Азаматтық құқықтың қағидалары




Презентация қосу
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Орындаған:
ЖОСПАР:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
Азаматтық құқықтың қағидалары
Aзаматтың құқықтың қайнар көздері.
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Азаматтық құқық — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке
қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан.
Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық
кодекс екінші Конституцияға теңестірілген Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке
қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — мүлікті иелену, пайдалану және билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар.
Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты
қоғамдық қатынастар. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру.
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және
мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.
Ғылыми еңбектің авторы немесе өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы
қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай сыйақы алуға құқығы
болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.Жеке мүліктік емес
қатынастардың екінші тобын — мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді. Денсаулыққа келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды.
Дегенмен де, азаматтық құқықтыңнормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді (зиян
келтірушінің кінәсін, зиян келтіруші мен жөбірленушінің материалдық жағдайын және т.6.).Жеке өмірге, тұрғын үйге, ар-намысқа,
іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.
Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық
сипатын, сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл
тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.
Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі және бұл әрекеттерді
келісімшарт түрінде рәсімдейді. Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары
болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.
Негізгі бөлім
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
тараптардың теңдігі;
шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
еркіндік;
тәуелсіздік;
меншікке қолсұқпаушылық;
біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс,
өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге
бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады.
Олар: келісімшарт, меншік құқығы және міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен,
нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар — айырбас, жалға алу, сатып алу-
сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және өсиетнама.
Азаматтық - құқықтық қатынастар - құқықтық қатынастардың бір түрі. Олар
мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқықтық
нормалармен реттеу нәтижесінде пайда болады. Оның басқа құқықтық
қатынастардан ерекшелігі:
1) азаматтық – құқықтық қатынас субъектілері бір – бірінен мүліктік жағынан
тәуелсіз;
2) азаматтық – құқықтық қатынастардың қатысушыларының заңдық жағыдайы
теңдік қағидасына негізделеді;
3) азаматтық – құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтататын
негізгі заңдық факті болып шарттар (субъектілердің еркін ерік білдіру актілері)
табылады;
4) азаматтық құқықтар мен міндеттердің шынайы жүзеге асуының құқықтық
кепілі ретінде мүліктік сипаттағы шаралар қолданылады.
Азаматтық – құқықтық қатынастардың мазмұнына субъективтік құқықтар мен
міндеттер жатады. Субъективтік азаматтық құқық – бұл азаматтық – құқықтық
қатынас қатысушысының мүмкін деген , жол берілетін мінез – құлық шегі.
Субъективтік құқықтың мазмұнын құқықтық қатынас субъектісіне берілген
заңдық мүмкіндіктер құрады. Олар құқықтылық (правомочие) деп аталады.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: Қазақстан Республикасының
Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке
байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес
түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.
6-бапта:«Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей
қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет
етуге тиіс,
Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықырын жүзеге асыру көлемі мен
шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар
мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде
және жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше
орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі
институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі Жалпы және Ерекше бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық
күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық
кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы
азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.
Қорытынды

Азаматтық құқық дегеніміз — тараптардың бір-біріне тәуелсіздігіне, теңдігіне негізделген
тауар-ақша қатынасы, басқа да мүліктік қатынастарға тікелей байланысты жеке қатынастарды
реттеуге арналған құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан
Республикасының азаматтық құқығының негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, заңдар, заңға негізделген
актілер, әдеттік құқық, т.б. жатады
Азаматтық құқықтың қағидаларына:
1) тараптардың теңдігі;
2) шарт еркіндігі және таңдау құқығы;
3) еркіндік;
4) тәуелсіздік;
5) меншікке қолсұқпаушылық;
6) біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;
7) азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;
8) бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;
азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-
гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық /
А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы:
«Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.
2. https://stud.kz/referat/show/24872

Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛ ІГІ
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
Азаматтық,қазақстандық елжандылық,этносаралық келісім туралы ақпарат
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері жеке тұлға заңды тұлға
Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы
Азаматтық құқықтық қатынастар
Шарт жасасу және оның түрлері туралы
Азаматтық құқық қағидалары
Қазақстанда аграрлық заңнамалардың даму тарихы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
Пәндер