Дезинфекцияның мақсаты



Дезинфекция

Дезинфекция (зарарсыздандыру) - қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. Дезинфекцияның мақсаты: ЕСМ палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою. Зарарсыздандырудың екі түрі бар: профилактикалық және ошақты.

Дезинфекция
ошақты
қорытынды
соңғы
күнделікті
профилактикалық
Емдеу-профилактикалық ұйымда АІИ алдын алу үшін жүргізіледі
терапия бөлімінде айына 1 рет жүргізіледі
науқас ауруханадан шыққан соң жүргізіледі
үйде бір неше рет жүргізіледі
инфекция ошағында алғашқы 6-12 сағат ішінде жүргізіледі
инфекция ошағында алғашқы 6-12 сағат ішінде жүргізіледі


Қорытынды - науқас емделіп жақсы болып емханадан шыққан соң, науқасты бір бөлімшеден екінші бөлімшеге ауыстырғаннан кейін немесе қайтыс болғаннан соң бір рет өткізілетін шара. Зарарсыздандыру мақсаты эпидемиялық ошақты инфекцияда толық бір жолата босату. Ол 1 рет жасалынады, қалалық жерде 5-6 сағат ішінде, ауылдық жерде 12 сағат ішінде келесі жағдайларда жүргізілу керек.

Соңғы - терапия бағыттағы бөлімшелеріге айына бір рет, ал хирургиялық
бағыттағы бөлімдерге және операциялық, таңғыш таңу, босану залдары, жаңа туылған балалар, шала туылған балаларға аптасына бір рет жалпы жинастыру жүргізіледі

Дезинфекция жүргізуге қажет заттар

Дезинфекция
аралас
биологиялық
химиялық
физикалық
механикалық
күн сәулесін қолдану
лизоформин қолдану
кір жуу
шаңсорғышпен өңдеу
Дезоксон-1 қолдану
формалин қолдану
УКС қолдану
қалдықтарды өртеу
желдету
Камералы дезинфекция
глутарал қолдану
антибиотиктерді қолдану
булы-ауалы дезинфекция
сарысуларды қолдану
кір жуу
қайнату
шаңсорғышпен өңдеу
УКС қолдану
қалдықтарды өртеу
күн сәулесін қолдану
кір жуу
қайнату
шаңсорғышпен өңдеу
УКС қолдану
қалдықтарды өртеу
желдету

Дезинфекциялық ерітінділер


Антисептикалық және дезинфекциялық заттар
Химиялық тобы
Препараттары
1. Құрамында галогені бар қосылыстар
Құрамында хлоры бар: хлорамин Б, хлоргексидин биглюконаты.
Йодты: йодтың спиртті ерітіндісі, люголь ерітіндісі, иодоповидон, йодинол, йоданат, йодопирон
Тотықтырғыштар
Сутегі асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
3. Ауыр металл тұздары
Сынап: сынап дихлориді /сулема/, сынаптың сары тотығы.
Күміс: күміс нитраты, проторгол, колларгол.
Мырыш: мырыш сульфаты, мырыш тотығы,
Мыс: мыс сульфаты
Висмут: ксероформ, дерматол

4. Альдегидтер мен спирттер
Формальдегид, гексаметилентетрамин
Этил спирті
5. Фенол мен оның туындылары
Таза фенол /карбол қышқылы/, ихтиол
6. Нитрофуран туындылары
Фурациллин
7. Бояғыштар
Бриллиантты жасыл, метилен көгі, этакридин лактаты.
8. Қышқылдар мен сілтілер
Қышқылдар : бор, салицил
Сілтілер: аммиак ерітіндісі
9. Детергенттер
Церигель, дегмицид, роккал, жасыл сабын
10. Табиғи препараттар
Тұнбалар, тұндырмалар және басқа да препараттар: календуланың, жапон сафо-расының, түймедақ гүлінің, шалфейдің, эвкалиптің, шайқурай, сарымсақ, пияз және т. б.
Антисептикалық өсімдік жинақтары: эктерицид, лизоцим, бализ-2

Дезинфекцияға арналған заттарға қойылатын талаптар:
- ыдыстардың қақпағы болу керек;
ыдыстар мен қақпақтар маркерленген болу керек (дез
ерітінді концентрациясы тағайындалуы, дайындалуы
уақыты жазылады) ;
- қымбат құрал-жабдықтар (эндоскоптар, т. б) қосымша
инструктивті-әдістемелік құжаттарға сай дезинфекция-
ланады.

Дезинфекциялық ерітінділерді қолданғанда медицина қызметкерлерінің қорғану ережелері:
1. Құрамындағы хлоры бар ерітінділермен жұмыс істегенде
медициналық қызметкерлер қолғаппен жұмыс істеу
қажет.
2. Дезинфекциялық ерітінділер теріге немесе жара қабық-
тарына тигенде оларды ағынды судың астында жуу қажет;
3. Дезинфекциялық ерітінділердің ыдыстары, ерітіндінің
атауы, оның концентрациясы, дайындау күні көрсетіліп,
белгіленуі керек.
4. Дезинфекциялық ерітінділерді науқастардың қолдары
жетпейтін арнайы бөлінген ғимараттарда (санитарлық
бөлме) сақтау қажет.

Қорытынды
Қорытындылай келе, дезинфекция, яғни зарарсыздандыру дегеніміз- қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады.
Біздің денсаулығымыз тікелей өзімізге байланысты, дезинфекция денсаулықты сақтаудың бәрден-бір жолы деп айтуға болады!

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz