Жедел жәрдем шаралары



СӨЖ Тақырыбы:Наркотиктермен, алкогольмен, дәрілік заттармен улану
Орындаған:

Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
а) Алкогольмен улану: клиникалық көрінісі, жедел жәрдем шаралары;
ә) Наркомиктермен улану:емі;
б) Дәрілік заттармен улану: алғашқы көмек;
3. Қорытынды
4. Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе
Улану - ағзаға улы заттың кіруінің себебінен болатын ағза қызметінің бұзылуы немесе ауруға шалдығуы.
Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі.

Улану стадиялары:

Негізгі бөлім
Алкогольді ішімдіктерден улану
Қазіргі уақытта медициналық жедел жәрдем қызметінің мәліметтері бойынша тұрмыстық уланулардың жиірек кездесетін түрі - алкоголь және оның суррогаттармен уланулар. Алкогольмен улану этил спиртін немесе 12%- тан жоғары этил спирті бар сусындарды қабылдағанда дамиды. Этанол - өзінің психотропты әсеріне байланысты, орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) тежелу процесстерін төмендетеді. Ал ауыр түрдегі улануларда- ми клеткаларының метоболизмінің өзгеруіне қарай және оттегінің жетіспеуіне байланысты, қозу процесстері тежеледі. Алкогольды кома қандағы этанолдың құрамы шамамен 3 гл-ге жеткенде дамиды, ал 5-6 гл-ге көтерілгенде өлімге душар етеді. Ал 96% 300 мл-дей этил спирті ашқарынға қабылданса, өлімге әкелуі мүмкін.

Клиникалық көріністері
Науқас есінен танады
Тері жамылғыларынан суық, жабысқақ тер шығып
Беті қызарады
Дене қызуы төмендей түседі
Құсады
Зәрі мен нәжісі еріксіз бөлінеді
Ауыртқыш тітіркендіргіштерге реакциясы төмендейді
Патологиялық рефлекстер пайда болады
Қарашығы тарылады, ал тынысы бұзылған сайын, қарашығы кеңейе түседі
Тынысы сиреп, пульсі жиіленеді, әлсіз болады.
Кейде тырысулар байқалып, құсығын жұтып қояды, ол ларингоспазмға әкеліп соғады Механикалық асфиксияның әсерінен тыныс тоқтап қалады. Ары қарай, жүрек - қантамыр жүйесінің қызметі әлсірей түседі.

Жедел жәрдем шаралары
1. асқазанды жуу 2. 30% 50 мл этил спиртін, әр 3 сағат сайын ішкізу керек;
ал егер коматозды күйде болса, 1. 5% этил спиртін көк тамырға тамшылатып немесе 33% этил спирті көк тамырға енгізіледі; 2. 25-30 мг преднизолонды к/т; 3. 5% 2 мл глюкоза еріт к/т; 4. 4% 50 мл натрий гидрокарбанаты; форсирленген диурез; перитонеальды диализ; гемодиализ; көру қабілеті бұзылса - атропин, гидрокортизон ерітінділері 5. суборбиталды енгізіледі; 6. зеңбілге жатқызып, аурухананың токсикология бөліміне тасымалданады

Наркотиктермен улану
Тартқаннан немесе ішке қабылдағаннан сөйлеу мен қимылдың қозуы пайда болады, кейде галлюцинациялар көрінеді. Өзін көңілді сезінгендей қозу ұйқыға ауысады. Токсикалық мөлшерде қабылдағанда ауызы мен жұтқыншағында құрғау, жүрек айну, құсу, диарея байқалады.

Емі
Гашиш (анаша, марихуана)
Ингаляциялы жолмен уланғанда науқасты уланған аймақтан алып шығып, оттегімен ингаляцияны қамтамасыз ету керек; бензин ішке түскен болатын болса энтеросорбент енгізіп асқазанды жуу көрсетілген. Аспирациялық зақымдалуларда бронхолитиктермен ингаляция, оксигенотерапия тағайындалады; ауырсыну кезінде 1 процентті 1 мл мөлшерде тримеперидин қажет. Тыныс алу бұзылысымен бірге жүретін комаларда ЖӨЖ көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады.
Морфин және морфин тәрізді қосындылар (опия, героин, кодеин, және т. б. )
Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп, зонд арқылы асқазанды жуу керек. Тынысын бақылап ӨЖЖ дейін күресу қажет. Өзіндік тыныс алу сақталып, гипоксия белгілері болмаса к/т 0, 8 мг налоксан антоганистін тағайындайды және оған оң реакция болатын болса 0, 8 мг б/е енгізеді. Брадикардия кезінде атропин 1 мг к/т көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Медикаменттермен улану - сырттан енген улы заттек пен организмнің əрекеттесуінен туындайтын патологиялық жағдай.

Ацетилсалицил қышқылынан улану
Науқастың шағымдары: құсу, кейде кофе тұнбасы тəрізді құсық шығу, ентігу, тершеңдік, құлағы шулау, мазасыздық, енжарлық.
Клиникалық əйгіленістер: организмдегі ҚСТ бұзылуы - алғашқы кезде компенсациялық тыныстық алкалоз дамиды, кейін компенсациялық мүмкіншілік таусылған кезде метаболизмдік (алмасымдық) ацидоз дамиды.
Уланудың клиникалық көрінісі екі фазалы болып өтеді:
1-ші фазасы: дəрі қабылдағаннан кейін кем дегенде 6 сағат өткесін бас ауырады, құлақ шулайды, жүрек жиі соғады, ентігеді дем алуы минутына 50 ден асып кетеді, жүрегі айниды, құсады, психомоторлық қозу (еліру) пайда болады.
2-ші фазасы: 12 сағат өткеннен кейін - сопор, кома ауыр ентігу, гиперемия, гиповолемия, құрысқақ пайда болады, ішек функциясы бұзылады, гемокоагуляция бұзылады, асқазан мен ішектен қан кетеді, өкпенің кардиогендік емес ісінуі, коллапс дамиды.

Парацетамолдан улану
Науқастың шағымдары: іші ауыру, жүрек айну, құсу, тəбет жоқтығы, əлсіздік, ұйқысы келе беру.
Клиникалық əйгіленістері: парацетамолдан уланудың клиникалық ағымын 2 сатыға бөлуге болады:
I-сатысында бейспецификалы (телімсіз) симптомдар парацетамолды қабылдағаннан кейін 14 сағат ішінде білініп əрі қарай бірнеше тəулік бойы сақталуы мүмкін. Көп жағдайда асқазан-ішек бұзылыстары басым болып білінеді. Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) функциясы айтарлықтай əлсіремейді. Бауыр зардапталу белгілері жоқ, деңгейі қалыпты шамада болады. II-сатысында олардың деңгейі жоғарылайды, сонымен қатар билирубин деңгейі жоғарылауы, протромбиндік уақыт ұзаруы мүмкін. Егер 2 тəуліктен кейін бауыр функциясының көрсеткіштері қалыпты деңгейде қалса, көп жағдайда, бауырдың айтарлықтай зардапталмағандығын білдіреді.

Медикаменттермен улану алғашқы көмек
Науқас есінде болса оның басын биігiрек етіп жатқызып, түймелерін ағытады, қолдан келсе асқазанды жуып тазарту шараларын атқарған жөн. Ол үшін бірнеше стакан жылы суды немесе стаканға екі ас қасық ас содасын салып ішкізеді, одан соң құстыру әрекеттерін жасайды. Мұндай шараны бірнеше рет қайталайды. Одан соң қою шәй немесе кофе ішкен жөн.
Асқазандағы уды кетіру мақсатында іш өткізетін препараттарды аздап қолдануға болады.
“Жедел жәрдем” келгенше науқас адамды етпетінен жатқызып басын бүйірге бұрады. Бұл құсықтың кері
жұтылмауына жағдай жасайды. Ауыз
қуысындағы құсықты немесе сілекейді
таза дәке немесе мата оралған қасық арқылы
тазартады. Науқастың есін жидыруға
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz