Неврология аурулары, ауру симптомдары және жүйке жүйесінің диагностикасы


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: Неврология аурулары, ауру симптомдары және жүйке жүйесінің диагностикасы

Орындаған:

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

а) Жүйке жүйесінің аурулары;

ә) Ауырсынуды анықтауға арналған тәсілдер;

б) Жүйке жүйесінің диагностикасы мен әдістері;

в) Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар.

3. Қорытынды

4. Пайданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Жүйке жүйесі - адам мен жануарлар организмдерінің қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Гр. neurologia (грек, neuron - жүйке, жүйке жасушасы; logos - ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.

Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді, организм қызметін реттеп үйлестіреді. Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон) . Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.

Slide 4

Негізгі бөлім

Ми қыртысының жоғарғы төбе

бөлшегі зақымдануы кезінде:

Астреогнозия- заттарды сипап байқау арқылы ажырата алмау.

Аутотопоагнозия- өз дене мүшелерін ажырата алмау.

Аназогнозия-өзінің сырқат екенін сезінбеу.

Псевдополиомиелия- дене мүшелерін сипаттай алмау, қол-аяғы қысқарып не ұзарып кескінделуі, немесе бір аяғы, қолы жоқ болып сезілуі мүмкін.

Slide 5

Атаксия (гр. ἀταξία - ретсіз) - ағзаның қозғалу функциясының бұзылуы.

Атаксияға шалдыққан адам бойын билей алмай шайқалақтап жүреді. Әрбір қозғалыс бұлшық еттің үйлесімді қатысуынан туады, ал бұлшық еттің жиырылуы жүйке жүйесінен келетін импульстерге байланысты, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуынан және ми мен жұлынның зақымдануынан пайда болады.

Жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы түріне қарай, Атаксия үш түріне бөлінеді:

сензитивтік - жұлын мен органдар жүйке жүйесін зақымдануына байланысты,

мишықтық - мишықтың зақымдануына байланысты,

лабиринттік - мидың ісуінен және онымен байланысты нервтің зақымдануына байланысты пайда болады.

Инсульт (лат. insultus - соққы, қыспа талу, инсульт) - ми ұлпасының зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз) . Инсульттың басты себебі - гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы.

Slide 6

Неврит, невропатия (neurіtіs, грек. neuron - жүйке) - шеткі жүйкенің қабынуы. Бұл ауру әр түрлі жұқпалы аурулардың салдарынан, организмнің улануынан және витамин жетіспеушілігінен, зат алмасуының бұзылуынан, жүйкелердің жарақаттануынан және олардың қанмен толық қамтамасыз етілмеу әсерінен болады.

Альцгеймер ауруы - деменцияның ең кең таралған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда кездеседі.

Slide 7

Паркинсон ауруы - ересек адамдарда болатын созылмалы ауру. Нейромедиатор дофамин болып қолданылатын орталық жүйке жүйесінің немесе орта мидың қара субстанция нейрондарының бүлініп немесе өліп қалуынан пайда болады.

Slide 8

Семиотика- ( semeiotikos-басты белгілер) - симптомдарды, аурудың белгілерін, пайда болуын оқытады.

Сезімталдықтың бұзылу түрлері:

Мононевриттік синдром- сыртқы нервтің жекелеген біреуінің зақымдалуы.

Полиневриттік синдром- сыртқы нервтің ең тысқары зақымдалуы. “қолғап”, “шұлық” тәрізді.

Өрімдік синдром- нерв өрімінің зақымдалуына байланысты сезімталдықтың бұзылуы.

Түбірлік синдром- жұлынның артқы түбіршіктерінің зақымдалуына байланысты сезімталдықтың бұзылуы.

Slide 9

Ауырсынуды анықтауға арналған тәсілдер:

Ласег симптомы- шалқасынан жатқан сырқаттың созылып жатқан аяғын өкшесінен көтерген кезде белі мен аяғы шонданай нерві бойымен сыздап аурады(бірінші фаза) . Осы белгіні айқындай түсу үшін сырқаттың құрсақ маңайын ауырсыну білінген сәтте қолмен сипап байқағанда осы тұстағы бұлшық еттердің ширыға қатайғаны сезіледі. Мұны Венгеров симптомы деп атайды. Аяқты қайта қылтасынан игенде шонданай нерві босап, қайта өз қалпына келгендіктен ауырсыну сезілілмейді(екінші фаза) .

Нери симптомы- шалқасынан жатқан науқастың басын дәрігер қолымен иіп қозғаса, бел-сегізкөз тұсы аурады.

Slide 10

Ласегке қарама-қарсы Бехтеров симптомы- сырқаттың аяғын жазылған күйінде көтерсе, қарама-қарсы аяғында немесе бел-сегізкөз аймағында ауырсыну болады.

Вассерман симптомы - етбетінен жатқан науқастың аяғын мүмкіндігінше жазып байқағанда санның алдыңғы жағында ауырсынудың болуы.

Slide 11

Бонн симптомы- аяқтың жамбас-сан және тізе буынын иілген бойы бүгу арқылы бел тұсында және шонданай нерві тұсында ауырсыну білінеді.

Френц симптомы- еңкейген басты қарама-қарсы жағына бұрса мойында, иықтың үстіңгі жағынды және қолда ауырсыну күшейе түседі.

Slide 12

Сегменттік артқы мүйіз синдромы- жұлынның сұр затының артқы мүйізі зақымдануына байланысты сезімталдықтың бұзылуы. Мұндайда тиісті дерматомаларда ауырсыну және ыстық-суықты сезіну жойылады да жанасу және терең сезімталдық сақталады, яғни сезімталдықтың бөлініп ыдырауы ( диссоцация) байқалады.

Коммиссуральдық сегменттік синдром- жұлын сұр затының тұтасқан жерінің алдыңғы жағы, яғни ауырсыну мен ыстық-суық сезімталдығын өткізетін жолдың көру төмпешігіне дейінгі аралығының айқасқан тұсы зақымдалуы. Осыған байланысты дерматомалардың екі жағынан симметриялы түрде ауырсыну мен ыстық-суық сезілмейді де, жанасу және терең сезімталдық сақталады.

Ми бағаны синдромы- ми бағаны зақымданғанда кездесетін сезімталдық бұзылуы. Әдетте сезімталдық бұзылуының гемианестезия және гемигипестезия деңгейінде дененің зақымданған жаққа қарама-қарсы бөлігін қамтиды.

Көру төмпешігі синдромы- көру төмпешігі зақымдануына байланысты сезімталдықтың ауытқуы. Көру төмпешігінің зақымданған жағына қарама-қарсы дене бөлшектерінде сезімталдықтың барлық түрлері бұзылады.

Notes: Зімталдықшігі зне ақымдануына

Slide 13

Жүйке жүйесінің диагностикасы

.

1. Компьютерлік томография

2. Экстракраниальдық тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы

3. Эхо-энцефалография

4. Электроэнцефалография (ЭЭГ)

5. Бас миының потенциалдерын шақыру

6. Транскраниальдық магнит стимуляциясы

7. Магнит-резонанстық томография (МРТ)

Slide 14

1. Компьютерная томография - негізгі ренгенологиялық сәулелік диагностикалық әдіс. Зерттелетін объектті орталықта орналастырып, ренгендік түтіктер томографияда айналып қозғалады. Томографияның ерекшелігі ренгендік сәулемен объекттің барлық бөлігін сәулелендіріп, жіңішке қабаттарға ренгендік сәулені КТ-ң коллимирленген шоғыры арқылы өткізеді. Бас миының көлденең көрінісін сандық түрде көрсетеді.

Slide 15

2. Экстракраниальдық тамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы - ұйқы және омыртқа артериясының жағдайын тексереді. Ұстама болғанда немесе тұрақсыз жүру кезінде, бас айналу, әр түрлі бас ауруларында, ми қан айналымының жеткіліксіздігі кезінде емі мен диагностикасы үшін маңызды ақпарат береді.

Slide 16

3. Эхо-энцефалография - бас миын ультрадыбыстың көмегімен зерттеу әдісі. Ми қарыншаларының кеңеюін, бас іші гипертензия белгілерін тексереді. Емнің нәтижелігіне баға беру үшін, зерттеу ағымының қолайлылығы мен мүмкіншілігі, бас іші диагностикасында жоғарғы ақпараттылығы үшін тиімді әдіс болып есептеледі.

Slide 17

4. Электроэнцефалография (ЭЭГ) ЭЭГ - бас миына белсенді биоэлектродтарды тіркейтін әдіс. ЭЭГ вегетативті криздерде, талмаларда, ұстамаларда, естің бұзылуы кезіндегі аурулар диагностикасында шешуші рөлді сирек атқарады. ЭЭГ эпилепсия, нарколепсия, пароксизмальдық дистония, истерия, дәрілік интоксикация диагностикасында қолданылады.

Slide 18

5. Электронейромиография (ЭНМГ) Электронейромиография - бұлшықетті биопотенциал көмегімен арнайы электродтар қою арқылы активті функциясын тексереді.

Slide 19

6. Магнит-резонанстік томография (МРТ) - жоғары электромагнитті резонансты толқындар арқылы ішкі органдар мен тіндерді томографиялық ақпаратты тексеру әдісі.

Slide 20

Жүйке жүйесіне әсер ететін дәрілік заттар

Мұндай дәрілік заттар организмге жүйке жүйесінің қызметін тежеу арқылы әсер етеді, бауырдың әсерімен өзгеріске түсіп жойылады, ал артық мөлшері бүйрек арқылы организмнен шығады.

Ұйықтататын дәрілерге барбитур қышқылының хим. құрамы әр түрлі препараттары:

Slide 21

Тыныштандыратын дәрілік заттар

Slide 22

Наркозға арналған дәрілер

(грек. narkosіs - мелшию, ұйып қалу) - орталық жүйке жүйесіне арнайы дәрілер жіберу арқылы организмде жасанды түрде шақырылған терең ұйқы. Наркоздан кейін адам есінен толық не жартылай айырылып, ауыру сезімін жоғалтып, тіндер жансызданады. Наркоз берер алдында науқастың ауыз қуысы, асқазаны, ішегі толық тазаланады, жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі беріледі, мұны премедикация кезеңі деп атайды.

Slide 23

Ингаляциялық наркоз - наркотикалық затты тыныс жолдары арқылы енгізеді.

-Күре тамыр арқылы -Тері астына -Бұлшықетке -Тік ішекке

Ингаляциялық емес наркоз - наркотикалық затты баска жолдармен енгізеді.

Әсер ету уақытына байланысты ингаляциялық емес наркозды мынадай үш топқа бөлеміз: -Аз уақыт әсер ететіндер (10-15мин) : пропанидид, кетамин. -Орташа уақыт әсер ететіндер (20-40мин) : гексобарбитат, тиопентал натрий. -Ұзақ уақыт әсер ететіндер (60-мин) : натрий оксибутират.

Slide 24

Күре тамырлық анестезия - күре тамырына ауырсыздандыратын заттарды енгізу арқылы жүргізілетін жансыздандырудын түрі.


Ұқсас жұмыстар
Паркинсон ауруы жайлы түсінік
Неврологиядағы диагностика және емдеу әдістері
Листериоз жіктелуі
Дисфагия синдромы
Кессон ауруы және оның алдын алу
Симптомдар мен синдромдар жөнінде түсінік
Аурудың қоздырғышы
Эндокринология аурулары
Баяу дамитын вирустық инфекциялар және прионды аурулар
Митохондриялық тұқым қуалайтын аурулар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz