Ұйқы безі ауруының туындау себептері


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: “Ұйқы безі”

Орындаған:

Мамандық:

Топ:

Тексерген:

Астана, 2018 ж.

Slide 2

Жоспар:

І. Кіріспе

а) Ұйқы безінің қызметі.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Инсулин;

ә) Гликоген;

б) Панкреатит.

ІІІ. Қорытынды.

ІV. Әдебиеттер.

Slide 3

Кіріспе

Ұйқы безі - грек тілінен аударылғанда -«барлығы еттен» деген мағына береді.

Ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т. б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады. Ұйқы безінің эндокринді бөлігі аралшалардан тұрады. Оны 1869 ж. П. Лангерганс сипаттап жазды. Аралшық жасушалары А, В, Д және РР болып бірнеше түрге бөлінеді. Ең көп кездесетін В- жасушалар инсулин гормонын түзіп, қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны гликогенге айналдырады. А- жасушалар түзетін глюкагон гормоны, керісінше, гликогенді глюкозаға айналдырып, оны қанға өткізеді. Д- жасушалар аз мөлшерде кездеседі. Бұл жасушалардың гормоны А- жасушалар гормондарының түзілуін тежейді. Д- жасушалар қан қысымын төмендететін, үйқы безі сөлінің бөлінуін күшейтетін гормон бөледі. РР- жасушалар гормоны қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің түзілуін реттейді. Ұйқы безінің жалпақтау болып келетін бас жағы ұлтабарға жабысып кірігіп тұрады.

Slide 4 Slide 5

Ұйқы безі ауруының туындау себептері:

Зат алмасуының бұзылуы;

Ішімдік, темекі шегу салдарынан;

Артық тамақтану;

Ас қорыту мүшелерінің ауруы;

Дәрі-дәрмектерді ұзақ ауқыт қабылдау (Әсіресе, гормонды дәрі-дәрмектер мен кейбір антибиотиктер) ;

Аутоиммунді аурулар;

Өт-тас ауруы;

Жас ерекшелігіне сәйкес ағзаның өзгеруі.

Slide 6

Негізгі бөлім

Инсулин (лат. insulinum insula - арал) - эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының B-жасушалары бөліп, қанға шығаратын гормон. Инсулиннің негізгі қызметі - глюкозаны клетка мембранасы арқылы транспорттау. Инсулинмен стимуляция глюкозаның клетка ішіне енуі 20-40 есе артады.

Көп уақыт инсулиннің ашылуы канадалық ғалымдарға Ф. Бантинг және К. Бест тиесілі деп ойлады, олар иттің ұйқы безінен гипергликемия және глюкозурияны жоятын экстракт алды. Зерттеу нәтижесін 1921 ж. 30 желтоқсанда физиологтардың жиналысында хабарлады. 1922 ж. 1қаңтарда олармен ұсынылған ұйқы безінен алынған экстракт 14 жастағы Леонарда Томпсонға енгізілді. Ол қант диабетімен ауырған және Торонтоның орталық ауруханасында болған. Бірақ ондай емнен нәтиже болған жоқ. Д. Коллип ұйқы безінен жаңа технология бойынша экстракт алды. Оны 1922 ж. 23қаңтарда дәл осы науқасқа енгізілді. Ол науқаста қанда қанттың төмендеуі байқалды. 1жылдан кейін инсулиннің коммерциялық препараттары шығып, қант диабетімен ауыратын науқастарға қолданылды. Канадалық ғалымдардың зерттеуінің алдында жарты жыл бұрын франциялық журналда румындық ғалым Н Паулецу жұмысы ұйқы безінен алынған экстрактты панкреатин деп атады. Инсулин екі тізбектен 51 аминқышқыл қалдықтарынан тұратын полипептид. А-тізбегі 21 аминқышыл қалдықтарынан тұрады, b-тізбегі 30.

Slide 7

Ағзаның барлық тіндерінде инсулин

көмірсу май ақуыз

электролит алмасуына әсер етеді. Ол глюкоза, белок және т. б заттардың транспортын жоғарылатады. Инсулин өз жұмысын нақтылы рецепторлар арқылы орындайды. Инсулинге рецептор тетрамерлі белокты структурада, ол мембрананың негізі болып табылады.

Slide 8

Рецептор негізгі үш қызметті атқарады:

Slide 9

Алты молекулдық инсулиннің компьтерлық көрсеткіші

Slide 10

Глюкагон

Инсулиннің коммерциялық препараттарын алғаннан кейін ұйқы безінде гипогликемия тудыратын фактор, глюкагон бар екені анықталды. Глюкагон 29 аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын полипептид:

Глюкагонның негізгі гликогенолитикалық әсері бауырда жүреді, онда ол гепатоцитті рецепторлармен байланысып, аденилатциклазаны белсендендіреді, ол АТФті цАМФке айналдырады. Әрі қарай цАМФке тәуелді протеинкиназа белсеніп, фосфорилазукиназаны белсендіреді.

NH2-Гис-Сер-Гли-Гли-Тре-Фен-Тре-Сер-Асп-Тир-Сер-Лиз-Тир-Лей-Асп-Сер-Арг-Арг-Ала-Гли-Асп-Фен-Вал-Глн-Три-Лей-Мет-Асн-Тре-СО2Н

Slide 11

Типтері:

Slide 12

Панкреатит

Панкреатит - бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы. Панкреатикалық шырынның құрамы: Амилаза - активті жағдайда бөлінеді, көмірсуларды ыдыратады, крахмальды гидролиздейді және оны мальтозаға айналдырады. Липаза - жартылай активті түрде шығады, оны активтендіретін өт қышқылдары мен кальций тұздары - майларды және май қышқылдарын, глицеринді қорытады. Протеаза - белоктарды аминқышқылдарына дейін ыдырататын фермент және протеолизге қатысатын ферменттер -трипсиноген, карбопептидаза, коллагеназа, дезнуклеаза т. б.

Slide 13 Slide 14

Қорытынды

Ұйқы безі - грек тілінен аударылғанда -«барлығы еттен» деген мағына береді.

Ішкі және сыртқы бездердің ең ірісі. Бұл бас, дене және құйрық бөлімдерден тұрады. Басы ұлтабармен жанасады. Без екі типті клеткалардан тұрады: біреуі гормондарды (инсулин, глюкагон), басқалары ішекке ұйқы сөлін бөледі. Оның құрамына маңызды ас қорыту ферменттері, оның ішінде трипсин, липаза, амилаза және т. б. трипсин белоктар мен пептидтерді аминқышқылдарға дейін ыдыратады, липаза майларды глицеринге және май қышқылына, ал амилаза қалған полисахаридтерді глюкозаға дейін ыдыратады.

Инсулин (лат. insulinum insula - арал) - эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының B-жасушалары бөліп, қанға шығаратын гормон. Инсулиннің негізгі қызметі - глюкозаны клетка мембранасы арқылы транспорттау. Инсулинмен стимуляция глюкозаның клетка ішіне енуі 20-40 есе артады.


Ұқсас жұмыстар
Аралас бездер
Ұйқы безі гормондарының биохимиясы. Бүйрек үсті қыртысты және милы қабығының гормондарының биохимиясы
Кетоз аурулары жайында мағлұматтар
Жыныс бездері
Бауыр және ұйқы безінің пальпациясымен және перкуссиясы
Эндокринология аурулары
Биіктік ауруы
ІШКІ СЕКРЕЦИЯ БЕЗДЕРІНІҢ ЖАСҚА САЙ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ұйқы безінің жас ерекшеліктері, гистологиялары
Ұйқы безі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz