Декарт философия




Презентация қосу
Р.ДЕКАРТТЫҢ РАЦИОНАЛДЫ ФИЛОСОФИЯСЫ
Жоспар:

Рене Декарт
Р.Декарттың рационалды философиясы
Декарт философия
Пайдаланылған әдебиеттер
Рене Декарт(фр. René Descartes [ʁәˈne deˈkaʁt] ,
лат. Renatus Cartesius; (1596-1650жж.) — француз
ғалымы, философ, математик, физик және
физиолог. Ол қазіргі заман математикасының
дамуына зор үлес қосып, Геометриялық
координаттар жүйесін формулаға айналдыруы
арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп
аталды. Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік
философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан
бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей
негіз) нақылын тұжырымдады. Ол анық, толық
ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену"
әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс
философиясының рационализмбағытының
көшбасшысы болды
Декарттың ең негізгі философиялық
еңбектері: «Әдіс жөніндегі пікірлер»,
( Discours de la méthode )
«Метафизикалық толғаныстар»
( «Бірінші философиялық толғаныс»
деп те аталады, Méditations
métaphysiques ) , «Философия
ережелері» ( les Principes de la
philosophie ) қатарлылар.
Болмыс жөнiндегi көзқарасында Р.Декарт дуалистiк (екiлiк) көзқараста
болды. Оның ойынша, жалпы дүние жөнiнде екi субстанцияны мойындауға
тура келедi. Олардың бiреуi - материалдық, заттық, денелiк субстанция. Оның
негiзгi атрибуты (қасиетi)- созылу, кеңiстiкте белгiлi бiр орын алу. Екiншi
субстанция - рух. Оның негiзгi атрибуты - ойлау. Жан-дүние бiр
сәт те тоқтамай
тұрақты ойлайды.
Бұл екi бiр-
бiрiнен тәуелсiз жатқан субстанция адам мәселесiне келген кезде
үлкен қиындықтарды тудырады.
“Адамның ақыл-ойы, зердесi - жан-
жақты құрал”,- дейдi Р.Декарт. Адамның
екiншi ерекшiлiгi - ол сөйлей алатын пәнде. Олай болса, адамның басқа
тiршiлiктен негiзгi айырмашылығы-оның рухында.
Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:
Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай
деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);
Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен
тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);
Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда
күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;
Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;
Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;
Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана
жата алады.
Дүниетану мәселелерi. Күмәндану принципi

Өзiнiң философиясының мықты негiздерiн жасау үшiн Р.Декарт “бәрiне де
күмәндану керек” деген шешiмге келедi. Осы тұрғыдан сезiмдiк танымға
келсек, ол көбiне бiзге дүние жөнiнде жалған пiкiр тудырады.
Адамның танымдық iс-әрекетi Р.Декарттың ойынша үш идеялар тобынан
тұрады. Бiрiншiсi - сырттан қабылданатын сезiмдiк мүшелерге өзiнiң әсерiн
тигiзетiн идеялар. Мысалы, күн идеясы, ол әрбiр адамның санасында бар.
Екiншi- адамның ақыл-ойындағы идеялар. Олар сырттан қабылданған әсердi
өзгерту арқылы пайда болуы мүмкiн.
Соңғы үшiншi идеялар - олар бiзбен туа бiткен, ең маңызды, таным
процесiнде шешушi рөл атқарады. Оған адам интеллектуалдық интуиция
арқылы жетедi. Ал оған жеткiзетiн адамның жан-дүниесiндегi табиғи ақыл
сәулесi (lumen naturale). Туа бiткен идеяға Р.Декарт “Ойлаймын, олай болса,
өмiр сүремiн” принципiн де жатқызады
Рационалдық метод

Негiзiнен алғанда, Р.Декарттың әдiстемесi - ол интеллектуалдық интуиция
арқылы алынған негiзгi ұғымдарға сүйене отырып басқа ұғымдарды,
тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тiкелей ашық берiлсе, онд
а
дедукцияның дәнекерлiгi арқылы ақиқатқа күрделi жол арқылы жетуге болады.
Осы күрделi жолда бiр ұғым байқалмай түсiп қалса, онда нәтижеге жету мүмкiн
болмай қалады. Сондықтан, бүкiл дедукция жолын ұқыпты есептеп бақылап
отыру қажет. Дедуктивтi әдiстеме арқылы әр-
түрлi нәтижелерге жетуге болады.
Сондықтан, Р.Декарт оны жасанды тәжiрибе қойып (эксперимент) тексерiп
отыру қажет деген пiкiр айтады
Ғылыми әдісті таным процесінде белсенді қолдану арқылы
таным процесін әлдеқайда алға жыджытуға, танымды
өндірістен өнеркәсіп өндірісіне айналдыруға болады.
Ондай ғылыми әдіс ретінде Декарт дедукцияны ұсынады.
Декарттың философиялық, гносеологиялық әдісінің
мағынасы – таным процесінде тек абсолютті, деректі,
шын сүйену және ақыл арқылы логикалық тәсілдер арқылы
жаңа, ақиқат білім алу. Декарт пікірі бойынша, дедукция
әдісін пайдалану арқылы ғана танымның барлық
салаларында шын білімге қол жеткізуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер

Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл.
ISBN 978-601-282-175-8
↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. -
384 бет. ISBN 9965-409-98-6
↑ Think Exist on Blaise Pascal. Retrieved 12 ақпан 2009.
↑ [француз 〕 Паскаль 《 Ой-толғаныстар 》, "ой-толғаныстар"34]
↑ The Religious Affiliation of philosopher and mathematician Rene Descartes. Webpage
last modified 5 қазан 2005.
↑ Smith, Kurt Descartes' Life and Works. The Stanford Encyclopedia of Philosophy BY
COLA (Fall 2010).
↑ Kenny, Anthony. A New History of Western Philosophy, Volume 3, The Rise of Modern
Philosoph

Ұқсас жұмыстар
Жаңа дәуір философиясы
Р. Декарттың ғылыми философиялық методологиясы
Рене Декарттың жан мен тән туралі ілімі. Дуализм
Томас Гоббс (1588-1679 жж. )
Декарт философиясы
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері
Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы
Үңгір елестері
Философия зерттеулері және әдістері
Жаңа Заман мәдениетіндегі батыс еуропалық философия
Пәндер