ӨСӨЖ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ




Презентация қосу
ӨСӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ
РЕТТЕУ.

Орындаған:
Топ:
Мамандығы:
Тексерген:
ЖОСПАР:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
Термин туралы жалпы түсінік.
Фармацевтикалық терминология.
Дәрілік заттардың тривиальді атаулары.
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Термин сөз (terminus) - латындық және бұрын бұл «шекара, жеткілікті шеті» деген мағынаны
білдіреді.Термин сөздер немесе терминдік тіркес дегеніміз нақтылы мамандыққа немесе
жүйеге (ғылым, техника, ұйым ) айтылатын, оларды толық және анықтауға жұмсалатын
сөздер.Термин сөздің өзіне сай мағынасы, құрлымы, мазмұны және формасы немесе
дыбыстық комплексі (айтылуы және жазылуы) болады.

Термин сөз ғылыми түсінікті білдіретіндіктен интелектуалды аспаптың рөлін ойнайды.
Термин сөздердің көмегімен ғылыми теориялар концепциялар, заңдар қалыптасады.Жай
сөздерге қарағанда, термин сөздер дефинициялар арқылы ашылады, сөздерге анықтама
береді.
Дефиниция (лат, difinitio) – бұл тек негізгі мағынасын көрсету. Мысалы онтогенез (грек – on,
ontos сущее, существо - genesis даму, пайда болу)адам морфологиясы, физиологиясы,
биохимиясының дамып соңғы өмір сүру дағдысына дейінгі құрылым. «Аэрофия» (грек air ауа
+ phiotos жақсы көруші) ортадағы, айналадағы оттегінің қышқылдануы реакциясы арқылы
энергияны алатын микроорганизмдер.Э нциклопедияларда,арнайы сөздіктерде,кітаптарда
бірінші рет қолданылып тұрған сөздер(термин) дефиниция арқылы анықталады.
Термин сөздер латын тілінде

анатомиялық – гистологиялық фармацевтикалық клиникалық
Негізгі бөлім
Фармацевтикалық терминология - фармацияда қолданылатын
терминология (грек тілінен “pharmacon” – «дәрі»). Балау, алдын алу, емдеу
үшін қолданылатын дәрілік заттарды дайындауға, стандарттауға, зерттеуге,
сақтауға, жіберуге арналған ғылым саласы. Көп ғасырлар бойы дәрілік заттар
атауларында латын тілі қолданылады. Фарматевтикалық терминологияда
қамтылған терминосистема фармацевтикалық терминология мен
рецептураны игеру үшін грамматикалық бөлімдер мен дағдылар қажет.
Сонымен қатар рецептурамен байланысты кейбір қосымша грамматикалық
тақырыптарды білу керек. Фармацевтикалық терминология дәрі-дәрмектің
жасалуы және колданылуы- медицина терминологиясының негізгі бір саласы
болып есептелінеді. Ал фармакология дегеніміз - бұл дәрі-дәрмектердің
ағзадағы әсерін тигізу жөніндегі ғылым.
Фармация – бұл өсімдіктен, мал өнімдерінен, минералдан және синтез
әдісімен алынған дәрі-дәрмектердің өндірісі мен қолданылуы.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ТРИВИАЛЬДЫ АТАУЛАРЫ.

Дәрілік заттар көптеген химиялық қосылыстар мен
химиялық номенклатурада берілген атауларымен бірге
қолданылады.Мысалы:Мырыш оксиді,салицил
қышқылы,натрий хлориді. Бірақ көптеген химиялық
қосылыстар дәрі-дәрмектер номенклатурасында
тривиальды атауларымен
қолданылады.Тривиальды(кәдімгі)атаулар дәрі-
дәрмектердің құрамы және құрылымы мен
көрсетпейді,бірақ бұл атаулар қолдануға өте ыңғайлы.
Себебі, ғылыми атауларды рецепттерде,этикеткаларда
және дәріханаларда қолдану ыңғайсыз.Мысалы:
анальгин-1-фенил-2.
Дәрілік заттардың тривиальды(кәдімгі) атауларының
жасалу тәсілдері.
Дәрілік заттардың тривиальды (кәдімгі) атауларының
жасалу жолдары алуан түрлі.Сөз құраушы негіз
ретінде бірнеше сөз қолданылуы мүмкін.Сөз құраудың
негізі “құрылыс” материалы –сөз,сөз құраушы
элементтер,түбір және грек,латын сөздік бөліктері
болып табылады.Мысалы: apisarthronum-
апизатрон(грек:apis-apa+arthron)- ара уы (буын
суықтағанда қолданылады) Mentholum-ментол (oleum
menthae-ментол майы).
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕР ҚҰРУДЫҢ
НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ
I. Көп дәрілік заттардың латын атаулары - –um-ға аяқталаын n тектік түріндегі екінші
жіктеудің зат есімдері: Ampicillinum. Бұл зат есімдер ілік септігінде –i-ге аяқталады:
Ampicillini. Екпін бұл терминдерде соңғы буынның алдындағы буынға түседі және қазақ тіліне
um жалғауынсыз аударылады - ампициллин..
II. n тектік түріндегі екінші жіктеудің зат есімдерінің біразы –ium жалғауына аяқталады. Олар
–ий, -форм жалғауымен сай келеді: натрий – Natrium, хлороформ – Chloroformium. Мұндай зат
есім ілік септігінде –ii-ға аяқталады: Chloroformii (бірінші і- түбірдің соңғы дауыстысы). Екпін
соңынан санағанда үшінші буынға түседі.
III. -а -ға аяқталатын шет елдік препараттар I жіктеу бойынша жіктеледі: Levodopa, Methyldopa
Қазақ тілінде -за-ға аяқталатын дәрілік заттар атаулары латын тіліне n тектік түрінде
аударылады: глюкоза – Glucosum, лидаза – Lydasum (бірақ: Asperasa, Gelatosa өзгермей қалады).
IV. Дәрілік заттардың тауарлық атаулары қандай түрде патенттелген болса, солай жазылуы
керек. Бірақ рецепт жазғанда ілік септігіндегі –і жалғауы арқылы жазылады: Magurol –
Maguroli, Taktivine – Taktivini.
V. Дәрілік заттарды жазғанда бірінші орында дәрілік зат формасы жазылады: solutĭo,
unguentum, tinctūra...
VI. Екінші орында ілік септігіндегі дәрі атауы бас әріппен жазылады: Solutĭo Lidocaīni – лидокаин
ерітіндісі, Unguentum Tetracyclīni – тетрациклин
VII. Фармацевтикалық термин құрамындағы сын есімдер терминнің соңында жазылады: Solutĭo
Hexoestrōli oleōsa – майлы гексэстрол ерітіндісі (бірақ, мынадай дәрілік зат формаларынан
кейін - membranulae – шілтер (плёнка), mixtura - микстура, suppositorium –балауыз, сын есімдер
дәрілік зат формасының атынан кейін жазылады, мысалы: Suppositorium rectale “Anusolum”).
ГЛОССАРИЙ

Латынша Қазақша Фармакологияға
қатысты мағынасы

Aerosolum,i n аэрозоль Арнайы орама көмегімен
дисперсті жүйені көрсететін
дәрілік форма.
Granulum,i n түйіршік
Дән түріндегі қатты д.ф.

Gutta,ae f тамшы Тамшы түрінде берілген және
ішкі,сыртқы қолдану үшін
арналған.
Unguentum,i n жағылма
Теріге жағу үшін арналған жұмсақ
д.ф .
Linimentum,i n сұйық жағылма
Сұйық жағылма.

Pasta,ae f паста Құрамында ұнтақ тәрізді
заттардың 20-25% бар жағылма.
Қорытынды
Термин сөздің жинақталуы терминоэлементке морфемдердің қайталануынмен сәйкес келмейді,кейбір
терминоэлемент сөздері бір жинақта екі-үш морфемнің жиналуы арқылы жасалады.

Қосымша + түбір + жұрнақ,қосымша + түбір + жұрнақ

Термин ғылыми немесе өндірістік технологиялық ұғым атауы болып табылатын арнайы қолданыстағы
дефинициясы(анықтамасы)бар сөз немесе сөз тіркесі.
Фармацевтикалық терминология — белгілі бір жүйемен байланысты терминдер жиынтығы. Терминдердің
қалыптасуы фармацияның қоғамдық және ғылыми -техникалық дамуымен байланысты, дәрітану саласында
жаңа түсініктердің пайда болуына байланысты сәйкес терминдермен белгіленеді. Терминологиялық жүйе
заманауи фармацевтикалық саланың даму сатыларына сәйкестендірілген. Көп базалық фармацевтикалық
терминдер,латын тілі,грек тілі, химия,биологиямен тығыз байланыста. Фармацевтикалық терминдердің
унификациялауын және реттеу мәселелерімен ҚР ДСМ Мемлекеттік фармакологиялық орталықтың
номенклатуралық комиссиясы және Фармакопеялық комитет қадағалайды. Фармацевтикалық терминдерді
унификациялау және реттеу процессінде бірқатар терминдер мемлекеттік стандарттар түрінде рәсімделеді
(терминдер стандартизациясы).
Бірақ терминдердің ғылыми анықтамалық мәнін мамандар ғана анықтай алады.Фармацияны ұйымдастыру,
басқару және экономикасы бойынша терминология фармация саласын мемлекеттік реттеу, фармацевтикалық
нарықтағы тауар жылжыту жұмыстарын ұйымдастыру, медициналық және фармацевтикалық тауартану,
фармацевтикалық сауда ұйымдарының экономикалық негіздері: жоспарлау, есеп, сараптау, фармацевтикалық
маркетинг және менеджмент практикасы және теориясы салалары бойынша терминдерден тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1.Чернявский М.Н. Латинский язык и основы медицинской терминологии. – М.: Медицина. –
2004.

2.Чернявский М.Н.Латинский язык и основы фармацевтической терминологии.- М.:Медицина. –
2002.

3.Айкенова Р.А.,Омашева Ж.М.,Туспекова Ж.Ж. Латын тілі пәні бойынша оқу құралы
(фармацевтикалық терминология).- Караганда,2006.

4.Глазкова Л.В. Пособие по латинскому языку: Фармацевтическая терминология. –Караганда:
КГМА – 2002

5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фармакопеясы, - Алматы: Жібек жолы, 2008. - 592с.

6. Лекарственные средства: Пособие для врачей / Машковский, Михаил Давыдович. - 15-е
изд.,перераб.,испр.и доп. - М. : Новая волна, 2006. - 1206 с. : ил.

7. Ахметова М.А. Медицина терминдерінің сөздігі.-Алматы-2005.
СҰРАҚТАР

1. Фармациялық терминология, фармакология, фармация
сөздеріне анықтама беріңіз?
2. Латынша термин қандай мағына береді?
3. Термин сөздер нешеге бөлінеді және олар қалай аталады?
Арнайы орама көмегімен дисперсті жүйені
көрсететін дәрілік форма.
сұйық жағылма
тамшы
Aerosolum жағылма

Дән түріндегі қатты д.ф.
Gutta түйіршік

паста
түйіршік
сұйық жағылма
Сұйық жағылма.
Pasta
Тамшы түрінде берілген және ішкі,сыртқы
қолдану үшін арналған.
Granulum
Құрамында ұнтақ тәрізді
заттардың 20-25% бар жағылма.
Unguentum

Теріге жағу үшін арналған жұмсақ д.ф .
Linimentum

аэрозоль

Ұқсас жұмыстар
Фармацевтикалық терминология жүйесі
Фармацевтикалық терминологияны реттеу
Дәрілік заттар айналымы саласындағы қатынастарды мемлекеттік реттеу
Анатомиялық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі
Сублимация әдісі
Дәрілік заттардағы гетероциклді жүйелер
Фазааралық керілу
Халықаралық анатомиялық номенклатура
Атаулар сөздігі
Медицина тақырыбындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Пәндер