Ислам Конференциясы Ұйымы - мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған халықаралық ұйым



Ислам Ынтымақтастық Ұйымы

1969 жылы 25 қыркүйекте мұсылман мемлекеттерінің бастамасымен құрылған. Бүгінгі таңда 57 ел мүше, жалпы халық саны 1, 2 миллиардқа жетіп отыр. Ұйымға Ресей, Босния және Герцеговина, Тайланд бақылаушы ретінде қатысады. Ұйымның штаб-пәтері Сауд Арабиясының Джидда қаласында орналасқан. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) (2011 жылдың 28 маусымына дейін - Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ)
Ислам Конференциясы Ұйымы - мұсылман елдерін бір орталыққа біріктіріп отырған халықаралық ұйым. Ол 1969 жылғы қыркүйек айында Рабат қаласында (Морокко) өткен ислам әлемі саяси қайрат-керлерінің бірінші Ислам мәслихатында құрылған болатын. Оның алдында қойған негізгі мақсаты - өзіне мүше мұсылман елдерінің бірлігін нығайту, бірін-бірі қолдауын қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қауіпсіздікті күшейту, мәдени, өнер-білім салала-рындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту.

Мүше мемлекет
Қосылды
Деректер
Ауғанстан
1969
Тоқтатылған 1980 - Наурыз 1989
Алжир
1969
Чад
1969
Мысыр
1969
Тоқтатылған May 1979 - Наурыз 1984
Гвинея
1969
Индонезия
1969
Иран
1969
Иордания
1969
Кувейт
1969
Ливан
1969
Либия
1969
Малайзия
1969
Мали
1969
Мавритания
1969
Марокко
1969
Нигер
1969
Пәкістан
1969
Палестина Palestine Liberation Organisation
1969
Сауд Арабиясы
1969
Сенегал
1969
Судан
1969
Сомали
1969
Тунис
1969
Түркия
1969
Йемен
1969
1990 жылдан бері Йемен Республикасы Йемен Халықтық Демократиялық Республикасымен бірікті
Бахрейн
1970
2003 жылдан бері Бахрейн Патшалығы ретінде
Оман
1970
Катар
1970
Сирия
1970
БАӘ
1970
Сиерра-Леоне
1972
Бангладеш
1974
Габон
1974
Гамбия
1974
Гвинея-Бисау
1974
Уганда
1974
Буркина-Фасо
1975
Камерун
1975
Комор аралдары, Union of (previously Federal Islamic Republic of)
1976
Ирак,
1976
Мальдивтер,
1976
Джибути,
1978
Бенин,
1982
Бахрейн Darussalam, Sultanate of
1984

Нигерия, Federal Republic of
1986
Әзірбайжан,
1991
Албания,
1992
Қырғызстан,
1992
Тәжікстан,
1992
Түрікменстан,
1992
Мозамбик,
1994
Қазақстан Республикасы,
1995
Өзбекстан,
1995
Суринам,
1996
Того,
1997
Гайана,
1998
Кот-д-Ивуар,
2001
Тоқтатылды немесе шықты
Zanzibar
Jan 1993
Шықты тамыз 1993
Бақылаушы елдер
Босния және Герцеговина
1994
Орт. Африка
1997
Солтүстік Кипр Солтүстік Кипр Түрік Республикасы
1979
Ресми 2004
Тайланд, патшалығы
1998
Ресей Федерациясы
2005
Бақылаушы Ислам мекемесі немесе Коммуналары
Moro National Liberation Front
1977
Бақылаушы Ислами Институттар
Parliamentary Union of the OIC Member States
2000
Islamic Conference Youth Forum for Dialogue and Cooperation
2005

ИҚҰ-ның басшысы - Бас хатшы
Атқарушы органы - Бас хатшылық
Бас хатшыны мүше елдер Сыртқы министрлер конференциясында бір мәрте 4 жылға сайлайды.
Ұйым жанынан ашылып, дербес жұмыс істейтін төмендегідей органдар мен құрылымдар бар. Олар:
-Ислам даму банкі
-Ислам жаңалықтары агенттігі
-Экономика және мәдени мәселелер жөнінде ислам комиссиясы
-Иерусалим қоры
-Ислам астаналары ұйымы
-Ислам ғылыми-техникалық даму қоры

ИЫҰ-ның пайда болуының негізінде діни оқиға жатқанын естен шығармағанымыз абзал. Израильдің сионистік топтары Ислам әліміндегі ең қасиетті саналатын Әл-Акса мешітін өртеп жібергеннен кейін, осындай шектен шыққан оқиғалардың алдын алу үшін Ислам конференциясы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда ұйымның құрамында Ислам даму банкі мен Ислам білім беру ұйымдарының жұмысы жемісті болып тұр. Ал саяси мәселелердің түйінін тарқатуға ұйымның мүмкіндігі болмауда. Ислам елдері конференциясы ұйымының қанат жаюына Батыс елдері мүдделі емес. Мәселен, Мысыр кезінде Араб әлемін айрандай ұйытатын мүмкіндікке ие болды. Өкінішке орай, олар Израильмен соғыста жеңіліп, Израиль мен АҚШ-тың құпия келісімін қабылдауға мәжбүр болғанын бәріміз білеміз. Осыдан кейін Мысыр мен өзге Араб елдері арасында салқындық пайда болғаны белгілі. Бүгінде Араб елдері арасында Израильдің тек Мысырмен ғана дипломатиялық байланысы орнаған


Ұйым құрамындағы институттар
Бұл күндері Ислам Конференциясы Ұйымының аясында өзіндік мәртебеге ие негізгі үш институт жұмыс істейді. Олар: мамандандырылған, субсидиялық, аффилиирленген институттар.
Ұйымның мамандандырыл-ған институты құрамында Ислам даму банкі, Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы, Халықаралық Ислам жаңалықтар агенттігі, Ислам мемлекеттерінде телерадио хабарларын тарату ұйымы бар. Біз жоғарыда Ислам даму банкісі жөнінде айтқандық-тан, енді Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөнінде-гі Ислам ұйымына қысқаша тоқтала кетсек. Ол 1982 жылғы 3 мамырда құрылған, штаб-пәтері Марокканың Рабат қаласында. Негізгі мақсаты - Ұйым-ға қатысушы мемлекеттер арасында өз саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту, нығай-ту. Жетекшілік органдары - Бас конференция, Атқарушы кеңес, Бас директор. Мамандандырылған институт құрамындағы халықаралық Ислам жаңалықтар агент-тігі Жидда қаласында орна- ласқан. Ол 1972 жылы Ұйымға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлігінің үшінші конференциясының қарарына сәйкес құрылған болатын. Агент-тік тілшілері қазір әлемнің көптеген елдерінде жұмыс істеп жүр. Жаңалықтар негізінен, араб, ағылшын, француз тілдерінде жарияланады. Агенттік өз ақпаратын Катар жа- ңалықтар агенттігі арқылы Азия, Америка және Еуропа-ның 700 елді мекеніне таратуда. Ал енді, Ислам елдері-не телерадио хабарларын тарату ұйымы 1975 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол әлем халқын Ислам дінінің, өркениетінің асыл құндылықтарымен таныстыруда.

ИКҰ аясындағы Субсидия-лық институт құрамында мынандай құрылымдар бар:
Ислам елдеріне статистика-лық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулерді дайындау орталығы; Ислам тарихын, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы; Ислам сауда даму орталығы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz