Мартин Хайдаггер өмірі
Презентация қосу
Тақырыбы:Мартин Хайдаггер.
Жоспары
Жоспары
Кіріспе
Мартин Хайдаггер өмірі
Негізгі бөлім
Болмыс философиясы.
Негізгі еңбектері.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Мартин Хайдеггер
Мартин Хайдеггер (нем. Martin
Heidegger, 1889 жылы 26 қыркүйек -
1976 жылы 26 мамыр) — неміс
ойшылы, қазіргі заман батыс
философиясында ең
ықпалды философтардың
бірі, экзистенциализм, Феноменология,
деконструкция, герменевтика, постмодерн
изм, саясаттану теориясы, психология
және теология салаларына айтарлықтай
үлес қосқан ғұлама. Ол ұлы құрлық
философиясы(Continental philosophy)
дәстүріне мұрагерлік етіп, өз ғұмырында
таңдаулы, әрі таласқа толы еңбектер
жазды. Әсіресе оның «Болмыс және
уақыт» (1927) еңбегі ХХ ғасырдағы
танымал бірегей туындылардың бірі
есептеледі.
Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс
философтары Платоннан бастап болмыстың мәнін қате түсінумен болды. Олар
болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа қатысты
мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың
түйіні болушы (Beings) ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның
қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді жолы –
танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық өресіне
көтерген артқы тиянақты тану болатын.[Бірақ, философтар бұл болмыстық
алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын тануда шатасумен
болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін жаңа әдіснама керек,
яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап, болмысқа қайта назар
аударуға тиіс.
ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап, Хайдеггер батыстың философия
тарихына жүйелі түрде қайта түсіндіру жасады. Ол феноменологиялық,
герменевтикалық, экзистенциялизмдік тұрғылардан әйгілі философиялық
кітаптарды ой таразыға салып, бұл кітаптардағы айқындалмаған алғышарттар
мен шатасқан тұстарды көрсетіп берді. Хайдеггердің айтуынша, бүгінге дейінгі
философия кестесі дүниені жалаң жағынан жалқы түсінуге негізделген,
тоғыспалы толықтық пен жан-жақты қамту кем, яғни, философиялық
жалаңдық метафизиканың негізгі белгісі болды.
Мартин Хайдеггер бойынша айтқанда, батыс
философтары Платоннан бастап болмыстың мәнін қате түсінумен болды.
Олар болмыстың өзін тіке, арнайы зерттеуден адасып, кейбір болмысқа
қатысты мәселелерді төңіректеуден шыға алмады. Болмысты танудың
түйіні болушы (Beings) ретіндегі жеке затты – субстанцияны және оның
қасиетін танумен ғана шектелді. Ал, бірақ болмысты танудың сенімді
жолы – танылған болушының негізін тану, яғни болушыны нақты шындық
өресіне көтерген артқы тиянақты тану болатын. [Бірақ, философтар бұл
болмыстық алғышартты ескермей, болмысты, әсіресе адам болмысын
тануда шатасумен болды. Хайдеггердің ойынша, бұл қателікті түзету үшін
жаңа әдіснама керек, яғни, философия өзінің әр қадамын қайта айқындап,
болмысқа қайта назар аударуға тиіс.
Мартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса маңызды
философтардың бірі есептеледі. Оның идеялары
өмірдің түрлі салаларына терең әсер етті. Оның
онтологиялық талдаулары оны
экзистенциялизмнің аса маңызды
жаратушыларының біріне айналдырды. Оның
Осыболмыс (Dasein) ұғымын Сартрдың алғашқы
шығармаларында айтылатын адам еркіндігінің
субъективті өздігімен тең қарауға болмайды.
Оның ой-толғаныстары көптеген философтарға
ықпал етті. Мысалы Сартрдың өзі оның көптеген
идеяларын тіке қабылдаған болатын. Оның
кітаптары Германияда, Францияда, Жапонияда
кең талқыланды. Тіпті 70 жылдардың өзінде
Солтүстік Америка құрлығында оның
ілесушілері көп болды.
Ол заманауи мода болған ұғымдардан – шындық,
құндылық секілді ұғымдардан ашық бас тартты.
Ол өз идеялар жүйесін этикалық тұрғыдан тануға
қарсы болды. Осы секілді жағдайлар ол туралы
көптеген қате түсініктер туғызды. Әсіресе оның
саяси ұстанымы мен жеке әрекеттері қоғамның,
оқымыстылардың сын садағына көп ілікті.
Хайдеггердің ойынша, философияның ең басты мәселесі
болмысты түсіну. Егер грек антикасы заманында философтар
болмысқа жақындау болса, кейінгі замандарда одан
ауытқып, мүлде басқа жаққа, жасанды философиялық
жүйелер жасау жағына кетіп қалған. Ал философтың бір-ақ
қана міндеті бар, ол болмысқа құлақ түру. Болмыс деген сөз
болу етістігінен шыққан. Грек философиясына зер сала
үңілген Хайдеггер «Дүние неге жоқ емес, бар?» деген сауалдан
бастайды. Сөйтіп ол шынайы дүниенің қасиеті жоқ болу емес,
бар болу деген түйінге келеді. Алайда бар болудың да түрлі
түрлері бар ғой, мақұлық түрі, адамдық түрі, данышпандық
үлгілері. Осыған қарап неміс философы бар болу аз дейді,
әрбір бар нәрсенің өзінің болмысы болуға тиіс, ол адамның бар
тірлігіне мән беретін нәрсе, сөйтіп ол тірлікті бар болу және
мәнісі, болмысы бар бар болуға бөледі. Орысша айтқанда,
бытие и сущее. Бұлар бір біріне қосылмайды дейді Хайдеггер.
Тек хайуанның болмысы ғана жәй барболушылықпен
шектеледі, ал адам мән іздеуші, болмысқа көтерілуші тұлға.
"Болмыс (немісше Sein, ағылшынша Being)- болушының (Beings) болуы." Болмыс
сөзі "бар болу", "өмір сүру", "ғұмыр кешу", "шын болу" секілді мағыналарды беретін
ең жалпылық философиялық категория есептеледі.
«Болмыс және уақыт» кітабының бірінші бетінде Мартин Хайдеггер өзінің
жазушылық жоспарын ұсынады: "нақты әрі нәзік түрде болмыс мәселесін айқындау –
міне осы бұл кітаптың жазылу мақсаты." Хайдеггердің ойынша, дәстүрлі онтология
бұл мәселеде шындықты шатастырған, тіпті олар бұл шатасуға назар аудармауға
тырысып, болмыс мәселесін жалпылық көріп, "айтпаса да болады" дегендей шетке
сыру мәмілесін ұстанған.
Егер болмыс түсінілсе, онда болмыстың мәні, немесе болмыс сезінісі (Sinn des Seins)
де айқындалады. "Сезініс" сөзін Хайдеггер "зат сол арқылы түсініледі" деп
анықтайды.Хайдеггердің ойынша, болмысты сезіну кез келген болушыны, затты
сезінуден бұрын болады, мейлі бұл зат, не болушы қалай болса да, қандай үлгіде бар
болса да, болмыс алғашқы ұғым дерлік, нақты тұжырымдауға келмейтін, ғылымнан
бұрынғы шындық. Сондықтан Хайдеггер фундаменталды онтологияны "түсінуді
түсіндіру" ретінде бағалап, ол логика, теория, нақты онтологияның қолданылым,
толғаныс секілді басқа таным үлгілерінен де алғашқы деп есептеді.
Осыболмыс
“Осыболмыс” (немісше "dasein", ағылшынша
"being—here") Хайдеггер бойынша адамды және
адамның өмір сүру, бар болу үлгісін көрсететін
арнайы философиялық категория есептеледі.
Неміс тілінде "Dasein" делінетін, Хайдеггер өзі
құрастырып жасаған бұл ұғымның тіке
мағынасы "осында бар болушы", "мұнда өмір
сүруші" есептеледі. Хайдеггер бұл сөзді тіке
адамға қаратып қолданған. Оның адам
болмысын осы ұғым арқылы айқындауы адам
болмысының дүниедегі басқа болмыстардан
айқын өзгешелігі себебінен болды. "Осыболмыс
– болмыстың өзі үшін болатын болмыс".
Хайдеггер тағы былай дейді: "Осыболмыстың
мәні оның ғұмырында. Субстанция бойында
көрнекіленген түрлі қасиеттер субстанцияның
қалыптасуын іске асырған қасиеттер емес. Бұл
субстанция қарамаққа әу бастан орындалып
қойылғандай көрінгенімен, бұл қасиеттер түрлі
жағдайда болмыстың түрлі мүмкіндіктерін іске
асыра береді. Сондықтан, біз Осыболмысты
оның не нәрсе екенін айқындау үшін емес, қайта
оның бар екендікті білдіруі үшін қолданамыз.
Ынта (Care)
Хайдеггер бойынша, ынта (Care)
дегеніміз сондай бір күй –
Осыболмыстың (Dasein) өз
болмысына мейірі түсуі. Өйткені,
Осыболмыстың негізі оның ғұмыры
(existence), яғни оның мүмкіндікті
шындыққа айналдыруы есептеледі.
Әрбір кезектегі шындықтан
болашақтық күйге өтуде сондай бір
сұрақ көлденеңдейді: "Енді не істеуім
керек?" Міне бұл ынта (Care)
есептеледі. Ынта негізі
Осыболмыстың өз болмысын таңдау
(Choice) қабілетіне сай болады.
Ынта — Осыболмыс (Dasein) пен
дүние арасындағы негіздік байланыс
ретінде, Осыболмысты дүниеде мәнді
етеді. Ол Осыболмыс тәжірибесінің
негіздік күйі есептеледі.
Ажал Хайдеггер бойынша нақты жарық
өмірдің терістелуі. Адам баласы ажалға
беттегенде барып дүниеге алаңдауы мен
абыржуын тоқтатып, құлдырау
барысында өзін оқшаулап, шынайы
болмысын табады. Ажал жеке адамның
жұмысы, ешкімдікін ешкім өтей
алмайды. Ажал әрқашан болуы мүмкін,
ол қай кезде болса да ақылға қонымды
есептеледі. Өйткені ешкімнің қанша
өмір сүретіні туралы күні бұрын келісім
жоқ. Сондықтан адам ажалға таярлық
күйінде болуға тиіс.
Демек, Хайдеггердің ойынша, адам
ажалға тура қарап, үрей ішінде өз өмір
сүруінің маңызын сезінуге тиіс. Өз
өмірінің болашағын жоспарлағанда,
ажалды да ескеруі керек. Адам тек
өмірді ғана қабылдап, ажалдан бас
тартуға қақысы жоқ.
Төрткіл дүние.
Хайдеггердің пікірінше, осыболмысқа күнделікті ең жақын нәрсе – оның айналасындағы
Төрткіл дүние. Біз әдетте төрткіл дүние ішінде болу арқылы болушыны онтологиялық
түсіндіреміз, төрткіл дүниенің дүниелік сипатын біртіндеп қарастырамыз. Төрткіл
дүниенің төңіректік сипаты оның кеңістіктік мағынасына қаратылған.
Бірақ, төрткіл дүниені құраған төңіректің өзінде кеңістіктік мән жоқ. Кеңістік төрткіл
дүниеге тән және ол төрткіл дүниенің дүние болу құрылымы арқылы ғана айқындалады.
Хайдеггердің ойынша, "төрткіл дүние" алдын ала бекітілген кеңістікте тұрған жоқ, тек
төрткіл дүниенің өзіндік дүниелік қасиеті орын және осы сәттегі бүтіндікпен себептік
байланысқа ие болып отыр. Ал, бұл орын айқындаушы үшін әрқашан тұрақты болады.
Хайдеггердің ойынша, кезектегі дүние – дүние кеңістігінің "кеңістіктік қасиеті" арқылы
түсіндіріліп келді. Осыболмыстың өзі дүние тұрғысынан тек "кеңістіктік қасиетке ие
нәрсе" құсап көрінеді. Сондықтан, болушы қабатынан айтқанда, қолға алған нәрсеміз
төрткіл дүниенің кеңістіктік салыстырмасы арқылы айқындалады. Бірақ осыболмыстың өз
болмысы бұлай кеңістік арқылы түсіндірілмейді.
Жылы Немісшесі Қазақша
1927 Sein und Zeit, Gesamtausgabe Volume 2 Болмыс және уақыт
Kant und das Problem der Metaphysik,
1929 Кант және метафизика мәселелері
Gesamtausgabe Volume 3
Einführung in die Metaphysik (1935,
1935 published 1953),Gesamtausgabe Volume Метафизикаға кіріспе
Beiträge zur Philosophie Ereignis (Vom
1936–8 Ereignis)(1936–1938, published 1989), Философияға үлес (Іс арқылы)
Gesamtausgabe Volume 65
Hölderlins Hymne »Der Ister« (1942,
1942 published 1984),Gesamtausgabe Volume Гёльдерлин гимні: "Истар"
"Die Frage nach der Technik", in
1949 Технология туралы сұрақ
Gesamtausgabe Volume 7
Holzwege, Gesamtausgabe Volume 5.
Оңаша соқпақ, "Өнердің тууы"
This collection includes"Der Ursprung
қамтылған топтама.
des Kunstwerkes" (1935–1936)
Қорытынды
Қорытынды
Мартин Хайдеггер адам болмысын түсіне алды, көптеген жерлерде зерттеу
жүргізді.Соның нәтижесінде артынан біраз еңбек қалдырды.Мартин Хайдаггер өз
философиясын қалыптастыра білді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Хайдеггер, М. Учение Платона об истине //
Историко-философский ежегодник. —
М.: Наука, 1986, — с. 255—275.
.2Хайдеггер, М. Бытие и время / Пер. с нем.
и предисл. Г. Тевзадзе; Гл. редкол. по худож.
пер. и лит. взаимосвязям при Союзе
писателей Грузии. — Тбилиси, 1989.
3.Хайдеггер, М. Разговор на проселочной
дороге: Избранные статьи позднего периода
творчества. — М.: Высшая школа, 1991.
4.Хайдеггер, М. Что это такое —
философия? / Пер., коммент., послесл.
В. М. Алексенцева. — Владивосток: Изд-во
Дальневост. ун-та, 1992.
5.Хайдеггер, М. Время и бытие: Статьи и
выступления / Сост., пер. с нем. и
комм. В. В. Бибихина. — М.: Республика,
1993. — 447 с.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz