Төтенше жағдайдан туындаған шығынды азайтуды ұйымдастыру шаралары


Slide 1

Төтенше жағдайдан туындаған шығынды азайтуды ұйымдастыру шаралары

Орындаған:Бұғабай Айбар

Қабылдаған:Сарбасова Г

Slide 2

Төтенше жағдай

MM. DD. 20XX

ADD A FOOTER

2

1. Төтенше жағдай (ТЖ) - адам және материалдық шығындарға әкелген немесе әкелетiн авария, апат, табиғи немесе экологиялық зiлзалаларға, эпидемияға, эпизоотияға және эпифитотияға байланысты объектiде немесе белгiлi бiр аумақта (акваторияда) адамдардың қалыпты өмiр жағдайлары мен қызметiнiң бұзылуы. Төтенше жағдайлар таралу ауқымына қарай: - жеке мәндiлiктi (зардабы қондырғымен, цехпен шектеледi) ; - объектiлiк (зардабы объектiмен шектеледi) ; - жергiлiктi (зардабы қаламен, ауданмен, облыспен шектеледi) ; - аймақтық (зардабы бiрнеше облыспен шектеледi) ; - кең ауқымды (зардабы республиканы, немесе республиканың бiр бөлiгi мен шектес елдердi қамтиды) болып тармақталады. Төтенше жағдайлар пайда болу себептерi бойынша табиғи және техногендiк болып бөлiнедi. 2. Төтенше жағдайлардың алдын алу - төтенше жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы мен зардаптарын болжау, төтенше жағдайлардың пайда болуының алдын алу, олар бола қалған жағдайда мүмкiндiгiнше шығынды шектеу немесе азайту, төтенше жағдайлардың ықтималдығы немесе сөзсiз болуы туралы басқару органдары мен халықты дер уақытында хабардар ету жөнiндегi, сол сияқты оның басталуы немесе тiкелей қатерi туралы хабарлау жөнiндегi шаралардың кешенi. 3. Төтенше жағдайларды жою - адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн тiкелей қауiптi жою, халықтың тұрмыс-тiршiлiгiн қалыпқа келтiру жөнiндегi авариялық-құтқару, авариялық-қалыпқа келтiру және басқа да кезек күттiрмейтiн жұмыстарды жүргiзу.

Slide 3

II. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар

ADD A FOOTER

3

Шараларды жүзеге асыруға Ғылымминi, ҚазҰҒА, Экономминi, жауапты министрлiктер, ведомст. Құрылысминi, Азаматтық қорғаныс волар, облыс (қала) әкiмдерi штабы, Көлiк және коммуникация. мен басқа да республикалық лар министрлiгi, ұйымдар "Қазселденқорғау" өндiрiстiк бiрлестiгi, Қазгидромет, басқа да министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың (қалалардың) әкiмдерi, акционерлiк және холдинг компаниялар, концерндер Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шаралар халықты, шаруашылық объектiлерi мен жердi қауiптi табиғи және техногендi құбылыстардың зиянды ықпалынан қорғау жөнiндегi iс-қимылдардың жалпы кешенiнiң маңызды буыны болып табылады. Бұл шаралар адамдар өмiрiн қауiпсiздендiруге, мүмкiн залалды елеулi түрде төмендетуге, ал жекелеген жағдайларда оны толық болдырмауға мүмкiншiлiк бередi. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi шараларға қауiптi құбылыстарды ғылыми зерттеулер, оларды болжамдау, жағдайды бақылау және басқалар жатады.

Slide 4

Ғылыми зерттеулер

MM. DD. 20XX

ADD A FOOTER

4

Қауiптi табиғи және техногендiк құбылыстарға ғылыми зерттеулер жүргiзу қажеттiлiгi олардың жиi қайталанатындығы мен жеткiлiксiз зерттелуiне байланысты. Зерттеулердiң басты бағыттары: - қауiптi табиғи құбылыстардың белсендiлiгiнiң даму барысына бақылау жасауды қоса алғанда, аймақтық және жергiлiктi геоэкологиялық мониторингтiң ғылыми негiздерi мен әдiстерiн әзiрлеу; - геоақпараттық жүйе жасау, геоэкология және қауiптi табиғи құбылыстардың ақпараттық өңдеу мен сақтау әдiстерiнiң проблемалары бойынша мәлiметтер банкiлерi мен бiлiм базаларын жасау; - қауiптi табиғи құбылыстардың және олардың қалыптасу ошақтарының кадастрларын жасау; - қауiптi табиғи құбылыстар мен техногендi апаттардың қалыптасу және таралу заңдылықтарын зерттеу, олардың есебi мен болжамының, алдын алу, бақылау және қорғаныс құралдары шараларының әдiстерiн әзiрлеу; сейсмикалық шыдамды үйлер мен ғимараттардың тиiмдi құрастырмалары және құрылыстардың сенiмдi жұмыс iстеуiнiң есебi мен жобаларының, ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамыту болып табылады.

Slide 5

3-ші әрекет

MM. DD. 20XX

ADD A FOOTER

5

Табиғи және өндiрiстiк объектiлердiң жай-күйiне саны мен сапасы бойынша жеткiлiктi режимдiк байқауларсыз, сол сияқты қауiптi құбылыстарды болжамдау бойынша тиiмдi әдiстер болмайынша төтенше жағдайлардың алдын алу мүмкiн емес. Iс жүзiндегi сейсмикалық бақылаулар жүйесi бұл күнде республикада мейлiнше бiркелкi емес және сейсмикалық қауiп пен жер сiлкiнiсiн болжауға баға беру үшiн, сол сияқты басқа да қауiптi құбылыстарға бақылау жасау үшiн қажеттi материалдар алудың ауқымын қамтамасыз етпейдi. Олардың техникалық жабдықталуы көпшiлiк жағдайларда қазiргi заман талабына жауап бермейдi. Сондықтан басты назар байқау жүйесi объектiлерiнiң жаңасын жасауға және қолданылып жүргендерiн жаңартуға, қауiптi құбылыстарды болжамдау мен хабарлау әдiстерiн әзiрлеу мен жетiлдiруге аударылуы тиiс.

1. Жағдайды байқау

3. бақылау

2. қауiптi құбылыстар ды болжамдау

4. хабар беру

Slide 6

4. Бақылау тораптарын құру және дамыту

MM. DD. 20XX

ADD A FOOTER

6


Ұқсас жұмыстар
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
Азаматтық қорғаудың басқару органдары
Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғау
Қаладағы экстремалдық жағдайлар және олардың түрлері
Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдайларға дайындық
Жер сілкінісі кезінде
ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ ОШАҒЫ
ЗАҚЫМДАНУ ОШАҚТАРЫНДАҒЫ ҚҰТҚАРУ
Апаттар медицинасының ұйымдастыру принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz