Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету




Презентация қосу
№ 14 тақырып
Кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету
Мақсаты. Отандық кәсіпорындардың
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
маңыздылығын жете меңгеру.
Міндеттер: 1) Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
маңыздылығын ашу;
2) Өнім сапасының бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы
ролін меңгеру
3) Бәсекелестік қабілеттілікке ықпал ететін факторларды
анықтау және жетілдіру
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-
келген экономикалық объектілерге тән
қасиет. Физикалық табиғатына және
атқаратын қабілетіне қарамай, барлық
тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру,
пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі
шеңберінде қарастырылады, мұндай
талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты
экономикалық қызметтің тәжірибелік мәні.
М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке
қабілеті — фирманың өз тауарын сату қабілеті.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың
тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде
қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты
өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл
тұтынушының талғамына сай келетін және оның
сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің
сипаттамалары қандай?
Оның негізгі кұрауыштарына не жатады:
А. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тік
елей байланысты және оның сапасына
көп көңіл аударылады. Көптеген
зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу
туралы қорытынды шешім (30-35%) оның
сапалық сипаттамаларымен байланысты
екенін көрсетеді.
В. Екінші құрауышы өнімді
сату мен сервисімен
байланысты. Тұтынушы көбіне
өнімнің сапасы төмен, бірақ
сенімді және қымбат емес
сервиспеи (мысалы, авто-
мототехника) сатылатын
тауарды таңдайды.
С. Үшінші құрауыш бұл
тұтынушыға, субъективті
фактор ретінде жағымды
немесе жағымсыз әсерін
тигізетіндер.
Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес
қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің
жиынтығы.
Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық
сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып
табылады.
Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау
кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу
кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет
деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.
Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына
мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың
“ нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау
үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал
фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен
байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы.
Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға
шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды
үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру
жұмысынан төмен болып қалды. Сапа — бұл фирма
беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік
персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім
сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық
жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз
етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге,
өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.
Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:
1. Экономикалық
1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық,
еңбек шығындары.
1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.
1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.
1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары.
1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану
нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.
1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс.
1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы.
1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек
шығындары.
2.Әлеуметтік
2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.
2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.
2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.
2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.
2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын
тиімсіз жұмсау.
2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.
2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.
3. Экологиялық
3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен
қосымша шығындар.
3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге
байланысты қосымша шығындар.
3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл
шаруашылық өнімдерінің шығарылу
көлемдерінің азаюы.
3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты
ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге
кеткен және тездетілген амортизация
шығындары.
Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде
айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.
Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын
пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін
көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)
Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын,
сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті),
қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін
кеткен шығындар).
Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда
немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз
ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің
нәтижелігін сипаттайды..
Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері — өнім
құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей
құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге
қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.
Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен
әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық,
антропометриялық, физиологиялық және психологиялық
қасиеттер).
Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық
көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын
сипаттайды.
Тасымалдау көрсеткіштері өнімнің тасымалдауға
бейімділігін сипаттайды.
Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен
қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.
Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау,
тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету
қасиеттері.
Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші
персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да
өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне
байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды.
Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға
жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің
эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар
осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.
Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға
қатынасын атайды:
Копт = Q (1)
C∑
мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;
Q – өнім сапасы;
C∑ - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.
Кәсіпорының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру үшін
келесі факторлардың жоғарылату
жолдары қарастырылуы тиіс.
Бұл факторлар өнімді зерттеуде
өзіндік сипаттары бойынша 4
топқа бөліп қарастырылады:
Бірінші топ - өнімнің сапасын
арттыру шаралары немесе
кәсіпорынның сапа жүйесін
жетілдіру.
Екінші топ - өнімнің бағасын
қалыптастыру немесе баға
саясатын реттеу.
Үшінші топ - өнімнің
тартымдылығын арттыру
немесе кәсіпорын маркетингті
жүйесін жетілдіру.
Төртінші топ - өнімнің
бәсекелік қабілетін
қамтамасыз ету немесе
өндірісті мемлекеттік қолдау.

Ұқсас жұмыстар
АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
ӨНІМНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Бәсекеге қабілеттілік
Кәсіпкерлік пәніне жалпы шолу
Туристік компанияның мақсаты
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі
Отандық өнім сапасы
Бәсекенің пайда болу шарттары
Кәсіпорын стратегиясы
Бәсеке нысандары
Пәндер