Шарль Луи Монтескье (1689-1755): философиясы, еңбектері және саяси қағидалары


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: Шарль Луи Моньтеске (1689-1755) философиясы

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

1. Тарихы

Негізгі бөлім

2. Еңбектері

3. Саяси қағидалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Монтескье Шарль Луи (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 - 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье - француз ағартушысы, философ, социолог.

Slide 4

Еңбектері

Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748) . Монтескье теология мен дінді қатты сынға ала отырып, адамзат қоғамының дамуында белгілі бір объективті заңдылық бар екендігін мойындайды. Дінді қоғамда тәртіпті сақтау үшін, адамгершілікті қалыптастыру үшін қажет деп есептейді. Монтескье адамның табиғи еркіндігі теориясына сүйене отырып, оның бақытты болуға құқылы екендігін түсіндірді.

Slide 5

Саяси идеялары

Оның саяси идеялары классикалық либерализмге негізделген. Монтескье “Заңдардың рухы туралы” еңбегінде заңдардың шығу себептерін, қалыптасуын зерттеді. Монтескье пікірі бойынша, нағыз әділ заң адамның табиғи құқығына негізделуі қажет. Монтескье адамның ақыл-ойы, парасаты құдай белгілеп берген нәрсе емес, оның өмір сүріп отырған ортасының жемісі, сол ортаның өзгеруімен ол да өзгеріп отырады, заңды қатаң сақтау бостандықты қамтамасыз етуге, мемл. төңкерістерді болдырмауға қызмет етеді деген пікірде болды.

Slide 6

Ол мемлекеттік биліктің үш сатысын:

заң шығарушы,

атқарушы

сот билігін бөлу арқылы басқару азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, өкімет билігін теріс пайдаланып, қиянат жасауды болдырмайды деген ой айтты.

Slide 7

Аталған еңбекте басқарудың республика, монархия және деспоттық түрлерін айқындап, олардың өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. Билікті бөлу теориясына ерекше көңіл бөлді. Билікті әділ бөлмейінше, оны заңдастырмайынша еркіндіктің, саяси бостандықтардың жүзеге асуына жол жоқ. Монтескье мемлекет, демократия басқару жүйесін ұсына отырып, оның объективтілігін негіздеуге ұмтылды.

Slide 8

Монтескьенің «Парсы хаттары» өте сәтті шығады. Автор есімі баршаға танылады. Біраз оқырманды шығарманың шын мәніндегі астарлы мазмұны емес, жеңіл, біршама еркін формасы, онда суреттелген аристократтық салондар, сарай өмірінің ұрыс-керісі қызықтырды. Ал шіркеу бұл шығарманы оқуға тыйым салды. «

Slide 9

Қоғам, оның ойынша, біртұтас әлеуметтік құрылым және тек халықтың жалпы рухы арқылы тануға болатын процесс. Монтескье философиятарихында алғаш рет географиялық орта мен оның қоғам дамуындағы орнына ерекше көңіл бөлді. Оның ойынша табиғаттың объективті заңдылығы әрбір халықтың психологиясы мен тұрмысына ерекше әсер етеді. Әсіресе климаттың, топырақ пен жер қыртысының адамдардың мінез-құлықтарымен халықтық әдет-ғұрыптардың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап көрсетті.

Slide 10

Халықтың және жеке тұлғаның еркіндігі заңға бағынғандығынан көрінеді. Заңға қанаушылардың қолын сұқпауын қамтамасыз ететін мемлекеттің болашағы бар» деген ой айтады. Дидро мен Гельвеций Монтескье ойларына сыни көзбен қарады. «Заңдар рухы» шығармасынан кейін Монтескье әдеби еңбекпен шұғылданған жоқ. 1755 жылы дүниеден өтеді. ХУІІІ ғасырдағы француз ағартушыларынан Дидро ғана Монтескьені соңғы сапарға шығарып салысады.

Slide 11

Пайдаланылған әдебиеттер

Ғ. Әбділғалиева, Ж. Қаңтардағы - 2014

Философияның қысқаша тарихы - Дорак Дженсттон.

Slide 12

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Шарль Луи Монтескьенің философиясы мен саяси-құқықтық ілімдері
Әл-Фараби философиясы: еңбектері, философияны меңгеру шарттары және ақыл-ой ілімі
Джайнизм философиясы: тарихы, доктриналары және этикалық қағидалары
Джон Локк: өмірбаяны және философиялық-педагогикалық еңбектері
Монтескье және құқықтық мемлекеттің негізгі идеялары
Қайта өрлеу және Жаңа заман: саяси ойлар мен азаматтық концепцияның қалыптасуы
Луи Брайль: өмірбаяны, Брайль жүйесінің қалыптасуы мен халықаралық маңызы
Қытай философиясы: тарихы, негізгі мектептері және конфуцийлік-саяси тұжырымдар
Платон философиясы: идеализм, гносеология және саяси ілім
Саяси идеологиялардың негізгі түрлері мен қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz