Топырақ өңдеу жүйесі
Презентация қосу
Топырақ өңдеу жүйесі
Сабақтың мақсаты:
Топырақ өңдеу жүйесі жайлыжалпы
түсінік беру
Сабақтың міндеті:
Топырақ өңдеу жүйесі және оның түрлері
туралы студенттерге мағлұмат беру
Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылдарға, танаптың
жағдайына, яғни оның ылғалдық дәрежесіне, арамшөптермен
ластануына, топырақтың грануметриялық құрамына,
құрылымына, құрлысына, егілетін ауылшаруашылық
дақылдарының биологиялық ерекшеліктеріне, аймақтың
топырақ-климаттық және басқа жағдайларға байланысты.
Жүргізілу мерзіміне қарай топырақ өңдеу жүйесі егін себер
алдындағы және сепкеннен кейінгі болып бөлінеді.
Сүдігер жырту. Келер жылы көктемде себілетін
немесе отырғызылатын жаздық дақылдар үшін
осы жылғы жаздың екінші жартысында немесе
күзде жүргізілетін топырақты негізгі өңдеу сүдігер
жырту делінеді. Топырақтың құнарлылығын және
ауылшаруашылық дақылдарының өнімін
артыруда сүдігер жыртудың үлкен өндірісітік
маңызы бар.
Дәнді дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу.
Дәнді дақылдарға жаздық және күздік бидайлар, арпа, қарабидай, сұлы,
күріш, тары, қарақұмық және басқалары жатады. Олар көбінесе жай
қатарлы, тар қатарлы немесе тоғыспалы әдіспен себіледі.
Осы дақылдардың тұқым себу науқанын сапалы өткізуге, оның жылдам
және біркелкі көктеп шығуы мен өсімдіктің кейін қарқынды өсіп-дамуына
күзде сүдігердің сапалы өңделгеніне тікелей байланысты.
Егер, сүдігер жырту сапалы жүргізілсе, онда кейінгі орындалатын басқа
агротехникалық шаралар тиімді өткізіледі.
Отамалы дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі
Отамалы дақылдарға қатараралығы кең тәсілмен себілетін жүгері, мақта,
қант қызылшасы, темекі, күнбағыс, картоп, көкөніс, бақша және тағы басқа
дақылдар жатады. Аталған дақылдардың көпшілігі Қазақстанның оңтүстік
және оңтүстік-шығыс аймағының суармалы егіншілігінде өсіріледі. Жоғары
өнімді дақылдар болғандықтан оларға органикалық және минералдық
тыңайтқыштар беріледі. Жаз бойы дақылдардың қатараралығы 2-3 рет
культивацияланды. Осы себепті отамалы дақылдардан кейін танап
арамшөптерден біршама таза, топырағында ылғал мен коректік заттары
әжептәуір сақталған, топырағы нығыздалмаған, яғни танаптың
фитосанитарлық жағдайы дәнді масақты дақылдардан босаған танаппен
салыстырғанда әлдеқайда жақсы. Егер танаптағы аталған дақылдарды
уақытында сапалы түрде күтіп баптаса, яғни дер кезінде қатарарлықты
өңдесе онда осы көрсеткіштері жағынан отамалы дақылдар себілген танап
таза парға жақындайды. Сондықтан кейде отамалы дақылдардан кейін
танапты терең өңдемей, оның беткі қабатын культивациялау жеткілікті
екенін ғылыми-зерттеу мекемелері мен озық тәжірибе көрсетті.
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесі.
Ауылшаруашылық дақылдарының жақсы өсіп-
дамуына топырақты негізгі өңдеу жеткіліксіз. Себебі,
күзде топырақты негізгі өңдегеннен келер дақылды
сепкенге дейін қардың, ауылшаруашылық
машиналары мен құралдарының, тракторлардың
салмағынан топырақ тығыздалады, сондықтан оны
егін себер алдында өңдеп, қопысыту қажет.
Егін себер алдында топырақ өңдеудің алдына
мынандай талаптар қойылады:
- танапты өсімдік қалдықтарынан, арамшөптерден,
зиянды жәндіктер мен ауру қоздырғыштардан тазарту;
- себілген тұқымдардың жылдам және біркелкі көктеп
шығуы үшін қолайлы жағдай жасау.
Қазақстанның далалық ашық солтүстік аймақтарында
топырақты негізгі өңдеу жазықтабан сыдыратілгіш
култиваторлармен жүргізілгендіктен танап бетінде аңыз бен
өсімдік қалдықтары сақталады да мұндай жерде ылғал
жабуға тісті тырма жарамайды. Сондықтан, танапта ылғал
жабу үшін инелі БИГ-3А, БМШ-15 немесе жазық дискілі
сыдыражыртқыштар қолданылады.
Аталған өңірде тұқым СЗС-2,1 А дәнсепкішімен себіледі.
Ол бір жүріп өткенде 4 операция жасайды, яғни
арамшөптерді қырқады, тұқым себеді, топыраққа түйіршікті
тыңайтқыштарды шашады және топырақты жеңіл
нығыздайды. Сондықтан, тырмалаудан кейін топыраққа
жеке культивациялау жүргізбейді. Дегенмен, тұқым кәдімгі
дискілі дәнсепкіштермен (СЗП-24) себілсе, онда әрине дәл егін
себер алдында топырақты КПШ-9,КПШ-11 және басқа
құралдармен тұқым сіңіру тереңдігіне культивациялау
керек.
Назарларыңызға рахмет!!!
Қасен Бақытжан
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz