Өсімдіктің өсімді мүшелері



Тақырыбы: “Жер асты мүшелер. Тропизмдер. ”
ОСӨЖ
Орындаған:
Мамандық:
Топ:
Тексерген:
Астана, 2018 ж

Жоспар:
І. Кіріспе
а) Өсімдіктің өсімді мүшелері
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Тамыр жүйесі
ә) Тропизмдер
ІІІ. Қорытынды
ІV. Әдебиеттер

Өсімдіктің өсімді мүшелері
Вегетативті мүше
Генеративті мүше
Тамыр
Өркен
Бүршік
Сабақ
Жапырақ
Гүл
Жеміс
Тұқым

Кіріспе:
Мүше- өзіндік құрылысы бар, белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бөлігі. Өсімдіктің мүшелері өсімді (вегетативті) және көбею (генеративті ) болып
екіге бөлінеді. Өсімдіктің өсімді мүшелеріне тамыр, сабақ, жапырақ жатады. Өсімдіктің өсімді мүшелері екі түрлі жүйе құрайды: өркендер жүйесі (сабақ, жапырақ), тамырлар жүйесі (тамыр) .

Негізгі бөлім:
Тамыр (лат. radix) - жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегетативті мүшелерінің бірі. Тамыр ұшындағы меристема қызметіні нәтижесінде ұзақ уақыт ұшындыққа өсе алатын қабілеті бар, радиальды симметриялы мүше. Өркенен айырмашылығы -тамырда еш уақытта жапырақтар пайда болмайды және тамырдың ұшындағы меристема оймақшамен жабылған. Тамырдың 3 түрі болады:
Негізгітамыр- Тамырдың ұрықтан өсіп шыққан түрі. Негізгі тамыр тұқымының ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Топырақтан коректік заттарды соруға қатысады.
жіп тәрізді (мысалы, зығыр),
шашақ тәрізді (көбінесе астық тұқымдас өсімдіктерде),
білеу түрі (бұршақ тұқымдас өсімдіктерде) кездеседі.
Жанама тамыр - негізгі тамырдан тарайды.
Қосалқы тамыр - құрылысы күрделі өсімдіктердің жапырақтары мен перицикл қабатынан өсіп шығады. Қосалқы тамыр дара жарнақты және көп жылдық қос жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағының түп жағынан және тұқым жарнағының астыңғы қылтасынан дамиды. Пияздың түбіртегі, орамажапырақтың көсеу сабағы сияқты түрі өзгерген, сабақтардан да қосалқы сабақ өседі. Қосалқы тамыр Тамыр жүйесін ұлғайтады, негізгі және жанама тамыр жоқ жағдайда олардың қызметін атқарады, бұның кесіндісімен өсімдікті вегетативті көбейтуге болады.


Өсімдік тіршілігінде тамырдың атқаратын негізгі қызметтері:
Топырақтан суда және әртүрлі заттарды сіңіріп, оларды сабаққа және жапыраққа беру, бұл тамырдыңбасқа қызметі.
Өсімдікті субетратка бекіту, тамырлар үзілмейтін өте берік мүше.
Тамырда әртүрлі заттар синтезделеді: органикалық қышқылдар, амин қышқылдары, ферменттер, пигменттер, витаминдер, гормондар, алкооидар және т. б.
Тамыр жасушасында зат алмасуға қатысатын барлық қоспалар бөлініп шығады.
Топырақтағы кездесетін әртүрлі ағзалармен өсімдікті байланыстыруы, тамыр өзінің бөліп шығарушы қызметіне байланысты өсімдікті топырақтағы саңырауқұлақтармен, бактериялармен байланыстырады.
Қорлық заттарды жинау. Кейбір өсімдіктердің тамырлары қорлық заттардың жиналатын мүшесіне айналады. Мысалы, қызылша, сәбіз, шомыр т. б.
Тамыр көптеген өсімдіктердің вегетативтік көбею мүшесі болып табылады. Мысалы: сүттіген, көктерек, шие т. б.


Тамырдың түрөзгерістері:
Жемтамырлар
Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгереді. Мысалы: сəбіз, қызылша, шомыр, шалқан жəне т. б. . Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады.
Тіреу тамырлар - тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысвп өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып ұзарып, топыраққа(жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейіп, жуандайды.
Туреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Үлкен бөрікбасы мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Нарғызгүл (георгин), тəтті картоп, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды.
Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар жиналады. Жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады.



Тропизмдер (гр. tropos - бұрылыс, бағыт) - өсімдік органдары өскенде бір жақты әсер ететін тітіркендіргіштердің (жер тартылысы, химиялық зат, жарық, т. б. ) қимыл бағытының өзгеруі.
Өсімдік жасушаларының созыла өсуіне ондағы фитогормондардың (индолил сірке қышқылы, абсцизин қышқылы, т. б. ) түзілуі, тасымалы мен таралуы ықпал етеді. Әсер ететін факторлардың (тітіркендіргіш) табиғатына байланысты тропизмдердің бірнеше түрі ажыратылады. Егер өсу қозғалысы тітіркендіргіш факторға бағытталса - оң тропизмдер, ал егер қарама-қарсы бағытта болса - теріс тропизмдер деп аталады.

Геотропизм - өсімдіктердің жердің гравитациялық алаңына сай келуі. Тамырдың жер қыртысына ене өсуі оң геотропизм болса, сабақтың қарама-қарсы бағыттағы өсуі теріс геотропизм болады.

Фототропизм - жарықтың бір жақты әсерінен өсімдік органдарының қисая түсуі. Өскіндердің жарыққа қарай өсуі оң, ал қарама-қарсы бағытта өсуі теріс фототропизм мысалы, күнбағыстың өсуі) болып саналады.

Гидротропизм - өсімдік тамыр жүйесінің топырақ ылғалы бағытына қарай өсуі оң гидротропизм, ал шамадан тыс ылғалды (батпақты) топырақтағы тамырдың көлбей, жер бетіне жақын өсе орналасуы теріс гидротропизм. Осылайша тамыр өзінің тыныс алуын реттейді.

Тигмотропизм - өсімдіктің механикалық әсерге жауап ретінде өсу қозғалысы. Тұрақты түрде өсу аймағына механикалық әсер ету нәтижесінде өсімдіктің кері бағытта өсу қозғалысын байқауға болады. Бұл теріс тропизмдерге жатса, басқа өсімдікке жанаса, өрмелеп өсетін өсімдіктер (шырмауық) оң тигмотропизмнің мысалы бола алады.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz