Миокард инфарктінің клиникасы


Slide 1

Презентация Тақырыбы: ЖИА. Миокард Инфарктісі

Орындаған:

Slide 2

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім:

а) Этимологиясы;

ә) Миокард инфарктінің клиникасы;

б) Миокард инфарктінің негізгі клиникалық синдромдары;

в) Миокард инфарктінің емі.

3. Қорытынды

4. Пайданылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. Миокард инфарктісімен сырқаттанатын науқастардың саны 1000 адамға шаққанда 2, 87 - 3, 08% - ын құрайды. ЖИА -ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктісінің жиілігі екі есе көбеюге жақындаған.

Slide 4

Негізгі бөлім

Миокард инфарктісінің негізгі себебі - тәж артерияларының стеноздаушы артеросклерозы.

Миокард инфаркті дамуының тікелей себептері: 1) тромбоздың салдарынан тәж артериясының окклюзиясы; 2) артеросклероз түймедағының арасында қан құйылып ісінуінен тәж артериясының бітелуі; 3) критикалық стеноз нәтижесінде тәж артериясының түйілуі; 4) тәж артериясының критикалық стенозы кезінде миокардтың оттегіге сұранысының күрт артуы.

Slide 5 Slide 6

Инфаркт дамуының негізгі уақытша кезеңдері:

Басынан 2 сағаттан кем;

Жіті-басынан 10 күнге дейін;

Өткір-басынан 10-45 күн;

Шабу сатысы-басынан 1, 5-6 ай.

Сондай-ақ инфаркт жүрек бұлшық етінің жекелеген бөліктерін де зақымдауы мүмкін, оның маңызды аймақтарын (трансмуральды немесе Q-инфаркт) қамтуы мүмкін. Субэндокардиальды инфаркт жүректің ішкі қабығын, субэпикардиальды - сыртқы қабығын зақымдайды. Егер инфаркт кең болмаса, онда жиі ол жүректің сол қарыншасын зақымдайды. Сонымен қатар, некроз аймағы қарыншаның әр түрлі бөліктерінде - бүйір, алдыңғы және артқы қабырғада, қарыншааралық қалқада орналасуы мүмкін.

Slide 7

Миокард инфарктінің клиникасы

Негізгі клиникалық көрінісі: төс артының қысып, ашып ауыруы. Ауырсыну сол иыққа, сол жауырын астына, білекке, қол ұшына, алақан бетіне таралады.

Ангинальдық синдромның ерекшілігі: ұстама кезінде вегетаивтік, эмоциялық құбылыстардың болуы, үрейлену, өлімнен қорқу, терінің бозаруы, тахикардия, ентігу, аритмия, маңдайдан тер шығуы.

Кеуде қуысында жағымсыз сезімдер, сол қолдың кейде “ұюы”.

Slide 8

Абдоминальды түрі-инфаркт симптомдары іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынумен, іштің кебуі, жүрек айнуы, құсу.

Демікпе формасы-инфаркт симптомдары үдемелі ентігу. Әлсіздік болуы мүмкін. Инфаркттің мұндай дамуы сезімталдықтың бұзылуы аурудың көріністерінің бірі болып табылатын қант диабетімен ауыратын науқастарға тән.

Церебральды форма-инфаркт симптомдары бас айналулармен, сананың бұзылуымен, неврологиялық симптомдармен; айнала болып жатқан түсініктің бұзылуымен сипатталады.

Коллаптоидты түрі-коллапстың дамуынан басталады; кенеттен артериялық гипотензия, бас айналуы, суық тернің пайда болуы. Кардиогенді шоктың көрінісі ретінде бағаланады.

Аритмиялық түрі-жүрек ырғағының бұзылуының пароксизмінен басталады;

Перифериялық-кеуде немесе арқа аймағында емес, тамақтың аймағында, сол қолында, сол жақ мизинецтің соңында, омыртқаның мойын-кеуде бөлігінде, төменгі жағында ауырсынудың оқшаулануымен ерекшеленеді.

Ісіну-науқаста ентігу, әлсіздік, салыстырмалы тез ісіну және тіпті асцит пайда болады, бауыр ұлғаяды - яғни оң қарыншаның жедел жеткіліксіздігі дамиды.

Аралас-бірнеше атиптік формалардың әр түрлі көріністерін біріктіреді.

Slide 9

Лабораторлық зерттеулер: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды, қан құрамында фибриноген, серомукоид, гаптоглобин, сиал қышқылының артуы, С-реактивті протеиннің пайда болуы. Негізгі диагностикалық шаралардың тізімі:

1. Қанның жалпы анализі.

2. Несептің жалпы анализі.

3. Глюкоза деңгейін анықтау.

4. Креатинфосфокиназа (КФК) деңгейін анықтау.

5. Артериялық қысымды өлшеу.

6. Антропометрия жасау.

7. Қан коагулограммасын тексеру (негізгі тестілер) .

8. Калий/натрий деңгейін анықтау.

9. тексеру.

10. Эхокардиография жасау.

11. Капиллярлық қанның ұю уақытын анықтау.

12. Бета-липопротеидтер деңгейін анықтау.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Холтер əдісімен тəуліктік мониторлық тексеру.

2. Көкірекке екіпроекциялы рентгенография жасау.

3. Коронароангиография.

13. Холестерин деңгейін анықтау.

14. Тығыздығы жоғары липопротеидтер холестерині деңгейін анықтау.

15. Триглицеридтер деңгейін анықтау.

16. АЛТ деңгейін анықтау.

17. АСТ деңгейін анықтау.

18. Тропонин ИФА жасау.

19. Миоглобин ИФА жасау.

20. Билирубин деңгейін анықтау.

21. Несепнəр деңгейін анықтау.

22. Креатинин деңгейін анықтау.

23. Реберг сынамасын жасау.

24. Нəжісте жасырын қан бар-жоғын тексеру.

25. Құрсақ ағзаларын ультрадыбыспен тексеру (ультрадыбыстық зерттеу УДЗ) .

Диагностика критерилері

Slide 10

Ауруханаға дейінгі кезде көрсетілетін көмек:

1) Тіл астына нитроглицеринннің бір таблеткасын салып, 0, 25-0, 35 г аспирин ішкізу

2) Анальгетиктер салып ауырсынуды толық басу

3) Қатерлі болуы мүмкін ырғақ бұзылысын жою.

4) Жедел жүрек шамасыздығын жою

5) Кардиогенді шоктан шығарып алу

6) Клиникалық өлім болғанда реанимацияны жүргізу

7) Науқасты кардиологиялық бөлімшеге мүмкіндігінше тез жеткізу

Ауруханалық этапта жүргізілетін шаралар:

1) Ауырсынуды жою:

а) нитроглицерин

б) нейролептоанальгезия (фентанил, таламанол)

2) Оксигенотерапия

3) Тоқтаған қан ағымын қайта жүргізу және тромбтың әрі қарай ұлғаюына немесе жаңадан түзілуіне жол бермеу:

а) тромболизистік ем;

б) антикоагулянттық ем;

в) антиагреганнтар

4) Өмірге қауіп төндіретін аритмиялардың алдын алу (ß-адреноблокаторлар, метапролол)

5) Реваскуляризацияны ерте қалыптастыру және некроз көлемін шектеу. (каптоприл, эналаприл)

6) Метаболиктік кардиопротекторлармен емдеу (глюкоза, неотон, милдранат, гиполипидемиялық кардиопротекторлар)

Slide 11

Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған концентрат түріндегі Изокет әртүрлі генезді жүрек жеткіліксіздігінің, жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілікпен ілесе жүретін жіті миокард инфарктісінің терапиясында қолданылады.

Қолдану көрсеткіштері Аладин таблеткалар:Тұрақты жоғары қысым; Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (стенокардия) ; Вариантты стенокардия.


Ұқсас жұмыстар
Миокард инфаркті
ЖҮРЕК РИТМ
Миокард инфарктісі себептері
Жүрек ұшының изолирленген миокард инфаркті
Миокард инфарктісі
Бас ауру
Дәрумендер
Ерте кардит
Төменгі аяқ артерияларының атеросклерозы
Қан айналысының жетіспеушілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz