Қос жарнақты тұқымда



ОСӨЖ Тақырыбы: “Дәрілік өсімдіктердің морфологиясының ерекшеліктері. Дара жарнақты және қос жарнақты өсімдіктердің өсінділерінің құрылысы. Өркенді жүйе және өркендер морфологиясы. ”
Орындаған:
Мамандық:
Топ:
Тексерген:
Астана, 2018 ж.

Жоспар:
І. Кіріспе
а) Дәрілік өсімдіктердің морфологиясының ерекшеліктері
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Дара жарнақтылар;
ә) Қосжарнақтылар;
б) Өркенді жүйе және өркендер морфологиясы.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Әдебиеттер.

Кіріспе
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді.

Негізгі бөлім
Дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формаллары арқылы бір-бірімен байланыста болады, флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады; жапырақтары екі қатар түзіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер және т. б) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.

Дара жарнақтылардың ерекшеліктері:
Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады;
Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы;
Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады;
Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді;
Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.

Қызғалдақ туысы (тюльпан - Tulipa) . Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Қызғалдақтар шөлдi, жартылай шөлдi және далалы аймактарда кең таралған өсiмдiктер. Кейбiр түрлерi сиректеу орманды жерлерде де кездеседi. Гүлiнiң формуласы:♀♂ К3+3 А3+3 Ж(3)
Қазжуа туысы (гусиный лук - Gagea) . Туыста шамамен 70-тей түр бар. Өте ұсақ көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары жiңiшке, гүлдерi ұсақ, негiзiнен сары түст болады. Ерте көктемде гүлдеп, жемiс берiп, вегетациялық кезеңiн қысқа уақыттың iшiнде аяқтайды.
Сепкiлгүл туысында (рябчик - Fritillaria) 100 түр бар. Қазақстанда 5 түрi өседi. Олар сәндiк және дәрiлiк өсiмдiктер. Көптеген түрлерiнiң құрамында алколоидтар бар, сондықтан да олар улы өсiмдiктер.
Кандық туысында (кандык - Erythronium) 24 түрi бар. Қазақстанда сiбiр қандығы (кандык сибирский деп аталатын бiр ғана түр өседi. Қандықтың барлығы көктемгi сәндiк өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерiнiң пиязшықтарын тамаққа және дәрi-дәрмек ретiнде пайдаланады.

Қос жарнақты тұқымның құрылысы
Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық. Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.
Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б. ) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
Ұрық - алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.

Өркенді жүйе және өркендер морфологиясы
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады. Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы) . Споралы өркендер, сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады.

Өркеннің ұшы (апексі) алғашқы түзуші ұлпалардан тұрады. Осы ұлпаның белсенді бөлінуінен өркеннің алғашқы ұлпалары мен барлық мүшелері қалыптасады.
Өркеннің бой конусы тамырдағыдай тегіс емес. Оның бетінде жапырақ примордиялары деп аталатын жапырақ бастамаларының төмпешіктері үздіксіз қалыптасады. Олардың пайда болуы акропетальды ретпен төменнен жоғары қарай жүреді.

Сабақта орналасу ретіне қарай бүршіктер:


Қорытынды
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz