Томас Мор идея лары


Slide 1

ОСӨЖ

Тақырыбы: Томас Мор идеялары

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Томас Мор еңбегі

Мор идеясы

Қорытыңды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Мор Томас (ағылш. Sir Thomas More, тағы ағылш. Saint Thomas More; 7 ақпан 1478, Лондон - 6 шілде 1535, Лондон) ) - ағылшын гуманисі, утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. 1529 - 1532 жылы Англияда мемлекеттік жоғары қызметте болды. Папаны жақтап, корольге қарсы болғаны үшін Мор корольдің бұйрығы бойынша дарға асылды. Мор көптеген моральдық-философиялық трактаттар қалдырған. Өзінің “Утопия” (1516) деген негізгі шығармасында жеке меншікке негізделген қоғамды, өз тұсындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды сынға алып, қоғамдық меншікке негізделген қоғамдық құрылысты суреттеді. Қоғамдағы кемшіліктердің негізі жеке меншікте, ал оның өмір сүру негізі - адамдардың теріс әрекеті, менмендік, мансапқорлық дейді.

Slide 4

Томас Мор

Slide 5

Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мүғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535-жылдың 6-шілдесінде жазаға тартыл-Ды (басы кесілді) .

Slide 6

Адамның жан-жақты дамуына, оқуды еңбекпен ұштастыруға үлкен мән берілген. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады. Оның “Утопиядағы” қиялдары утопия социализмнің бастамасы болды. Мордың “Утопиясы” кейінгі реформаторларға, Фурье, Сен-Симон секілді басқа да утопия социализмнің өкілдеріне зор әсер етті.

Slide 7

«Утопия» деген кітапта католик Томас Мор католицизм канондарына қайшы келетін дәстүрлер жайын сөз қылады. «Утопиядағы» кейбір тыйымдар (церковь қызметкерлерінің отбасын құруы, әйел-священниктер) Ватикан үшін әлі күнге шейін қозғауға болмайтын жабық қазан күйіндегі мәселе. «Утопиядағы» кейбір дүниелер, мысалы, эвтаназия сияқты (айықпас дертке шалдыққан науқастың өз және жақындары қалауымен жасанды өмірін тоқтату) либералды деген мемлекеттерде ғана рұқсат етілген.

Slide 8

Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, «жер бетінде жоқ жер» дегенді білдіреді. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін су реттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді жәні мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.

Slide 9

Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның «Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.

Қоғамдық өмір - Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.

Slide 10

Мемлекет басшысы - терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам - қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.

Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор дене еңбегін» жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.

Slide 11

«Утопия» этимологиясына тоқталсақ. Бірінші нұсқа бойыншаu дегеніміз (емес), topos деген (мекен) яғни өмірде жоқ, қиялдан туындаған меекн деген мағына береді. Екінші нұсқа бойынша Eutopia-дағы eu «киелі, жақсы» дегенді білдіреді. Демек «киелі, жақсы мекен»

Slide 12

«Утопияның» алғашқы басылымы бельгиялық қалашық Левенда жарық көрген болатын. Оны жарияға шығарған Томас Мордың досы Эразм Роттердамский. «Утопия» латын тілінде сол Левен қаласында дүниеге келгенін де естеріңізге сала кетейік. 1551 жылы автордың туған жерінде ол ағылшын тіліне аударылып, шығарылады. Ол кезде Томас Мор да, Томас Мордың бас кезінде жанкүйері, қолдаушысы, ақыр аяғында көрсеқызары, жауы король Генрих VIII де бақилық болатын.

Slide 13

«Утопияның» дүниеге келген жері (бельгиялық қалашық) бүгінде «Утопия» мейрамы тойланатын жер. Левенде 2016 жылдың қазанына бастап 2017 жылдың қаңтарына дейін Томас Мор және оның «Утопия» туындысына байланысты көрмелер, театралды қойылымдар, концерттер, экскурсиялар ұйымдастырылуда

Slide 14

Томас Мор лондондық соттың отбасында туылғандықтан католиктік те, заманауи да білім алған жан. 26 жасында ағылшын парламентінің депутаты мінберіне көтерілген азамат. Томас Мор «Жасырын кеңестің» мүшесі, король Генрих VIII-нің speech writer-і (сөз сөйлеу мәтіндерін жазушы), елші. Дипломатиялық қызмет кезінде ол рыцарь атағына ие болады. Содан соң жалпы Палатының спикері атанып, кейін мемлекеттігі ең маңызды тұлғалардың бірі Лорд-канцлерге айналады.

Slide 15

Томас Мордың тағдыры көптеген кітап, спектакль, кинотуындылардың өзегіне айналады. 1966 жылы Фред Цинеман Роберт Болттың «A Man for All Seasons» пьесасының желісімен кино түсіреді.

Slide 16

Идеясы


Ұқсас жұмыстар
ТӘРБИЕНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Томас Мор идеялары
Утопиялық қоғам авторы
Қайта Өрлеу философиясының орталық ұғымдары
НИКОЛАЙ КУЗАНСКИЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері
Қайта өрлеу дәуір философиясы
Қайта өрлеу дәуірі философиясы
Еуропада феодализмнің құлдырап және алғашқы буржуазиялық қоғамның қалыптасуы кезінде дамыған философиялық социологиялық ілім
Қайта өрлеу философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz