Шарль Луи Монтескье философиясы




Презентация қосу
Шарль Луи Монтескье философиясы
ШАРЛЬ ЛУИ
Монтескье Шарль Луи (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La
Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де
Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье –
француз ағартушысы, философ, социолог.

Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы
туралы” (1748). Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала
отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті
заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау
үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді.
Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып,
оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді. Оның саяси
идеялары классикалық либерализмге негізделген7
ЗАҢДАРДЫҢ РУХЫ ТУРАЛЫ
Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың
шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі
бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына
негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты
құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған
ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп
отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз
етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді
деген пікірде болды. Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:
заң шығарушы,
атқарушы
сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат
жасауды болдырмайды деген ой айтты.
Монтескье француз ағартушыларының ішінде ең үлкені болды. Ол 1689
жылы Ла-Бред сарайында орташа дәулетті дворян отбасында дүниеге
келген. Оның ағасының баласы жоқ болғандықтан, Монтескьеге бар
дүниесін, атағын, қызметін мұраға қалдырады. Бұл болашақ
жазушының бүкіл ғұмырын толығымен әдебиетке арнауына мүмкіндік
берді. 1705 жылға дейін бес жыл бойы діни училищеде білім алды.
Монтескье француз қоғамының заң саласын толық оқып, жетік меңгеріп
шыққандықтан елдегі экономикалық, әлуметтік және саяси
келеңсіздіктерді айқын аңғарып отырды. Оқуын бітірген
соң Бордо академиясының мүшесі болып тағайындалады. 1720 жылы
Монтескье «Парсы хаттары» деген шығарма жазып, бір жылдан кейін
бұл шығармасын жасырын атпен жариялайды. Бұл романдағы автордың
негізгі идеясы кейіннен «Рим империясының ұлылығы мен құлауының
себептері туралы ойтолғамдар» және «Заңдар рухы» еңбектерінде
кеңінен әңгімеленеді. Монтескье ғылыми мәселелерді академиялық
қызығушылық үшін емес, адамдардың қоғамдық өмірін жақсарту үшін
зерттеп, ғалым-күрескер ретінде танылды. «Парсы хаттары» деп
аталатын туындысында бай әрі атақты Өзбек Еуропамен, оның
мәдениетімен танысуға барады. Өзбек өз жерінде достарын, керемет
сарайын, көптеген әйелдерін қалдырып кетеді.
Заңдардың рухы туралы
«Парсы хаттарынан» кейін Монтескье «Кандидадағы ғибадатхана»,
«Пафосқа саяхат» атты шығармаларын жазады. Алайда Монтескье өзі бұл
шығармаларына аса мән бермейді. Ол түбегейлі зерттеу жұмыстарымен
айналысып, батыс Еуропа елдерін аралайды. Үш жыл бойы ол
Франциядан тыс жерде өмір сүріп, Италия, Голландия, Германия, Англия
елдерінің саяси-әлеуметік құрылымын зерттейді. Монтескье Англияда
көрнекті саяси қайраткерлермен – Уолполоммен, Боллингброкпен, граф
Честерфилдпен, Свифтпен, әуелі ағылшын патшайымының өзімен
кездеседі. Англияда патша ғылыми қоғамының мүшелігіне
тағайындалады. «Заңдар рухы» атты еңбегін Монтескье өзінің осы негізгі
еңбегін 20 жыл бойы жазады. Мұнда ол заңдар табиғаты туралы өз
көзқарасының жүйесін жасайды. «Әділ заң адамның табиғи
құқықтарынан туындайды. Ол қоғамның ар-ұяты болады. Заң бәрінен де
биік тұруы қажет. Халықтың және жеке тұлғаның еркіндігі заңға
бағынғандығынан көрінеді. Заңға қанаушылардың қолын сұқпауын
қамтамасыз ететін мемлекеттің болашағы бар» деген ой айтады. Дидро
мен Гельвеций Монтескье ойларына сыни көзбен қарады. «Заңдар рухы»
шығармасынан кейін Монтескье әдеби еңбекпен шұғылданған жоқ. 1755
жылы дүниеден өтеді. ХУІІІ ғасырдағы француз ағартушыларынан Дидро
ғана Монтескьені соңғы сапарға шығарып салысады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Ұқсас жұмыстар
Саяси қағидалары
Француз энциклопедияшылары
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі категориялары
Әлеуметтанудың дамуының негізгі кезеңдері
Мемлекетті басқару қағидаттары
Римнің саяси ойлары
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары
ОҚУ ЖЫЛДАРЫ
Экономикалық әлеуметтану
Монако – туризм ордасы
Пәндер