Хайдеггер философиясының жалпы сипаты
Презентация қосу
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ : М.ХАЙДЕГГЕР ФИЛОСОФИЯСЫ
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Мартин Хайдеггер
Философиясы
Еңбектері
III. Қорытынды
VI. Пайдаланған əдебиет
Кіріспе
Хайдеггер Мартин (1889-1976) – нем. экзистенциализмінің негізін қалаушылардың бірі,
Х. Идеялис. философиясының негізгі өлшемі «өткіншілік» болып табылады, оны ол
адамның ішкі жан дүниесінің толғанысы ретінде түсінген жөн. Х. «көңіл күйді», яғни
стихиялы, дамыған сана-сезім формаларын бастапқы нәрсе деп есептеді. Қамқорлық,
алаңдаушылық, үрей және т.б. Х. Бойынша жеке адамның априорилық (долбарлы)
формалары болып саналады. Бұл формалар адамның субъективті болмысын қүрайды,
оны Х . дүниедегі болмыс деп атады. Долбарлы формалар туралы ілімді Х. Болмыс туралы
ілім ретінде жасады («негізгі онтология»). «Болмыстың мағынасын» түсіну үшін адам
барлық нақтылы нысаналы қағидалардан бас тартуға, өзінің «пендешілігін», «өткінші
өмірін» мойындауы тиіс. Х-ше, адам өзінің үнемі «ажал алдында тұрғанын» сезініп қана
өмірдің әрбір сәтінің маңызы мен толымдылығын көре біледі, «қоғамдық болмыстың
кесапаты» - мақсаттардан, «мұраттардан», «ғыл. абстракциялардан» арыла алады. Тілді
«болмыс үйі», мәдениеттің нағыз жиынтығы ретінде қарастыра отырып, Х. «болмыс
ақиқаттарын» анықтау мақсатымен (ең алдымен романтик-ақырдар мен символистердің
шығармаларын да) «спекулятивті филология» идеясын жасады. Х. Философиясы
Кьеркегорде, Гуссерльдің өмір философиясы мен феноменологиясында байқалған
иррационалдық тенденцияларды бір арнаға тоғыстырды.
Мартин Хайдеггер (нем. Martin
Heidegger, 1889 жылы 26 қыркүйек - 1976
жылы 26 мамыр) — неміс ойшылы, қазіргі
заман батыс философиясында ең
ықпалды философтардың бірі, экзистенц
иализм Феноменология,деконструкция, г
ерменевтика, постмодернизм, саясаттану
теориясы,психология и теология салалар
ына айтарлықтай үлес қосқан ғұлама.
Олұлы құрлық философиясы (Continental
philosophy) дәстүріне мұрагерлік етіп, өз
ғұмырында таңдаулы, әрі таласқа толы
еңбектер жазды. Әсіресе оның «Болмыс
және уақыт» (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы
танымал бірегей туындылардың бірі
есептеледі.
философиясы
Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды
философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары өмірдің
түрлі салаларына терең әсер етті. Оның онтологиялық
талдаулары оны экзистенциялизмнің аса маңызды
жаратушыларының біріне айналдырды. Оның Осыболмыс
(Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы шығармаларында
айтылатын адам еркіндігінің субъективті өздігімен тең
қарауға болмайды. Оның ой-толғаныстары көптеген
философтарға ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның
көптеген идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның
кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда кең
талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде Солтүстік
Америка құрлығында оның ілесушілері көп болды.
Ол заманауи мода болған ұғымдардан – шындық,
құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты. Ол өз
идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға қарсы болды.
Осы секілді жағдайлар ол туралы көптеген қате
түсініктер туғызды. Әсіресе оның саяси ұстанымы мен
Хайдеггер философиясының
жалпы сипаты
«Болмыс және уақыт» кітабында
пайымдалған идея жүйесі. (Немісше)
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі болмысты
түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар болмысқа жақындау
болса, кейінгі замандарда одан ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды
философиялық жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың
бір-ақ қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз болу
етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала үңілген Хайдеггер
«Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан бастайды. Сөйтіп ол
шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес, бар болу деген түйінге келеді.
Алайда бар болудың да түрлі түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық
түрі, данышпандық үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз
дейді, әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар
тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және мәнісі,
болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда, бытие и сущее.
Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер. Тек хайуанның болмысы
ғана жәй барболушылықпен шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа
көтерілуші тұлға. Өйткені оның өмірі өлімге аяқ басқан өмір, немесе
оның өмірі өлімге дайындық. Ал бұл адамды қамсыздықты қойып,
қамдануға жетелейді. Орысша бұл термин забота деп айдарылады.
Сөйтіп Хайдеггер философияны аспаннан жерге түсіріп, ол тек адамның
өмір сүруіне, сол сүрген өмірін өзінің жеке санасымен сезінуіне
байланысты дейді. Демек,Гегельдің пайымындағыдай ешқандай
Абсолютті Рух жоқ, тек қана болмыстың мәнін түрлі түсінуші жеке
адамның жеке санасы бар. Міне, осы жеке адамды Хайдеггер мындағы
болмыс дейді. Осылай айтқанда ол бір жағынан болмысты
жекелесе, екінші жағынан, жеке адамды жалпы болмысқа,
Болмыс
"Болмыс (немісше Sein, ағылшынша Being)- болушының (Beings) болуы." Болмыс сөзі
"бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін ең
жалпылық философиялық категория есептеледі.
«Болмыс және уақыт» кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің
жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау
– міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша,
дәстүрлі онтология бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға
назар аудармауға тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да
болады" дегендей шетке сыру мәмілесін ұстанған.
Хайдеггер болмысты (Being) тануды нақты болушыны (нәрсе, Beings) танудан айқын
ажыратады. Болмыс мәлім болушы секілді нәрсе емес."Болмыс болушыны болушы
етіп белгілейді, әрі осы себепті болушы танылады, түсініледі. Болмысты тану
арқылы Хайдеггер нақты заттың болу өлшемі мен алғышартын нақты белгілеуге
тырысады.
Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі (Sinn des Seins)
де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп
анықтайды. Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты
сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде
бар болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін,
ғылымнан бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды
онтологияны "түсінуді түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория,
нақты онтологияның қолданылым толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де
алғашқы деп есептеді.
Осы болмыс
“Осыболмыс” (немісше "dasein", ағылшынша "being—here")
Хайдеггер бойынша адамды және адамның өмір сүру, бар
болу үлгісін көрсететін арнайы философиялық категория
есептеледі. Неміс тілінде "Dasein" делінетін, Хайдеггер өзі
құрастырып жасаған бұл ұғымның тіке мағынасы "осында
бар болушы", "мұнда өмір сүруші" есептеледі. Хайдеггер бұл
сөзді тіке адамға қаратып қолданған. Оның адам болмысын
осы ұғым арқылы айқындауы адам болмысының дүниедегі
басқа болмыстардан айқын өзгешелігі себебінен болды.
"Осыболмыс – болмыстың өзі үшін болатын болмыс".
Хайдеггер тағы былай дейді: "Осыболмыстың мәні оның
ғұмырында. Субстанция бойында көрнекіленген түрлі
қасиеттер субстанцияның қалыптасуын іске асырған
қасиеттер емес. Бұл субстанция қарамаққа әу бастан
орындалып қойылғандай көрінгенімен, бұл қасиеттер түрлі
жағдайда болмыстың түрлі мүмкіндіктерін іске асыра береді.
Сондықтан, біз Осыболмысты оның не нәрсе екенін айқындау
үшін емес, қайта оның бар екендікті білдіруі үшін
Түпнұсқа (authentic) және
Таусылу (Verfallen)
Хайдеггер бойынша, әркімде өзіне ғана тән, іске асырылуды күткен астыртын
әлеует бар және әркім өз ажалымен жекеде бетпе-бет келеді. Әркім Хайдеггер
бойынша Осыболмыс (dasein, ағылшынша be there) ретінде осынау жалғыздық
халде кескін мәміле ұстанып, өзінің бірден-бірлігін, жеке даралығын батыл
қабылдаса, онда бұл адам Түпнұсқа (authentic) тіршілік күйіне өтеді және
тіршілік күйінің "өзі болу" кезіндегі мәнін түйсінеді. Түпнұсқалық
(authenticity ) әр адамның жеке өмірінің болашағы мен өткеніне бірдей ұласып
жатыр және ол Менді жалғасымды етіп отыр. Ол осы байланыстар желісінде
ажалды жылы қабылдауды да талап етеді.
Хайдеггердің айтуынша, адам өз ажалына бетпе-бет ұшырасқанда өзіне ғана
тән нағыз Мені ашыққа ақтарылып шығады. Өз Меніне ғана тән күйде "Мен"
басым орында тұрады, бірақ бұл таза "Мен" күйі дәстүрлі философиядағы "
субъект" ұғымымен бірдей емес. Егер әлдекімді Үрей езіп жіберсе, онда ол
ешкім емес біреу ретінде жұртқа жұтылады және "Оларға", "Тобырға"
(They , das Man) сүйеніп өзін қорғауға тырысады. Сөйтіп ол "Түпнұсқасыз"
(inauthentic) тіршілік күйіне енеді. Түпнұсқасыздықта (inauthenticity ) "Олар",
"Тобыр" алға шығады да, адам өзінің болмыстық бар болу мәнділігін тонатады.
Бұл күй, немесе жағдай Хайдеггер бойынша Осыболмыстың азғындап
"таусылуы" (fallingness , Verfallen) болып, ондай жағдайда Осыболмыс өзінен
адасып, өзін күнделік өмірдің күйкі тірлігіне тұншықтырады, өзін жалған
дүниемен бірге азғындатады.
Ынта (care)
Хайдеггер бойынша, ынта (Care) дегеніміз сондай бір күй – Осыболмыстың
(Dasein) өз болмысына мейірі түсуі. Өйткені, Осыболмыстың негізі оның
ғұмыры (existence), яғни оның мүмкіндікті шындыққа айналдыруы есептеледі.
Әрбір кезектегі шындықтан болашақтық күйге өтуде сондай бір сұрақ
көлденеңдейді: "Енді не істеуім керек?" Міне бұл ынта (Care) есептеледі. Ынта
негізі Осыболмыстың өз болмысын таңдау (Choice) қабілетіне сай болады.
Ынта — Осыболмыс (Dasein) пен дүние арасындағы негіздік байланыс ретінде,
Осыболмысты дүниеде мәнді етеді. Ол Осыболмыс тәжірибесінің негіздік күйі
есептеледі.
Барлық Таңдау (Choice) дүниеде жасалатындықтан, ынта "осы дүниеде бар
болатын" Осыболмыс болуының негізгі қасиеті есептеледі.
Ынта — Ғұмыр (өзінен ілгері өмір сүретін), Нақтылық (... ішінде өмір сүретін),
Таусылу (... күйде өмір сүретін), Сөйлесу қатарлылардан құралады, және
осылар жиналып келіп Осыболмысты (Dasein) бүтіндікте паш етеді.
Ол уақыттылықпен – адамзат тұрмысының уақыт құрылымымен тығыз
байланысқа ие. «Болмыс және уақыт» кітабындағы "Осыболмыс және
уақыттылық" бөлімінде уақыттылықты (Temporality) ынтаның барлық
факторларының негізі деп түсіндіреді.
Ажал
Ажал Хайдеггер бойынша нақты жарық өмірдің терістелуі.
Адам баласы ажалға беттегенде барып дүниеге алаңдауы
мен абыржуын тоқтатып, құлдырау барысында өзін
оқшаулап, шынайы болмысын табады. Ажал жеке
адамның жұмысы, ешкімдікін ешкім өтей алмайды. Ажал
әрқашан болуы мүмкін, ол қай кезде болса да ақылға
қонымды есептеледі. Өйткені ешкімнің қанша өмір
сүретіні туралы күні бұрын келісім жоқ. Сондықтан адам
ажалға таярлық күйінде болуға тиіс.
Демек, Хайдеггердің ойынша, адам ажалға тура қарап,
үрей ішінде өз өмір сүруінің маңызын сезінуге тиіс. Өз
өмірінің болашағын жоспарлағанда, ажалды да ескеруі
керек. Адам тек өмірді ғана қабылдап, ажалдан бас
тартуға қақысы жоқ.
Өзгешелік (distantaility)
Мәлім бір адамның іс-әрекетіне назар аударған
кезде, біз оны тек күзетіп қана қоймай, өзіміз
бен оның айырмашылығына да мән береміз
және сол айырмашылықты жоюға (squashed)
тырысамыз.
Адам әрқашан басқалардан өзгеше екенін
түйсінген күйде өмір сүреді және бұл көбінесе
санасыз айқындылық болып сезіледі. Адамның
өз болмысындағы осынау бөтендікті сезіну мен
оған мән беруін Хайдеггер өзгешелік деп
атаған. Адам өзгешелікке қарата санасыз
болған сайын өзгешеліктің адам өміріндегі
тізгіндеу рөлі арта береді екен.
Біркелкілену
Басқалармен бірге жүрсек те өзіміздің олардан айырмашылығымызға мән береміз, бұл біздің тағы бір
қасиетіміз – біркелкілену себебінен туады. Яғни, күнделік өмірде біз "адамдармен біркелкі" болуға тырысып,
орташалықты күйттейміз.
Біздің өз-өзімізді табысты сезінуіміз Оларға (They) байланысты. Солар табыстысың десе табысты боламыз.
Олар жеңді десе шын жеңгендей боламыз, жеңілді десе жеңіліс табамыз.
Біз дербес, өзгеше идеяда болуды емес, орташа пікірде болуды қалаймыз. Жаңа идеялар туса оны жаншып,
қателігін бетіне басып тастауға тырысамыз. Біз ылғида Оларға қарап бой түзеп, Оларға сәйкесіп, өзіміздің
оқшау өзгешелігімізді үгітіп, біркелкілесуге тырысамыз.
Осындай біркелкілесуді күйттеген өмір сүру тәсілін Хайдеггер майдалану (leveling down) деп атаған.
Хайдеггердің ойынша, біз Олардың жетегінде бар болғанымызда өз өзгешелігіміз есімізге түсіп, соны
біркелкілестіру мен майдалауға кірісеміз, міне бұл ересектерде жаппай кездесетін әлеуметтену. Бұл
бойынша, адам ендігі жерде өзі болмайды, әлеуметке (public) айналады.
Әлеуметтілік біздің адам және ол жасап отырған дүниеге деген көзқарасымызды тізгіндейді, біздің пікіріміз
бен таңдау жасауымызды белгілейді. Бұл біздің дүние-өмірге қарата терең түсінікте болғанымыздың емес,
қайта ой-пікіріміздің таязданып, тоғышарланып кеткеніміздің дерегі.
Хайдеггердің күнделік тұрмысты зерттеуі Осыболмысқа (Dasein) талдау жасау болғанымен, бірақ ол
күнделік өмірдің болмыстық үлгісін танытумен шектелмейді.
Біз күнделік өмір түріндегі өмір сүру үлгісінде өз болмысымыз бен ғаламдық шындықты айқын, ашық тани
алмаймыз. Былайша айтқанда, бұл түрдегі болмыс үлгісі болмысты, ғұмырды қате түсіндіреді.
Әрине, сондай сұрақ тууы мүмкін: Не үшін Олардың (әлеуметтескен тобырдың) идеясы сандыраққа толы,
нәрсе туралы пікірі жалаң болып келеді? Мұнда қандай сыр бар?
Өйткені, біз Олар жағынан тізгінделген кезде олардың пікіріне өз болмысымызды айырбастаймыз да, өз
болмысымызға өзіміз жауап бермейміз, ақиқат, әділет секілді ұғымдар да күңгірт тартады. Олар біздің
түпнұсқа болмысымызды жойып, өмір мен дүниеге әділ көзбен анық тігілуге мұрса бермейді, өзімізді
өзімізге ұмыттырады, тіпті өзіміздің бар, не жоқ екенімізге де мән бермейтін сондай бір шекке жетіп
барамыз. Демек, Олар Олар жағынан тізгінделген біз секілді осындай іші жоқ қаңқа мүшелерден құралады.
Орташа күнделік күй (average
everydayness)
Хайдеггердің айтуынша, біз осыболмыспен тұтасуда және оны
түсіндіруде өз болмысын өздігінен әйгілейтін ерекше болушыны
(Beings) таңдауға (choose) тиіспіз. Яғни, бұл үлгіде осыболмыс
өзін әдетте қалай болушы етіп әйгілейтіні көрінуі керек,
осыболмыс орташа күнделік күйде (everydayness) болушыны
(Being) көрсетуге тиіс.
Біздің күнделік күйіміз (everydayness) бейнелеген нәрсе
кездейсоқ қалыптасқан құрылым емес, мәндік құрылым
есептеледі. Осыболмыс қандай болмыс үлгісінде болса да, бұл
құрылым осыболмыстың болмыстық құрылымын құрауға тиіс.
Хайдеггердің көрсетуінше, осыболмыстың күнделік күйінің
(everydayness) қайталанбалы ұқсастықтары болушының (Being)
құбылыстық мәнін бейнелейді. Барша осылай болған ғұмыр
қозғалыстары осы түрдегі болмыс үлгісінен басталып, соған
қайтады. Біз осыболмыстың бұл түрдегі күнделік қайталанбалы
ұқсастықтарын орташа күй (Averageness) деп атауымызға
болады.
Төрткіл дүние (Тhe environed
world)
Хайдеггердің пікірінше, осыболмысқа күнделікті ең жақын нәрсе – оның
айналасындағы Төрткіл дүние. Біз әдетте төрткіл дүние ішінде болу
арқылы болушыны онтологиялық түсіндіреміз, төрткіл дүниенің дүниелік
сипатын біртіндеп қарастырамыз. Төрткіл дүниенің төңіректік сипаты
оның кеңістіктік мағынасына қаратылған.
Бірақ, төрткіл дүниені құраған төңіректің өзінде кеңістіктік мән жоқ.
Кеңістік төрткіл дүниеге тән және ол төрткіл дүниенің дүние болу
құрылымы арқылы ғана айқындалады.
Хайдеггердің ойынша, "төрткіл дүние" алдын ала бекітілген кеңістікте
тұрған жоқ, тек төрткіл дүниенің өзіндік дүниелік қасиеті орын және осы
сәттегі бүтіндікпен себептік байланысқа ие болып отыр. Ал, бұл орын
айқындаушы үшін әрқашан тұрақты болады.
Хайдеггердің ойынша, кезектегі дүние – дүние кеңістігінің "кеңістіктік
қасиеті" арқылы түсіндіріліп келді. Осыболмыстың өзі дүние тұрғысынан
тек "кеңістіктік қасиетке ие нәрсе" құсап көрінеді. Сондықтан, болушы
қабатынан айтқанда, қолға алған нәрсеміз төрткіл дүниенің кеңістіктік
салыстырмасы арқылы айқындалады. Бірақ осыболмыстың өз болмысы
бұлай кеңістік арқылы түсіндірілмейді.
Болмыс-ішілік (In-Sein)
Хайдеггердің айтуынша, біз "болмыс-ішілік" (немісше: In-Sein, ағылшынша:
Being-in) ұғымын қолдану арқылы дүниеделігімізді айтуды толықтаймыз.
Төрткіл дүниеделік – болушы-ішілік арқылы ".... ішінделікті" (бірдеңенің ішінде)
түйсіндіреді. Бұл сөйлеу әдеті болушының (Beings) болмыс (Being) тәсілін
көрсетеді, яғни мәлім бір болушы келесі бір болушының ішінде екенін, мысалы
су кесе "ішінде" екенін, киім шкаф "ішінде" екенін білдіреді.
Демек, болушылар (Beings) біреуі келесінің ішінде "болу" арқылы өмір сүреді.
Олар дүние ішінде тізілген нәрселер ретінде іске асқан, орындалған, болып
жатқан болмыс үлгілері есептеледі. Ал, бірақ болмыс-ішілік – осыболмыстың
айырықша боллмыстық құрылымын көрсететін онтологиялық ғұмырлық
сипатқа ие. Бұл деген сөз, мәлім зат (мысалы адам денесі) орындалған
болушылар "ішіндегі" орындалған болмыс дегендік емес.
Болмыс-ішілік орындалған, іске асқан нәрселердің кеңістіктегі "бірінің ішінде
бірі болуы" емес. Түпнұсқа мағынасынан айтқанда, болмыс-ішілік кеңістіктік
байланысты білдіріп тұрған жоқ.
Біз болмыс-ішіліктегі болушыны өзіміз қай-қашанда солай болатын болушылық
деуімізге болады.
Хайдеггер былай дейді: мен дүниедемін, бірақ дүние маған осыншалық таныс
болуының артында мүлде байтаныс жасырын тылсымат жатыр. "Болмыс-
ішілік" осыболмыс болуының онтологиялық қабатын айғақтайтын термин. Ал,
осыболмыс дүние-ішілікпен мәнді құрылымға ие болады.
Жылы
Еңбектері
Немісшесі Қазақша
Sein und Zeit, Gesamtausgabe Volume
1927 Болмыс және уақыт
Kant und das Problem der Metaphysik,
1929 Кант және метафизика мәселелері
Gesamtausgabe Volume 3
Einführung in die Metaphysik (1935,
1935 published 1953),Gesamtausgabe Метафизикаға кіріспе
Volume 40
Beiträge zur Philosophie Ereignis (Vom
1936–8 Ereignis)(1936–1938, published 1989), Философияға үлес (Іс арқылы)
Gesamtausgabe Volume 65
Hölderlins Hymne »Der Ister« (1942,
1942 published 1984),Gesamtausgabe Гёльдерлин гимні: "Истар"
Volume 53
"Die Frage nach der Technik", in
1949 Технология туралы сұрақ
Gesamtausgabe Volume 7
Holzwege, Gesamtausgabe Volume 5.
Оңаша соқпақ, "Өнердің тууы"
1950 This collection includes"Der Ursprung
қамтылған топтама.
des Kunstwerkes" (1935–1936)
Der Satz vom Grund, Gesamtausgabe
1955–56 Себеп қағидаты
Volume 10
Identität und Differenz,
1955–57 Біркелкілену және өзгешелену
Gesamtausgabe Volume 11
Gelassenheit, in Gesamtausgabe
1959 Ойталқы (неме
Volume 16
Қорытынды
1950 жылдардан кейінгі шығармашылығында ол
тіл мәселесіна барынша назар аударады. Ол тілдің
жетіліп-кемелдеуіндегі тарихи алуан қайнарларын
анықтап, метафизикалық жалаңдықтан сақтану
ыңғайын қарастырды. Оның әйгілі нақылы — "Тіл -
болмыстың үйі" сөзі әлемде кең тараған
философиялық тіркестердің бірі есептеледі.
Хайдеггер адамды дүниенің орталық тұлғасы деп
есептемейді, ол төрткіл дүниемен байланыстар
тізбегінде тұрған буын деп есептейді. Адам осынау
төрткіл дүниедегі уақыттық байыздаушы қонақ
ретінде жер шарын тізгіндеуге берілмей, оны
аялауға мән беруі керек.
Пайдаланған əдебиеттер:
1. Lackey, Douglas. 1999. "What Are the Modern Classics?
The Baruch Poll of Great Philosophy in the Twentieth
Century". Philosophical Forum. 30 (4): 329-46
2. Martin Heidegger, Being and Time, pp. 25–26.
3. Hermann Philipse, Heidegger's Philosophy of Being p.
173, Notes to Chapter One, Martin
Heidegger, Supplements, trans. John Van Buren p. 183.
4. Poetry, Language, Thought, p. 60.
5. Heidegger, Martin. Poetry, Language, Thought. (New
York: Harper Modern Perennial Classics, 2001.), p. 8.
6. Source: Hannah Arendt / Martin Heidegger by Elzbieta
Ettinger, Yale University Press, New Haven, 1995, page
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz