанттық шіркеуге кіріп, «адасқаңдардың» бәрін қайтарып алу болатын. Католиктік шіркеудің бұл саясаты протестанизммен ашықтан-ашық қақтығыстарға, діни соғыстарға әкеліп соқты.

Қорытынды:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz