Пирс ойлары




Презентация қосу
Чарльз Сандерс
Пирс ойлары
Жоспар:

1.Өмірбаяны
2.Ч.С Пирстің философиясы
3.Онтологиялық негізгі схемасы
4.Прагматизм
5.Семиотика
6.Қорытынды
философ-идеалисі,логик,
Қызметі
математик
Азаматтығы АҚШ
Ұлты ағылшын
Қайтыс болған күні 19 сәуір 1914
Милфорд, Пенсильвания,
Қайтыс болған жері
АҚШ
Өмірбаяны

Пирс Чарлз Сандерс ( ағылш.Charles Sanders Peirce
10. 9. 1839, Кембридж, Массачусетс,—19. 4. 1914.,
Милфорд, Пенсильвания) — американ философ-
идеалисі,логик, математик және табиғат зерттеуші.
Американдық ғылым және өнер академиясы (1877)
мен ұлттық ҒА (1879) мүшесі. 1859 ж. Гарвард
университетін бітірген. 1866—91 ж. АҚШ-тың
жағалау күзетінің геодезия ст-нда істеді. Гарвард,
Балтимордағы Дж. Хопкинс университеттерінде
логикадан, тарихтан, ғылым философиясынан лекция
оқыды.
Философиясы
Пирс қарама-қарсы екі бағытты қосуға тырысады: Қанттың
«критицизмімен» қосылған эмпирикалық позитивистікті, Платон және Ф.
Шеллингпен байланысты объективті идеализммен қосады.
Пирс онтол. негізгі схеманы былайша құрады: «рух — алғашқы, материя
— туынды, эволюция —үшінші». Пирс танып білуге болмайтын, бірақ
тіршілікте бар «өзіндік заттар» іштей қарама-қайшы дей келіп, білімнің
айқындылығын жоққа шығарады деп агностицизмді сынайды.
Пирс ғылыми білім мен пікірдің қалыптасуы сенімді, негізді болу
мәселелеріне айрықша мән берді: Пирсше, бұл мәселені шешудің негізгі
шарты — алынған нәтижелерді тек қана мәнділігі тұрғысынан баяндау.
Пирстің бұл принципі кейіннен прагматизмнің идеалистік
концепциясында онан әрі дамыды.
«Прагматизм» терминінің өзін философияға еңгізген Пирс болатын.
У.Джемс Пирстің ізімен жүріп, ақиқатты практиканың нәтижесімен,
пайдалылығымен барабар деп санады. Пирс математика логика мен
семиотика салаларында ірі-ірі жаңалықтар ашты.
Онтологиялық негізгі схемасы

Рух алғашқы

Материя Эволюция-
туынды үшінші
Прагматизм
терминін мәдени
айналымға 19 ғ-дың
70-жылдары
амерткалық
философ
Ч.С.Пирс(1839-
1914)енгізді.
Прагматизм
Ч. Пирс бойынша прагматизм қағидалардан бас тартпайды; керісінше, оның
міндеті дәлелдеу тәжірибесіне негізделген сенімді жолды қамтамасыз ету,
қағидаларды тәжірибелік қолданыстар бойынша тиімділігін нығайтуды көздейді.
Қағидалардың қолданыстағы ерекше нәтижелерінің көрсеткіштері
прагматизмның идеясын айқындайды. Теория тәжірибелік табысты қамтамасыз
еткен мүмкіндіктеріне қарай дәлелденген болып есептеледі .
Ойшыл өз философиясының негізгі міндеті ретінде шынайы өмірге қатысы жоқ
идеялардан арылуды санайды. Адам өмірімен тікелей байланысты
философиялық мәселелер ғана маңызды болып табылады. Сондықтан бұл
мәселелер адам әрекеті мен оның табыстылығы ұғымдарында қарастырылуы
қажет.
Сонымен қатар, прагматизмның негізін Ч. Пирстың «күмән-сенім»
тұжырымдамасы қалайды. Тұжырымдамаға сәйкес адамға екі жағдай тән:
күмәндану жағдайы және сенім жағдайы. Айта кету қажет, сенім түсінігін ойшыл
көзі жетушілік құбылысымен байланыстырады.
Семиотика
Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология) — таңбалық белгілер
жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл,
мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі
коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту
арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен
қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен
қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.
"Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі
ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де
Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде
формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-
мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін
бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды.
Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен
көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет
Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады.
Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады.
Қорытынды
Ч. Пирс өзі классикалық прагматизм деп атап көрсеткен ұғым
объективтілік үлгісін қамтамасыз етуге бағытталған және біздің
нанымдарымыздың пайдалылығын тексеруді көздейді. Фәлсафашы
ойларын бекіту үшін дәлме-дәл және тиімді әдістерді дәйектеуге тырысты.
Оның пікірінше, ортақ күдікті сейілтуге ғылым әдісі әсер етеді. Ғылым
әдісі зерттеудің дұрыс және бұрыс жолдарын ажыратады; ол «ішкі тұрақты
фактор ретінде қызмет атқарады», «қолданушылар арасында жалпыға
бірдей шешім қабылдауға әкеледі» [3]. Оның пікірінше, біздің нанымымыз
жүзеге асыра алатын барлық ықпалды сыннан өткізуі тиіс. Сондықтан
адамзат қауымдастығы тәжірибелік әрекеттер нәтижелеріне назар аударуы
қажет. Демек, баршамыз нанымдардың орындалуын қамтамасыз етуде
шынайы өмірдің шарттарына мән беру немесе ғылыми бақылау және
тәжірибе арқылы ахуалды сәтті болжап, тиімді тексеру жұмыстарын
жүргізе аламыз. Нанымдарды тиянақты қатынастар тәсілімен бекіту
арқылы ғылыми қауымдастық оның талас тудырмайтын мүмкіндіктерін
көрсетеді.

Ұқсас жұмыстар
Прагматизм философиясы
Логикалық амалдар
ТАҢБАЛАР ЖҮЙЕСІ
Икондық таңбалар
Қарапайым логикалық операциялар
Семиотика қорытындылаушы жүйе
ФРИДРИХ НИЦШЕ ФИЛОСОФИЯСЫ
Тілдік бірліктер және контекст
Мәдениет семиотикасының сипаты
Жұптық Биология жабдықтармен құрылысы және дамыту
Пәндер