Минералды сулар - түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар



Сарыағаш минералды ас суы

Минералды сулар - түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы болады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық әсері бар құраушылар мөлшеріне қарай анықталады. Сондай-ақ көмірқышқылды сулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке әл береді. Кремний қышқылды, күкіртсутекті сулар ревматизм, бруцеллез, радикулит, жүрек, тері, т. б. көптеген ауруларға ем. Минералды сулар Қазақстан жерінде, таулы және жазық аймақтарда көп кездеседі. Қазіргі кезге дейін олардың 100-ден астам алабы зерттеліп, шипалық қасиеттері анықталған. Мысысалы, “Алмаарасан”, “Қапаларасан”, “Сарыағаш”, “Мерке”, т. б. көптеген емдеу-сауықтыру орындары бар.

Сары ағаш суы - Келес артезиан алабы өңірінен 1948 ж. табылган Сарыағаш шипалы суы, Сарыағаш минералды суы. Суының температурасы 42- 57°С. Үңғымалардан секундына 5 л су арындап шығады. Осы суды ем үшін пайдаланылатын "Сарыағаш" курорты 1956 ж. ашылды.

Сарыағаш минералды суы, Келес артезиан алабы өңірінен 1946-48 ж табылды. Шипалы-термальды суы сеноман ярусында, 800-1170 м тереңдікте, әрқайсысының қалыңдығы 150-200 м. Құмтас, қиыршықтас, саз қабаттарында кездеседі. Суы азотты, минералдылығы 0, 5-0, 8 г/л, гидрокарбонатты-натрийлі, сілтілі болып келеді. Кремний қышқылы (30-40 мг/л), фтор (1, 5-4, 4 мг/л) мөлшері көбірек. Суының температурасы 48-51°С. Ұңғымалардан секундына 5 л су арындап шығады. Сарыағаш қаласы тәулігіне 354 м3 су алады. Сарыағаштың шипалы суы дәмінің өзгешелігімен, емдік қасиеттерімен, сапасының жоғарылылығымен үлкен сұранысқа ие. Осы минералды су кені негізінде Сарыағаш шипажайы жұмыс істейді. Сарыағаштың табиғи емдік факторларын (минералды суы, емдік балшығы, климаты) негізінен ас қорыту жүйесінің, бүйректің созылмалы қабынуларын, буын ауруларын емдеуте қолданылады.

Курорт үңғымалардан төулігіне 84 м3, Сарыағаш қаласы тәулігіне 354 м3 су алады. Көл жағасы аласа, камысты. Сасықкөлге Тентек, Қаракөл, Ай өзендері қүяды. Шілде айында көл суы 29°С-ка дейін жылынады. Қарашаның аяғында мүз қатып (ақпандағы калыңдығы - 60-62 см), сәуірдің бас кезінде мұзы ериді. Көктемде өзен деңгейі көтерілген кезде Үялы көлімен жалғасып кетеді.

«Сарыағаш» мирералды суының құрамы
Сарыағаш минералды суы мөлдір, таза, иссіз, дәмі жұғымды және тұрғылықты химиялық құрамы бар әлсіз минералданған, әлсіз сілтілі, жоғарғы термалды, гидрокорбонатты натрилы минералды суға жатады. Сарыағаш курорты территориясында қазіргі таңда 7 ұңғыма (сква¬жина) бар, Сарыагаш ауданы территориясында 48 ұңғымадан (скважина) ыстық минералды су атқылауда.
Сарыағаш минералды су құрамында мета¬кремный қышқылы, азотты газ, аз мөлшерде30 түрлі микроқұрамдар, аралас битуминазды гумыстық типтегі органикалық заттар бар.
Сарыағаш суын таза табиғи күйінде іштей әрі сырттай 16-түрлі емде қолдалынады. Ішу, тіс ұяларын шаю, асқазанды жуу, дуоденал¬ды түтікшелеу (зондтау), тюбаж жасау, тоқ ішекті шаю, тік ішекті шаю, тік ішекті тазалап әртүрлі емдік клизмалар жасау, гинекологиялық шаю, АМОК-2 аппаратымен ішек шаю, мине¬ралды ванналар, су астында сумен массаж жасау, айналмалы душ, бұт астына өрмелеп берілетін душ, Шарко душы, жакузи ванналары қолданылады,
Шипажайда ең негізі ем минералды суды ішу болып табылады. Минералды су таңертеңгі, түскі және кешкі астың алдында ішіледі. Су ішу мен тамақтану арасындағы уақыт асқазан сөлінің қышқылдығына байланысты болады.

Жылына көлге 989 млн. м3 өзен ағыны, 100 млн. м3 жер асты суы, 212 млн. м3 жауын-шашын суы қосылады.

Сарыағаш шипажайы оңтүстік өңірінің алтын алқасы ғана емес, Қазақстан Республикасының бренді.
Кешегі Одақ кезінде де оның аты Қырым шипажайларымен бірдей аталатын. Ал суының емдік қасиеті жөнінде де онымен тең ке¬лер Қазақстанда ешқандай емдеу орны жоқ. Көптеген курорттар өзіндегі арасан суын мақтағанда Сарыағаш минералды суынан кем емес дегенімен, онысы шындыққа жанаспай жатар еді. Кешегі қайта құру, дағдарыс тұсында да көп шипажайлар емделетін адам таппай қиналып жатқанда, Сарыағаш шипажайы жайбарақат жұмыс жасап жататын. Жұрттың гүлге үймелеген арадай үйіріліп шықпайтыны ел аузында кәсіподақтыкі деп аталып кеткен, бүгінде ЖШС-і Сарыағаш шипажайы халықтың шипажайы деп аталуда. Сарыағаштағы он тоғыз емдеу-сауықтыру кешендерінің ішінде бағасы төмені де осы шипажай
Қанша ұлы қазақтың ізі қалған, Сарыағаш ден-саулықтың Меккесіндей. - демекші:
Сарыағаш шипажайында емделген Қазақстан Республикасының егеменді еліміздің аса құрметті белгілі адамдары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz