Экзистенциализм: тұжырымдамасы, шығу тарихы және адам өміріндегі маңызы


Slide 1

Тақырыбы: Экзестинциализм

Slide 2

Жоспары

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1. Экзестенциализмге жалпы түсінік.

2. Қысқаша мағынасы.

3. Шығу тарихы.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиет.

Slide 3

Экзистенциализм (лат. Eksіstentіa - өмір сүру) - адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. Мәселелердің шешімін табуға итермелейді.

Slide 4

Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді.

Slide 5

Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі.

Slide 6

Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М. Хайдаггер, К. Ясперс, Н. А. Бердияев, Ж. П. Сартр, ., А. Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф. Шеллинг, С. Кьеркогор, А. Шопенгауэр, Ф. М. Достоевский, Ф. Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды.

Slide 7

Экзистенциализм - сыни дағдарыс жағдайында адамдарын түсінуге тырысатын терең күйзелістің философиялық көрінісі.

Slide 8

Қорытынды

Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді.

Slide 9

Пайдаланылған әдебиет.

Укипедия.

Лекцияда жазылған мәліметтер.

Slide 10

Назарларыңызға рахмет


Ұқсас жұмыстар
Адам өміріндегі достықтың маңызы және оның түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері, қасиеттері және адам өміріндегі маңызы
Ауаның адам өміріндегі маңызы, құрамы және тазарту әдістері
Құстардың адам өміріндегі маңызы және табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Адам өміріндегі достықтың маңызы мен әлеуметтік-психологиялық рөлі
Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері және табиғат пен адам өміріндегі маңызы
Адам өміріндегі отбасының рөлі: құрылымы, қызметтері және әлеуметтанулық маңызы
Сағыздың шығу тарихы, қасиеттері және адам денсаулығына әсері
Достықтың адам өміріндегі рөлі мен қағидалары
Қазақстандағы Білім күні: тарихы, маңызы және мектеп өміріндегі рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz