Нерв тіні
Презентация қосу
КеАҚ «АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
«ЦИТОЛОГИЯ,ЭМБРИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ» КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:
Нерв тіні
Орындаған: Жетпісбай А.С.
Қабылдаған: Исаева З.К.
Тобы: ЖМ-119
2019 жыл
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ:
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
НЕРВ ТІНІНІҢ ГИСТОГЕНЕЗІ
НЕРВ ЖАСУШАЛАРЫ.
НЕЙРОНДАР МЕН НЕЙРОГЛИЯЛАРДЫҢ
ТҮРЛЕРІ.
СИНАПС ТҮРЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР:
Кіріспе
Нерв тіні – өзара тығыз байланысты екі гистологиялық
элементтерден – нейрондар мен нейроглиядан тұратын тін. Нерв
тіні нерв жүйесінің ақпартты сақтау және өңдеу , барлық ағзалардың
қызметін реттеу, организмнің сыртқы ортамен байланысын
қамтамасыз етеді. Нерв тіні ұрық эктодермасының дорзальды бөлігі
– нейроэктодермадан және нейральды плакодалар деп аталатын
эктодерманың қалыңдауларынан дамиды.
Нерв тінінің гистогенезі
Нерв тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма
алғашқыда қалыңдап – нерв пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті
көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді
эктодермадан үзіліп, ұштары бір – бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінеді.
Осыдан нерв түтігі пайда болады. Нерв түтігі эмбриогенездің алғашқы сатысында
көп қатарлы нейроэпителий жасушаларынан тұрады. Бұларды вентрикулярлы
жасушалар деп атайды. Пішіндері цилиндр тәрізді болып келеді. Бұл жасушалардың
біразы дифференцияланып нейроциттерге, ал біразы глияльді жасушаларға
айналады. Глияльді жасушаларға жататындар: эпиндимоциттер, астроциттер мен
олигогендрациттер болып табылады. Сонымен нерв тінінің құрамында екі
компоненті болады. Олар нерв жасушалары мен нейроглия. Нерв жасушаларының
немесе нейрондардың ерекшеліктері – тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да,
тітіркену энергиясын нерв импульсына айналдырып, оны әрі қарай орталыққа
өткізу процесін қамтамасыз етеді. Ал нейроглия болса, нерв тінінің қосымша
аппараты болып саналады. Тіректік, трофикалық, секторлы және қорғаныс
қызметтерін атқарады. Нерв тінінің ең негізгі қызметі – ішкі және сыртқы ортадан
әртүрлі информацияларды қабылдап, оны сақтау, өңдеу. Сонымен қатар организмнің
тіндері мен мүшелерін бір – бірімен байланыстырып олардың қызметін реттеу
болып табылады.
Нейрон және оның құрылысы.
Нерв жасушалары немесе нейроциттер (нейрондар) өсінділі тармақталған,
мөлшері 4 – 130 мкм – дей. Нерв жасушалары нейрондардың денесі одан тараған
өсінділері біреу немесе бірнешеу болулары мүмкін. Өсінділерінің санына
байланысты, нейрондардың бірнеше түрлерін ажыратады. Егер нейрондардың
денесінен көптеген өсінділер шықса, онда мұндай нейронды – мультиполярлы
дейді. Бұл өсінділердің біреуі міндетті түрде аксон, ал қалғандары дендридтер
болып келеді. Аксон ұзын, ал дендриттер тармақталған қысқа өсінділері. Бұлардан
басқа псевдоуниполярлы (жалған бір өсінділі) деген нейрондар да кездеседі.
Мұндай нейронның денесінен бір өсінді шығып, кейін екіге бөлінеді, оның – бірі
аксон, екіншісі – дендрит (мысалы, жұлын түйінінде) пішіні «Т» – тәрізді болып
келген. Нейрондардың тағы бір түрі униполярлы немесе бір өсінділісі – бұл
нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады. Нейрондардың денесінде
екі өсінділері – бірі аксон, екіншісі – дендрит бұл биполярлы нейрондар,
біріншілік сезу мүшелерінің құрамында болады.
а) униполярлы в) биполярлы
б) псевдоуниполярлы г) мультиполярлы
Адам ағзасындағы (нернв жүйесінде) нейрондардан шығатын өсінділердің
ұзындығы әр түрлі, бірнеше микроннан (мкм – ден) 1 – 1,5 метрге жетеді.
Нейрондардың мөлшері мен пішіні де сан – алуан. Нейрондардың ең ұсақ,
майдасының d=4 – 6 мкм, ал ірісінің d=120-140 мкм – дей болады. Ең ірі нейрондар
ми қыртысының сұр затындағы Бэц жасушалары. Нейрондардың пішіндері: себет,
жұлдыз тәріздес, алмұрт пішіндес, пирамидальды және дән тәріздес болып келеді.
Нейрондар денесінен, өсінділерінен және олардың ұштарынан тұрады.
Өсінділердің екі түрін ажыратады - дендрит және аксон.
Дендриттер – бұл қабылдаған тітіркендіргішті импульс түрінде нейрон денесіне
жеткізетін қысқа өсінділері.
Аксон – импульсті денеден басқа нейрондар мен жұмысшы ағзаларға жеткізеді.
Нейронның бір аксоны болады.
Нейрон атқаратын қызметіне қарай:
- афференттік немесе рецепторлық - (рецепторларда пайда болған қозуларды
орталыққа (ОЖЖ) жеткізеді.
- аралық нейрондар – афференттік және эфференттік нейрондарды
байланыстырады.
- эфференттік – серпіністерді орталықтан шеткі ағзаларға жеткізеді.
ВЖЖ нейрондары мен мотонейрондарға бөлінеді.
- қоздырушы
- тежеуші
НЕЙРОГЛИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Нейроглия нейрондар аралығын толтырады. Жасушаларды глиондар деп
атайды. Глиондардың түрлері:
1.Астроциттер:
• гематоэнцефальдық кедергі жасауға қатысады
• медиаторлардың резорбциясы
• иммундық реакция
2. Олигогендроциттер:
• Миелинді қабатын жасауға қатысады
• Фагоцитоз
3. Микроглиальды клеткалар:
• Фагоцитоз
4. Эпендималы глия
• Ликвор (ОЖЖ цероброспиналды сұйықтық) түзуіне қатысады
• Гематоэнцефальдық кедергі
ГЕМАТОЭНЦЕФАЛДЫҚ КЕДЕРГІНІ ҚҰРАДЫ:
1.Гистогематикалық кедергі, оларды құрайды:
• Капиллярлар қабырғасы
• Қан тамырлардың эндотелийі
• Базальды мембранасы
• Эндоплазмалық тор
• Ядролық мембрана
• Эритроциттер
2.Нейроглия
3. Ликвор кеңістіктер жүйесі
ГЕМАТОЭНЦЕФАЛДЫ КЕДЕРГІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
1.Биологиялық белсенді заттарды (ББЗ) қаннан, ликвордан миға
өтуін реттейді
2.Улы заттардың, токсиндердің миға өтуіне кедергі жасайды.
НЕРВ ТІНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
I. Миелинсіз талшықтар
бойымен қозу тегіс
таралады.
II. Миелинді талшықтар
бойымен қозу секірмелі,
яғни сальтаторлы
таралады.
СИНАПС
Синапс – бұл қозуды (немесе серпіністі) жүйке талшықтарынан
бұлшықетке немесе жүйке жасушасына өткізетін құрылымдық ұласу.
Синапс құрылымы:
1. Пресинапстық мембрана;
2. Синапстық с а ңылау;
3. Постсинапстық мембрана.
Рецепторлар: холинорецепторлар (М және Н
холинорецепторлар, адренорецепторлар – альфа, бета)
МЕДИАТОРЛАР ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қоздырғыш медиаторлар - ацетилхолин, адреналин, серотонин, дофамин.
Тежегіш медиаторлар - ГАМҚ, глицин, аланин.
Ацетилхолин, норадреналин, гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ), глицин,
гистамин, серотонин, дофамин.
Ацетилхолин қозуды жүйке клеткалардан ОЖЖ-ға өткізеді, симпатикалық
жүйке жүйесінің преганглийлік талшықтарынан қозуды гангийлерге
өткізеді.Парасимпатикалық жүйке жүйесімен қозуды эффекторға өткізеді,
қозғалтқыш жүйкелерден эффекторлық нейрондарға өткізеді.
Норадреналин қозуды симпатикалық жүйке талшықтардың
постганглийлерінен эффекторға өткізеді.
СИНАПСТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ:
1. Орналасуына байланысты:
аксо-аксонды
аксо-дендритті
дендро-дендритті
аксо-сомалық
ет жүйкелік
2. Әсер ету механизміне байланысты:
қоздырушы
тежеуші.
3. Ақпаратты өткізу түріне байланысты:
Электрлік
Химиялық
аралас
Химиялық синапстардағы қозуды өткізу
механизмі
Қоздырушы синапста:
Қозу серпінісі → жүйкенің
ұшы (жүйке бұршағы) →
пресинапстық мембрананың
деполяризациясы (Са++ кіруі
және медиатордың шығуы) →
медиатордың синапстық
саңылауға өтуі → постсинапстық
мембранада медиатордың
рецептормен байланысуы →
ҚПСП → ӘП генерациясы.
ХИМИЯЛЫҚ СИНАПСТАРДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ :
1. Қозу химиялық синапстарда медиатор арқылы өтеді.
2. Қозу бір жақты өтеді.
3. Тез шаршайды (медиатордың азаюынан).
4. Лабильдігі төмен 100-125 имп./сек.
5. Қозудың жинақталуы
6. Із салу
7. Синапстық кідіру (0,2-0,5 м/с).
8. Фармакологиялық заттарға іріктеп сезімталдығы .
9. Температуралық өзгерістерге сезімталдығы.
10.Іздік деполяризациясының болуы.
Тежегіш синапстарда :
пресинапстық мембрананың деполяризациясы → тежегіш медиатор
бөлінеді → постсинапстық мембрана гиперполяризацияланады ( К+
иондардың қатысуымен) → ТПСП.
ЭЛЕКТРЛІК СИНАПСТАРДЫҢ (ЭФФАПС)
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ .
1. Қозуды электр
тоғы арқылы
өткізеді
2. Қозуды екі
жаққа өткізеді
3. Лабильдігі
жоғары
4. Синапстық
кідіру жоқ
(саңылау тар)
5. Тек қозуды
өткізеді .
Рефлекторлық доға
Рефлекторлық доға (лат. reflexus — шағылысу) — сыртқы және ішкі әсер етуші
факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке
толқынының жүретін жолы.
Рефлекторлық доғаны кем дегенде сезімтал, байланыстырғыш (аралық), қозғалтқыш
нейроциттер тізбегі құрайды. Рефлекторлық доға қабылдағыш аппараттан (рецептордан),
орталыққа тепкіш (афферентті) жолдан, орталықтан (жүйке жүйесіндегі орталықтар
нейроциттерден тұрады), орталықтан тепкіш (эфферентті) жолдан, жауап беру мүшесі
(эффектор) бөлімдерінен құралады. Қарапайым рефлекторлық доға жұлын арқылы
тұйықталады, ал күрделі рефлекторлық доға жүлын және мидың қатысуымен іске асады.
Қорытынды
Нерв тіні – құрылымы мен функциясы жағынан нерв жүйесінің мүшелерінің
жетекші тіні. Ол нейрондардан және олармен тығыз байланысты глиоциттерден
тұрады.Нерв жасушалары нерв тінінің, демек бүкіл нерв жүйесінің де
құрылымдық-функциалық бірліктері болып табылады.Олар сенсорлық
информацияны қабылдап, қайта өзгертіп, электр импульстері түрінде кодтайды
және соңғыларды осы сенсорлық информацияға сәйкес түрде жауап қайтаруға
қабілетті басқа да диференциалданған эффекторлық жасушаларға өткізеді. Нейрон
– нерв тінінің басты құрылымдық бірлігі. Нерв тініндегі қоздырғыш, тежегіш
сигналдар таратылатын нейрондар тізбегінің күрделі жүйесі. Осы нейрондар
арасында қосымша қызмет атқаратын глиялардың да маңызы өте зор.
Нейрондардың өзә аксон,дендрит секілді бөлімдерден тұрады. Осы бөлімдер
арқылы сигналдар беріліп отырады. Аксондар нерв импульстерін үлкен аралықта
беруге қабілетті, ал дендрит болса қысқа аралықта сигнал тасымалдайды.
Нейрондар тізбегі рефлекторлық доғаны құрайды.Рефлекторлық доғада
рецепторларды, афференттік жолды, орталық буынын,эфференттік жолды,
эффекторды ажыратады. Сезгіш нейрондар дендриттері сезгіш нерв ұштарының
рецепторларынан дамиды. Рефлекторық доға- организмнің тітіркендіргіштікке
қайтаратын кез-келген жауаптарының субстраты, яғни негізі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Л.Ф. Гаврилов, В.Г. Татаринов «Анатомия», стр. 248-261
2. Р.П. Самусев, Ю.М. Селин «Анатомия», стр. 6307-332
3. В.Я. Липченко «Атлас нормальной анатомии человека»
4. М.Г. Привес, Н.К. Лысенко «Анатомия человека», стр. 401-433
5. Р.Д. Синельников «Атлас анатомии человека», том 2
6. Аяпова Ж.О. Гистология, оқу құралы Алматы. «Кітап» баспасы -2005жыл
7. Экспресс гистология учебное пособие\ М:ООО «Медицинское
информационное агенства» 2008 год
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz