Огюст Конттың еңбектері



СӨЖ
Тақырыбы: Огюст Конт
.

Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1 Огюст Конттың еңбектері
2. 2 Ғылым дін ретінде
2. 3 Конт философиясындағы мәселе
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


ОГЮСТ КОНТ
Огюст Конт (1798 − 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқан алғаш рет енгізген. Он ввел в употребление сам термин «социология». Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.

1798 жылы Францияда қаржы шенеунігінің отбасында дүниеге келген.
1814 жылы Жоғарғы политехникалық мектепке түсіп, антиклерикалдық және республикашыл көзқарастары үшін оқудан шығарылады.
1818 - 1824 жылдары Сен - Симонның хатшылық қызметін атқарады. Қысқа мерзімге оқытушылық жұмысын тоқтатады. Сен - Симонның утопиялық социолизм көзқарасын жақтамай, хатшылық қызметтен біржолата бас тартады.

Еңбектері
Конттың философиялық эволюциясы кезеңдерін, адамзат бірлігі туралы тезисті түсіндіретін және ақтайтын, дәлелдеулердің үш тәсілі ретінде көрсетуге болады. Бұл кезеңдер Конттың үш негізгі еңбектерімен белгіленген.
Бірінші кезең(1820-1826) -«Әлеуметтік философия опускулдары»
Екінші кезең «Позитивтік философия курсы»
Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі»


Бірінші кезең (1820-1826) - мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж. ) ; «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж. ) ; «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж. ) . «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж. ) .

Екінші кезеңді «Позитивтік философия курсы»
дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға
дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады.

Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады.

Ғылым дін ретінде
Огюст Конттың пікірі бойынша, позитивтік ғылым дінді алмастырып, қоғамды ұйымдастырушы негізгі күшке айналуы тиіс болды. Ол өзінің тарихи миссиясын болашақтың “Ғылыми Библиясын” жасауға балап, ғылымды адамзат баласының өмір сүру формаларының шыңына көтермекші болды. Ғылымдарды біріктіру идеясы XVIII ғасырда етек алған еді. Сол тұста білімді біріктіру - қарапайым және түсінікті ережелерге сәйкес іске асырылды. О. Конт бұл мәселені жаңа қырынан көтерді. Ғылымдарды классификациялауда ол бірқатар негіздерге сүйенді: тарихи (ғылымның пайда болуы және бірізділігі), логикалық (абстрактіліктен нақтылыққа өту), зерттеу пәнінің күрделілігі бойынша (қарапайымнан күрделіге қарай), практикамен байланыс сипаты бойынша.

Нағыз және жалған ғылымдар-
Нағыз және жалған ғылымдар О. Конт өз шығармаларында өзіне белгілі ғылымдарды нағыз және жалған ғылымдарға бөлген. Жалған ғылымдар санатына ол шешілмейтін мәселелерді қарастырумен айналысатын және дәлелдеуге немесе жоққа шығаруға мүмкін емес ережелі ғылымдарды қосқан. Бұлардың қатарына теологияны, мистицизмді, спиритуализмді, алхимияны, утопизмді, сонымен қатар метафизиканы, яғни философияны жатқызған. Өзінің ұстазы Сен - Симонның пікірін қолдай отыра, ол нағыз, шынайы ғылымдар деп позитивтік ғылымды атаған. Олардың арасынан абстрактілі (теориялық) және нақтылы ғылымдарды бөліп көрсетті. Абстрактілі ғылымдар жалпы заңдылықтарды қарастырады, ал нақты ғылымдар бұл заңдарды жеке салаларда (мысалы, биологияда, медицинада) қолданады. Конттың пікірі бойынша, абстрактілі позитивтік ғылымдар саны алтау: математика, астрономия, физика, биология, әлеуметтану. Бұлардың осылай орналасуы оларда позитивизмнің көрінуімен сипатталады. Неғұрлым материя қарапайым болса, соғұрлым ол туралы позитивті пайымдау жеңіл болады. Әрбір позитивтік ғылым алдыңғыларға негізделінеді, олардың өзіндік ойлау қалпындағы жақсыларды қабылдайды және дамытады.

Конт философиясында үш үлкен мәселе қойылады.
Біріншісі - Батыс Еуропа елдеріне тән индустриалды қоғам − оған бүкіл азамат ілесіп жүретіні мысал бола алады. Еуропалық индустриалды қоғамның белгілі бір жақтары жалпылама мағынаға ие болады деп Конт есептегенініңдұрыс еместігі дәлелденбеген. Еуропалық қоғамды ерекшелейтін, еңбекті ғылыми түрде ұйымдастырудың кез−келген басқа түрінен анағұрлым тиімді, сондықтан оның құпиялары ашылғаннан кейін басқа халықтар оны меңгеруі қажет, өйткені ол қоғамның гүденуі мен құдіреттілігінің шарты болып табылады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz