Дара жарнақтылар класы


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: “Дара жарнақтылар класы. Лалагүлділер, астықтар тұқымдастарына сипаттама. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің медико-биологиялық маңызы. ”

Орындаған:

Мамандық:

Топ:

Тексерген:

Астана, 2018 ж.

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

а) Дара жарнақтылар класы

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Лалагүлділер тұқымдастарына сипаттама;

ә) Астықтар тұқымдастарына сипаттама;

б) Жоғары сатыдағы өсімдіктердің медико-биологиялық маңызы.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Дара жарнақтылар класы (Liliopsida немесе Monocotyledones) 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формаллары арқылы бір-бірімен байланыста болады, флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады; жапырақтары екі қатар түзіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер және т. б) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.

Slide 4

Дара жарнақтылардың ерекшеліктері:

Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады;

Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы;

Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады;

Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді;

Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.

Slide 5

Негізгі бөлім

Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные - Liliaceаe) жалпы сипаттамасы. Лалагүлдер тұқымдасының өкiлдерi дара жарнақтылар класына тән өсiмдiктер. Бұл тұкымдастың өкiлдерi бiржылдық, екiжылдык және көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Бұл тұкымдаста 10 туыс, 470-тей түр бар. Олардың көпшiлiгi тамырсабақты немесе баданалы (пиязшықты) көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары қандауырша тәрiздi, таспалы пiшiндi болып келедi. Жапырақтары әдетте отырмалы болып кезектесiп орналасады. Көптеген түрлерiнiң гүлдерi жиналып гүл шоғырын түзедi. Аздаған түрлерiнiң ғана гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, жай күлте жапырақшалар түрiнде берiлген, қос жынысты, дұрыс гүл. Аталығы екi шеңбер түзiп орналасады. Аналығы 3, сиректеу 4 жемiс жапырақшаларынан тұрады. Жоғарғы жатынды, жемiсi қауашақ немесе жидек. Қазақстанда 57 түрі бар.

Slide 6

Қызғалдақ туысы (тюльпан - Tulipa) . Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Қызғалдақтар шөлдi, жартылай шөлдi және далалы аймактарда кең таралған өсiмдiктер. Кейбiр түрлерi сиректеу орманды жерлерде де кездеседi. Гүлiнiң формуласы:♀♂ К3+3 А3+3 Ж(3)

Қазжуа туысы (гусиный лук - Gagea) . Туыста шамамен 70-тей түр бар. Өте ұсақ көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары жiңiшке, гүлдерi ұсақ, негiзiнен сары түст болады. Ерте көктемде гүлдеп, жемiс берiп, вегетациялық кезеңiн қысқа уақыттың iшiнде аяқтайды.

Сепкiлгүл туысында (рябчик - Fritillaria) 100 түр бар. Қазақстанда 5 түрi өседi. Олар сәндiк және дәрiлiк өсiмдiктер. Көптеген түрлерiнiң құрамында алколоидтар бар, сондықтан да олар улы өсiмдiктер.

Кандық туысында (кандык - Erythronium) 24 түрi бар. Қазақстанда сiбiр қандығы (кандык сибирский деп аталатын бiр ғана түр өседi. Қандықтың барлығы көктемгi сәндiк өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерiнiң пиязшықтарын тамаққа және дәрi-дәрмек ретiнде пайдаланады.

Slide 7

Астық тұқымдастарына жалпы сипаттамасы

Астық тұқымдастарң қоңырбастылар (лат. Poaceae) - дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т. б. ) . Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0, 5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен.

Slide 8 Slide 9

Мал азықтық астық тұқымдас шөптерді тұқымдары, масақтары бойынша анықтау:

Slide 10

Екпе күріш Құмай

Екпе күріш - биіктігі 50-150 сантиметрге дейін жететін біржылдық өсімдік . Сабағы түптеніп өседі. Жасыл, күлгін немесе қызғылтым жапырағының ұзындығы 50 ем, ені 1 ем болады. Гүлшоғыры - ұзындығы 10-40 ем көп масақты сыпыртқыгүл. Масақшалары тік өседі, қысқа гүлсаеацта бір ғана гүл болады. Гүл қабыршағы қатқыл қабықшалы, ұзын қырлы болып келеді. Оның төменгі бөлігінде көбінесе қылтанақ байқалады. Күріштің аталығы 6-ау. Дәнегі - жұқа қабықшалы. Отаны-Оңтүстіказиялық тропиктік орталық

Гүл формуласы:

Гс2А3+3Ж(3)

Құмай - астық тұқымдас біржылдық өсімдік . Сабағының биіктігі - 100-300 м. Сабағы өзегі толық, мықты, қалың өскен. Жапырағы жалпақ, сырты балауызды өңезбен қапталған. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл. Сыпыртқыгүлінің пішіні әр түрлі: тік өскен, имек басты болады. Кейбір сыпыртқыгүлдері тармақты, қымқырылған, жинақы болып келеді. Құмай (сорго) - азықтық, малазықтық және техникалық өсімдік. Оның отаны - Африка. Бұдан 5 мың жылдан астам бұрын құмайды баптал, өсірген. Құмай - жылу сүйгіш, ыстыққа, құрғақшылыққа төзімді өсімдік.

Slide 11

Жоғары сатыдағы өсімдіктер

Жоғары сатыдағы өсімдіктер өсімдіктер әлемінің негізгі екі тобының бірі. Екінші тобы - төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді ұрықты өсімдіктер(Embryobіonta, Emlryophyta), өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (Cormophyta, Cormobіonta), түтікті (теломды) өсімдіктер (Telomophyta, Telomobіonta) деп те атайды. Жер шарында Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай түрі белгіліОларға: риниофиттер, мүктәрізділер, плаунтәрізділер, қырықбуынтәрізділер, , ашық және жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер жатады.

Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы - құрылысы күрделі, көп клеткалы, қоршаған орта жағдайына бейімделген организмдер. Жынысты (гаметофит) да, жыныссыз (спорофит) да көбейе алады. Спорофиттерінде қозғалмайтын спора түзілетін көп клеткалы спорангийлер дамиды, гаметофиттерінде көп клеткалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ кейбір ашық тұқымдыларда (гнетум, вельвичия туыстары) және барлық гүлді өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері жойылып кеткен. Аналық гамета (жұмыртқа) біреу және ол қозғалмайды, зиготадан көп клеткалы ұрық дамиды. Оның алғашқы даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дің спорофиті негізінен жапырақ, сабақ, тамырға бөлінеді.

Slide 12 Slide 13

Қорытынды

Дара жарнақтылар класы (Liliopsida немесе Monocotyledones) 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формаллары арқылы бір-бірімен байланыста болады.


Ұқсас жұмыстар
Қос жарнақтылар класы
Даражарнақты класы
Қос жарнақты тұқымда
Қосжарнақтылардың тамыры
Қос жарнақты тұқымның құрылысы
Даражарнақ тылар класы
Жабықтұқымды өсімдіктер
Құлқайыр гүлдер тұқымдасы
Жабық тұқымдылардың өмірлік циклі
Құлқайыргүлділер тұқымдастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz