Потенциалды диабет


Slide 1

Тақырыбы: Қант диабеті

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Этиологиясы және патогенезі

2. Клиникалық көрінісі

3. Диагностика және ажырату диагностикасы

4. Емдеу және алдын алу шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қант диабеті - бұл инсулин секрециясының немесе инсулин әсерінің жетіспеушілігінен дамытын ағзада зат алмасу бұзылыстарымен сипатталатын нәтижесінде көптеген жүйелердің жүрек бүйрек көздің қан тамырлардың зақымдануымен жүретін созылмалы ауру

Slide 4

Соңғы кезде қантты диабеттің жиілеуі балалар арасында да байқалып отыр. АҚШ-та барлық диабетпен ауыратындардың 5% құрайды. Балалар арасында қантты диабеттің мүгедектікке ерте соқтыратыны оны әлеуметтік маңызы бар аурулар қатарына қояды. Қазақстанда қант диабеті нағыз індетке айналды. Онымен ересек те, бала да, арық та, толық та ауыруда. Дәрігерледің есептеуі бойынша, 16 жыл аяғында біздің отандастарымыздың 1 млн. 200 мыңға жуығы инсулин мөлшеріне тәуелді болады екен.

Slide 5

Инсулин- бұл ұйқы безінің лангерханс аралшасының бетта клеткасынан өндіріліп тікелей қанға сорылатын қалыпты жағдайда қандағы қант денгейін жоғарлатпай бір денгейде ұстап тұратын гормон болып табылады

Slide 6 Slide 7

Осы себептердің салдарынан ұйқы безі зақымдалып инсулинді бөліп шығару қызметі төмендеуінен қандағы инсулин мөлшері азайып қандағы қант денгейінің қалыпты мөлшерінен жоғарлауына алып келеді

Slide 8 Slide 9

Қант диабетінің 1 типі дамуы: диабетке бейімділігі жоғары адамдарда вирусты инфекция Лангерганс аралшалары клеткаларына қарсы антиденелер түзілуін туғызады. Бұл антиденелер инсулинтүзуші клеткаларды бұза бастайды, бірақ қант диабетінің белгілері (шөлдеу, жиі несеп шығару, дене салмағын жоғалту, шаршағыштық) тек бета клеткалардың 80% жойылғанда дамиды. Осыған байланысты антиделер түзілуі, аурудың басталуымен диабеттің айқын белгілері пайда болуы арасында айлар кейде жылдар өтуі мүмкін. Қант диабетінің 1 типінде инсулин түзілуі төмендейді, абсолютті инсулин жетіспеушілігі дамиды, сондықтан аурудың басынан бастап науқастарды инсулинмен емдеу керек. Отбасында ата-анасының біреуі диабетпен ауырса балаларда диабет даму қаупі 3-5%-ды құрайды. Егер ата-анасының екеуі де диабетпен ауырса диабет даму қаупі 10-25%-ға өседі. Қант диабеті 1 типі әзірге толық жазылмайды, қазіргі уақытта бета клеткалардың бұзылуын баяулатуға байланысты әдістер жасалуда, ол ауру басталуын кейінге шегеруі немесе дамуының алдын алуы мүмкін.

Slide 10

1 типті қант диабеттің клиникасы

Бастапқы мерзімдегі көріністері инсулин тапшылығына қатысты;

1 Айқын шөлдеу (полидипсия)

2 Полиурия

3 Арықтау

4 Тамақ құрғауы

5 Шаршау

6 Тәбеттің жоғарылауы

Slide 11

Қарағанда көңіл аударатын жайлар.

1 Айқын салмақ кемістігі

2 Тері, ерін, тіл құрғақтығы

3 Тері тургорының аса төмендеген

4 Балаларда алақан мен табанның өзгеше сарғыштығы

5 Капиллялар кеңеюі

6 Беттің қызаруы

7 Жараның ұзақ жазылмауы

8 Пиодермиялар

9 Пародонтоз

10 Терінің саңырауқұлақтық қабынуы тән.

Slide 12

Ағымын 3 кезеңге бөлеміз:

Потенциалды диабет

Жасырын диабет

Анық қант диабеті кезеңі

Балада қанда глюкоза мөлшері өседі. Гипергликемия глюкозурияға әкеледі. Зәрдегі глюкозурия оның тығыздығын жоғарылатады, полиурия байқалады. Қан көлемі азайып, полидипсия дамиды. Ағзада кетонды денелер жиналып, сілтілік - қышқылдық орта ацидозға ығысады.

Slide 13

Емі

Инсулин препараттарын қолдану, диета сақтау, және физикалық күш түспеуін қадағалау. Стол №9 диета тағайындалады: кәмпит, қант, бидай ұны, құрма алынып тасталады. Беруге болмайды: қара нан, қарақұмық, арпа, сұлы, картоп, капуста, сәбіз, қызылша. Майлар, әсіресе жануар майлары. Күніне 6 рет тамақтандыру қажет: үшеуі негізгі тамақ (таңертеңгілік, түскі, кешкі ас әрқайсысы 25% күндік калориядан) және үш рет қосымша тамақтандыру. Тамақтану уақыты мен тамақ мөлшері үнемі тұрақты болуы керек. Науқастарға диетотерапия принциптерін, күндік калорияны, тамақтануды реттеу және жоспарлауды үйрету қажет. Негізгі ем - инсулинмен емдеу. Инсулин дозасы аурудың ағымына, ауырлығына байланысты. Орташа күндік қажеттілігі 0, 25 - 0, 5 - 1Б/кг дене салмағына. Күніне зәрмен бөлінген қантты анықтап, 4 - 5гр қантқа - 1Б инсулин тағайындайды. Инсулиннің дозасы дәл болу үшін арнайы инсулин шприцтері болады. Инсулин теріастына салынады. Инсулин салатын жерлерді ауыстырып тұру қажет.

Slide 14

Патогенезі

Қант диабеті II типі инсулинге резистенттілік нәтижесінде дамиды. Ағзаның тіндерінде (май, бұлшықет, бауыр) инсулин әсер ететін инсулинді рецепторлар бар. Рецепторлар инсулинмен әрекеттескен соң, глюкозаның тіндерге енуі күрт артады. Инсулин рецепторлары патологиясында олардың инсулинмен әрекеттесуі бұзылады да тіндердің инсулинге резистенттілігі дамиды. Бұл жағдайда инсулин бөлінуі төмендемегендіктен, ол салыстырмалы инсулин жетіспеушілігі деп аталады. Көп жағдайда инсулин рецепторларының қызметі семіздік кезінде байқалады. Екінші жағынан артық тамақ жеу қандағы глюкоза мөлшері артуына әкеледі. Тіндердің инсулинге сезімталдығы болмағандықтан глюкоза клетка ішіне кіре алмайды. Ол үшін инсулиннің көп мөлшері қажет, сондықтан ұйқы безі инсулиннің артық мөлшерін өндіре бастайды, нәтижесінде бета-клеткалар гипертрофияланып, қант диабеті дамиды. Қант диабетінің ІІ типі тұқымқуалау қаупі 40%. Кейде қант диабетінің ІІ типі жеткіншектерде және жастарда дамиды, ол 50-80 % тұқым қуалайды.

Slide 15

Шағымдары

- жалпы жəне бұлшықеттік əлсіздік (энергия түзілу тапшылығына, бұлшықеттердегі гликоген жəне белок тапшылығына байланысты) ;

- шөл;

- ауыздың құрғауы;

- түнде де, күндіз де жиі жəне көлемді зəр шығару;

- тəбеттің ашылуы.

Slide 16

Негізгі диагностикалық шаралар

1. Қанның жалпы анализі (лейкоцитарлық формуламен) .

2. Зəрдің жалпы анализі.

3. Глюкоза деңгейін анықтау:

- гликемиялық профильді жүргізу (аш қарынға, таңертеңгілік астан соң 2 сағаттан кейін, түскі ас алдында, түскі астан соң 2 сағаттан кейін, кешкі тамақ алдында, кешкі тамақтан соң 2 сағаттан кейін, ұйықтар алдында - 22. 00 де, түнгі 3. 00 де) - 3 рет;

- қажет кезде гликемияны жағдай тұрақтанғанша сағат бойынша бақылау (10 - 15 анықтаулар) .

4. Жалпы холестерин деңгейін анықтау.

5. Триглицеридтер деңгейін анықтау.

6. Микроальбуминурияны анықтау.

7. Креатининді анықтау.

Slide 17

Қосымша диагностикалық шаралар

1. Гликирленген гемоглобинді анықтау.

2. Билирубинді анықтау.

3. Электрокардиография.

4. Құрсақ қуысы ағзаларын УДЗ.

5. Аяқ қантамырларының доплерометриясы.

6. Кеуде клеткасы ағзаларының Р-графиясы.

7. Окулист консультациясы.

Slide 18

Қант диабеті диагнозын қою көрсеткіштері

Диагноз қою көрсеткіштері

Дені сау балалар

Глюкозаға төзімділігі бұзылған балалар

Анық қант диабет

Ашқарындағы қант мөлшері

5, 5 және одан төмен

6, 7 - төмен

6, 7 және одан жоғары

Күштемеден 2 сағаттан соң қант мөлшері

7, 8 - төмен

7, 8 - 11, 1 ге дейін

11, 1 және одан жоғары

Slide 19

Профилактика

Біріншілік профилактика:

1. Диета.

2. Күшпен физикалық жүктеме.

3. Психо-эмоционалдық жағдайды қалпына келтіру.

4. Салауатты өмір салтын ұстану

Slide 20

Екіншілік профилактикалық шаралар

Гликемия, глюкозурия, АҚ деңгейін, ЭКГ тұрақты бақылау;

гликолизирленген гемоглобинді 3 айда 1 рет анықтау,

аяқ қантамырларының УДДГ - 6 айда 1 рет

жылына 1 рет окулист, невропатолог, қантамырлық хирург тексерулері.

Slide 21 Slide 22

Аурудың асқынулары гипергликемия - қандағы қант денгейінің біршама жоғарлауы нәтижесінде дамыды

Терідегі асқынулар- теріде беткей кейіннен терең жаралы іріңд процестердің дамуы

Диабетикалық ретинопатия - көрудің нашарлауына кейіннен толық көрудің жоғалуына дейін алып келетін көздің қан тамырлрының зақымдануы

Slide 23

Қант диабеті кезіндегі комалардың дифференциальді диагнозы

Slide 24

ҚД кезіндегі комалардың патогенезі

Кетоацидоз- ды кома

Гиперосмол- ярлы кома

Гиперлакта- циалық кома

Гипоглике- миялық кома

Гликогенолиз, глюконеогенез, липолиздің гиперактивтілігі, кетон денелерінің қанға көп мөлшерде тусуі, су электролиттер бұзылысы

Дегидратация мен гипергликемия нәтижесінде қанның осмостық қысымының жоғарлауы, гиповолемия- ның дамуы

Гипоксиямен гипоксемия нәтижесінде анаэробті гликолиз кушейіп, сүт қышқылының көп мөлшерде қанда жиналуы

Глюкозаның бірден курт төмендеуі нәтижесінде бас мидың оттегімен қамтасыз етілуінің жетіспеушілігі

Slide 25

Кетоацидозды кома кезіндегі жедел көмек

1. Инсулиннің орнын толтыру:

Алғашқыда 8-10 ХБте инсулинді куре тамырға енгізу, кейіннен сағатына инсулинді 6-10 ХБ тамшылатып енгізіледі.

Глюкоза денгейі сағатына 5-6 ммоль\ль ге дейін томендеуін бақылау керек

2. Инфузионды терапия

Slide 26

Гиперосмолярлы кома кезінде жедел көмек

1. Дегидратациамен куресу.

Алғашқы сағатта 1, 5-2литр натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі куре тамырға тамшылатып енгізіледі.

Әрі қарай 2ші-3ші сағаттарда 500-750мл ден енгізіп отыру қажет.

Журек шамасыздығы, ми ісінуі дамыуының алдын алу, бақылау.

Slide 27

Гиперлактациалық кома кезіндегі жедел көмек

Емнің мақсаты ацидозды коррекциялау. Ол реанимацияда интенсивті терапия турінде жургізіледі.

-Натрий гидрокарбонат 151мл- 2, 5% ерітіндісі куре тамырға

-Метилен көгі 1% 1-5мг\кг

-Оксигенотерапия

-Кокарбоксилаза100мг нан куре тамырға енгізу

-Инсулиотерапия(8ЕД инсулинді 500мл глюкоза ерітіндісінде араластырып)

Slide 28

Гипогликемиялық кома кезіндегі жедел көмек

Глюкозамен емдеу

60% 40мл глюкоза ерітіндісін куре тамырға енгізу, оны әр минут сайын қайталап отыру қажет


Ұқсас жұмыстар
Қант диабеті
Көз тор
Инсулин гармонын бөлетін без
СЕМІЗДІКТЕН НЕ СЕБЕПТЕН СУСАМЫР АУРУЫ ТУЫНДАЙДЫ
Майлар энергетикалық функциясынан басқа
Инсулин гормоны және ұйқы безі жұмысының бұзылуы
Қант диабетінің балаларда ерекшелігі
Қант диабетінің асқынулары
Жылқы малындағы қант диа беті
ДИАБЕТ ИНСУЛИННІҢ АСҚАЗАН АСТЫ БЕЗІНЕН ЖЕТКІЛІКТІ МӨЛШЕРДЕ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz