Сұлы дәнінің құрамы
Презентация қосу
Сұлы
Жоспар
Кіріспе
Ботаникалық сипаттамалары
Биологиялық ерекшеліктері
Өсу кезеңдері
Өсіру технологиясы
Сорттар сипаттама
Рейтинг
Қолданылған әдебиет
Кіріспе
Сұлы – жер бетінде 4000 жылдан бұрын пайда
болған дәнді дақыл. Ол туралы алғашқы
жазбаларды Греция мен Үндістанның медициналық
трактаттарынан кездестіруге болады, ал бұл
өсімдіктің дәндері ежелгі жерлеулерді қазғанда
табылған. Сұлының тарихи отаны Монғолия мен
Қытай болып саналады, қазіргі кезде ол көптеген
еуропалық елдерде өседі. Сұлы ботқасы
ағылшындардың дәстүрлі таңғы асы ғана болып
қоймай, Ұлыбританияның ұлттық символына
айналды. Ежелгі Қытай, Мысыр мен Үндістанның
шипагерлері онымен ауруларды емдеген және
жалпы нығайтатын әрі тыныштандыратын құрал
ретінде қолданған.
Қазір сұлыдан жасалатын ең танымал өнімдер –
сұлы қауызы, печенье мен ұн.
Сұлы печеньесі
Ботаникалық
сипаттамалары
Сұлының бірнеше ботаникалық түрлері бар. Бірақ
біздің елімізде тек оның екі түрі ғана: кәдімгі екпе
сұлы (Аvena sativa) және византио сұлысы (Аvenа
Вyzantinа) егіледі.Кәдімгі екпе сұлы шашақ
бастарының ыдыранқылығына қарап шашырап
шығатын шашақ басты (V. diffusae) және бір жалды
сұлы (V. orientalis) түрлеріне бөлінеді.
Арамшөп түрінде көп кездесетін қара сұлыны (Avena
fatua) және құм сұлысын да (Аvеnа sfrigosа) айта
кетуге болады.
Сұлының қауызды және жалаңаш дәнді болып
бөлінетін түрлері кездеседі. Жалаңаш дәнді сұлы
көбіне қауыздарға қарағанда өнімді аз береді, өсетін
орта жағдайына зор талап қояды.
Ботаникалық сипаттамасы.Сұлы
(Avena) қоңырбастар (Poaceae)
тұқымдасына жатады. П.И.
Жуковскийдің жүйелеуі бойынша ол екі
секцияға бөлінеді:
Avena Griseb – барлық түрлері
біржылдық (нағыз) сұлылар; бұған 16
мәдени және жабайы түрлер
біріктірілген.
Avena strum Koch – түрлері
көпжылдықтар, олар шалғындық астық
тұқымдастар және малазықтық шөп
ретінде пайдаланылады.
Сипаты
Биіктігі 60-100 см.
Сабағы жылтыр, бунақты болып біткен.
Жапырағы қандауыр пішіндес, гүлі қос
жынысты.
Гүлшоғыры - сыпыртқы.
Жемісі - түкті дәнек.
Жем өндіру мақсатымен өсірілетін
жаздық дақыл, ылғалды жерде жақсы
өседі, суыққа төзімді, топырақ
талғамайды.
Сұлы дақылы барлық малдың, оның ішінде
жылқының сүйсініп жейтін жемі. Жемдік
құнарлылығы да жоғары. Сұлымен қоректенген
сиырдың сүттілігі мен тауықтың
жұмыртқалағыштығы артады. Сұлы дәнінің
жармасы, талқаны басқа да мал азықтық өнімдер
жасауға пайдаланылады.
Сұлы дәнінде 10,2% белок, 5,4% майлы заттар
болады, 100 кг сұлыда 99,7 азық өлшемі бар.
Сонымен бірге оның құрамы аса қажетті кобальт,
цинк, марганец сияқты микроэлементтерге, В1 В2
витаминдеріне, кальций және фосфор элементтеріне
өте бай келеді. Сұлы ұны құрамында клейковинаның
жоқтығы-нан нан пісіруге жарамайды.
Сұлының химиялық құрамы мен құнарлылығы
Сұлының пайдасы оның бай құрамымен байланысты.
Бұл дақылда салмақты қалыптандыратын, қандағы
холестерин құрамын қажетті деңгейде ұстап тұратын,
тамырларды атеросклерозды түйіндерден тазалайтын
көптеген пайдалы заттектер бар. Бұлар В, F, А, Е,
крахмал, көмірсулар, ақуыздар, майлар, ферменттер,
аминқышқылдары, минералды тұздар, эфир майы
және қант.
Сонымен қатар, микроэлементтердің бірегей
жиынтығында атап өткен жөн: хром, цинк, кремний,
калий, мыс, селен, бор, вольфрам, йод, қалайы, титан,
стронций, цирконий және марганец.
Бірақ, бәріненде сұлының құрамында ас қорытуда
және зат алмасуға қатысатын пантотенді қышқыл көп.
Бұл дақыл диеталық өнім болып саналғанымен,
айтарлықтай құнарлы. 100 грамм өнімде 300 ккал бар.
Сұлы дәнінің құрамы
Ақуыз - 11-19%.
Май - 4-6%.
Крахмал - 40%.
Жасұнық - 11-13%.
Дәрумендер, минерал тұздар.
Вегетация кезеңі
Ауыспалы егісте бидайдан, отамалы,
бұршақ дақылдарынан кейін егіледі. Жылу
сүйгіштігіне қарай ерте көктемде, топырақтың
тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған
кезден бастап себеді. Вегетация кезеңі - көктеуі,
түптенуі, түтік шығаруы, масақтануы, гүлденуі,
дәнінің толып, пісуі 70-95 күнге созылады.
Өнімнің түсім мөлшерісұлының
ауыспалы егіс жүйесіндегі орны, топырақ
өңдеудің сапасы, минералды тыңайтқыштардың
түрлері мен мөлшері, оларды топыраққа ендіру
тәсілдері мен себу мерзімі, өскіндерді зиянкестер
мен аурулардан қорғау сияқты маңызды
технологиялық жағдайларға байланысты.
Екпе сұлы (лат. Avena sativa) – астық
тұқымдасының сұлы туысына жататын бір
жылдық және көп жылдық шөптесін
өсімдіктер туысы. Екпе сұлының өзінің үш
түрі бар: жайылма түрі (grex. var. diffusae)
- гүлшоғырының сыпыртқысы кең
жайылған және дәнініңқауызы бар,
біржалды түрі (grex. var. orientalis) -
гүлшоғырының сыпыртқысы қысыңқы,
дәнінің сыртында қауыз бар, ашық дәнді
түрі (grex. var. nudae) - дәнінің қауызы жоқ.
[1]
Сурет 2. Сұлы. 1,2 – г; б – гүлдену
шашақ және егін көгі кезеңдеріндегі
өсімдіктердің жалпы көрінісі; а –
сіпсебас (шашақ); б – дән; в - әртүрлі
сұлы түрлері мен түршелерінің
масақшасы: 3 – егістік қабықты сұлы; 4
– жалаңаш дәнді егістік сұлы; 5 –
кәдімгі қара сұлы (овсюг); 6 – құмдық
сұлы; 7 – византиялық сұлы; 8 –
оңтүстік қара сұлысы.
Avena туыстығының өсімдіктерінде гүл
шоғыры, қомақты, қысылған немесе
бірбүйірлі болып келетін сіпсебас (шашақ).
Шашақ орталық біліктен тұрады және ол
сабақтың жалғасы болып табылады, одан 2-3
– дәрежелі бұтақтар тарайды, әрбір бұтақтың
басында 2-3 гүлді немесе көпгүлді
масақшалар орналасқан. Масақша қауыздары
(қабықшалары) ірі, әрі жалпақ (кең),
жарғақты және көпжүйкелі. Гүл қауыздары
дәнді тығыз қаптаған (бүркеген). Дәннің
бүкіл беті жұмсақ түктермен көмкерілген.
Қоршаған орта факторларына қоятын
талаптары (биологиясы). Температураға
(жылуға) талаптары. Сұлы – қоңыржай
климаттың өсімдігі. Тұқымдары 1-2оС өне
бастайды. Көктеу мен түптену
кезеңдерінде салқындау (15-18оС) ауа-райы
дұрысырақ. Егін көгі қысқа мерзімді
бозқырауды (аязды) – 7-8оС – жақсы
көтереді. Өсімдіктерінің дамуына қарай
оның төменгі температураға төзімділігі
төмендей береді және гүлдену кезеңіндегі
бозқырау (-2оС) ол үшін қауіпті. Толысу
кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы,
оның астығы (дәндері) – 4-5оС бозқырауды
қалыпты көтереді.
Биологиялық
ерекшеліктері
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңінде сұлы үшін
белсенді температура жиынтығы ерте пісетін
сорттарында – 1000-1500оС, орташа
мерзімдегілерінде – 1350-1650оС, ал кеш
пісетін сорттарында – 1500-1800оС.
Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне
байланысты жаздық бидай мен арпаға
қарағанда көктемгі құрғақшылықтан аз
зардап шегеді.
Жабайы сұлы түрлері астық дақылдары және
басқа танаптық дақылдар егістіктерін
ластайды.
Жоғары температура және жазғы ауа
құрғақшылығын жаздық бидай мен арпаға
қарағанда сұлы нашар көтереді. 38-40оС-да 4-5
сағаттан кейін сұлы өсімдігінің устице
құрылымы сал ауруына шалдығады (ал жаздық
бидайда ол 10-17 сағ., арпада – 25-30 сағ. соң
басталады).
Дәннің толысуы сұлыда бидайға қарағанда
төменірек температурада қалыпты жүреді. Сұлы
жоғары температурадан осы кезеңінде ғана
емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің
толысу кезеңдерінде де қиыншылық көреді.
Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді. Оның үстіне
жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады,
масақша қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік
мүшелерінің қалыптасу кезеңдеріндегі оңтайлы
температура 12-16оС.
Ылғалға талаптары. Сұлы ылғалсүйгіш
өсімдік. Қабықты (қауызды) дәндері
жалаңаш дәнді дақылдарға қарағанда
бөрту үшін көбірек ылғалды талап етеді.
Сұлының тұқымы өну кезеңінде өзінің
массасының 65 %-дай су сіңіреді.
Сұлының транспирациялық
коэффициенті 400-600 аралығында
өзгереді. Оның ылғалмен
салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі
өсімдіктердің түтікке шығуынан
шашақтануға дейін, әсіресе
шашақтануға 10-15 тәулік қалған
кездегі топырақтағы ылғал тапшылығы
өте қауіпті.
Сұлы барынша жоғары астық өнімін
ылғалды, жаздың бірінші
жарытысындағы жауын-шашынды
жылдары береді. Солтүстік аудандарда
жаздың екінші жарытысында жауатын
мол ылғалды сұлы нашар
пайдаланады, өсімдіктерде сабан
өркендер түзіледі де вегетация кезеңі
созылып кетеді, нәтижесінде
бозқырауға дейін сұлы пісіп
үлгермейді.
Өсіп-жетілу (вегетация) кезеңі - 70-100
тәулік.
Топыраққа талаптары. Сұлы
салыстырмалы түрде топырақ
талғамайды, алайда құмдақ және
сортаңдау топырақтарда нашар өседі
де сазданған жерлерді көтере алады.
Ол үшін барынша байланған, қиын
еритін түрде болса да қоректік заттары
көп топырақтар жарамды. Басқа астық
дақылдарына қарағанда қышқыл мүкті
алқаптарда жақсы өсе береді.
Сортаңдаған топырақтардың оған
жарамдылығы шамалы.
Өсіруге рұқсат етілген сорттары:
Синельниковский 14- Ақмола, СҚО,
Қостанай облыстарында;
Мирный - Ақмола, СҚО, Қостанай, Шығыс
Қазақстан облыстарында;
Скакун –
Черниговский 28 - Қарағанды облысында;
Ертіс – Солтүстік Қазақстан облысында;
Бітік - Ақмола, Қызылорда, СҚО;
Льговский 82 – Шығыс Қазақстан
облысында;
Казахстанский 70 - Алматы, Қызылорда,
Оңтүстік Қазақстан облыстарында.
Сұлы өсіру технологиясы.Ауыспалы егістегі
орны (алғы дақылдар). Тамыр жүйесінің дамуы
және қоректік заттарды жақсы сіңіруіне
байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда
топырақ құнарлылығына аздау талап қоятын
дақыл деп есептеледі. Алайда сұлының астық
өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт
артады, сондықтан оны отамалы және дәнді
бұршақ дақылдарынан кейін орналастырған
дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты (N) қажетсінеді,
осыған байланысты оған дәнді бұршақ
дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл
болып табылады. Фитосанитарлық жағдайға
байланысты сұлыны өзінен және арпадан кейін
орналастырмаған жөн.
Топыраққа аз талғамы, алғашқы кезеңдегі
шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы
ауыспалы егісте сұлыны соңғы дақыл
ретінде орналастыруға мүмкіндік береді.
Ауыспалы егісте оны соңғы дақыл етіп
орналастырғанда басқа дақылдармен
салыстырғанда астық өнімін шамалы ғана
төмендетеді. Сонымен қатар жақсартылған
агротехника шараларына оның қайтарымы
мол.
Сұлыға цикадкамен жұқтырылатын
вирустық ауру шашақтың шыратылу
(закукливание) – қауіпті болып табылады.
Бұл ауруға, ол көктеу және түптену
кезеңдерінде барынша бейім және сұлыға
көп зиян шектіреді.
Тыңайтқыштар.Сұлы органикалық және
минералды, әсіресе азотты тыңайтқыштарды
жақсы қажетсінеді, сонымен қатар ол
органикалық және минералдық
тыңайтқыштардың соңғы әсерін жақсы
пайдаланады. Алайда олар алғы дақылдарда
жетімсіз болса, онда себумен бірге Р 2О5 берген
жөн (15-20 кг/га ә.е.з.мөлшерінде).
Тыңайтқыштардың жетімсіздігінен Солтүстік
Қазақстан аймағында сұлы үшін тыңайтқыш
енгізілмейді, ол әдетте сүрі танабына бидайға
енгізілген тыңайтқыштардың соңғы әсерін
пайдаланады.
Экологиялқ және экономикалық себептерге
байланысты топырақ өңдеу мақсаттары
мүмкіндігінше жұмыс операцияларының
санын, өңдеу қарқындылығын азайтуды
қарастырған дұрыс, басқаша айтқанда,
минималды топырақ өңдеу жағдайына
егістікті тікелей себу ойдағыдай жауап
береді. Қыста қар тоқтату (СВУ – 2,6, СВШ –
7, СВШ – 10) ылғал қорын молықтыруға көп
септігін тигізеді. Көктемгі ылғал жабу (БИГ
– 3, жалпақ дискілі сыдыра жыртқыштар),
себу алдындағы топырақ өңдеу (КПШ – 5,
КПШ – 4, КТС – 8 , КТС – 10 – 2 ж.б.).
Сұлы үшін топырақ
өңдеудің негізгі мақсаты –
оның өсуіне және дамуына
қолайлы жағдайлар жасау,
топырақта оңтайлы ауа –
ылғал және қоректік заттар
ережесін қаматамасыз ету,
жалпы алғанда сұлыға
топырақ өңдеу жүйесі арпаға
ұқсас.
Тұқымды себуге дайындау. Тазалау, бірінші
(негізгі) және екінші дәндерді бөлу, сұлы
триерлерін пайдаланып ірі дәндерді
сұрыптау, құрғақ ауада қыздыру және
дәрілеу жұмыстарын қарастырады.
Негізінен аталған агрошаралар бидайға
ұқсас. Алайда тұқымды дәрілеуде кейбір
ерекшеліктерді есте ұстаған жөн: қатты
қаракүйеге қарсы Витавакс 200 ФФ, 34 %
(2,5-3 кг/т), ал тозаңды қаракүйені 40 %
формалиннің судағы ерітіндісін (1 : 80
қатынасындай) пайдаланып (0,38 л/т)
тұншықтыру тәсілімен дәрілегенде
өңделген тұқымды брезент жапқыштың
астында 4 сағат ұстайды да, соңынан ауада
кептіріледі.
Себу мерзімі - Қазақстанда сұлыны астыққа өсірудің
маңызды агрошарасы. Биологиясына байланысты
сұлы ерте мерзімде себілетін дақыл. Алайда Солтүстік
Қазақстанда ерте себілген сұлы төмен астық өнімін
береді, ең алдымен қыста болатын тоң қабатының
баяу жібуінің әсерінен топырақтағы
микробиологиялық үдерістің әлі әлсіз жүруінен
сұлыға азот қоректік затының жетімсіздігімен
түсіндіріледі. Аталған ерекшелік негізінен сұлы
дақылына тән, өйткені ол өсіп-жетілуінің басында өте
тез өседі, ал сұлыны әдетте азот қоректік затының
қоры аз топырақтарға орналастырылады. Оның
үстіне, ерте себілген егістіктер Қазақстанда әдетте
байқалатын көктемгі және ерте жазғы
құрғақшылыққа тап болады да сұлының «ширатылу»
ауруына ұрынады, осының нәтижесінде өнім күрт
төмендеп кетеді. Айтарлықтай ерте себілгенде
сұлының толысу кезеңі де қолайсыз жағдайларда
өтеді.
Жоғары температурада (кейде өте
ыстықта) піскенде сұлы қабықтылығы
жоғары және ұсақ дән
қалыптастырады.
Солтүстік Қазақстанда сұлының
оңтайлы себу мерзімі – 25 мамыр – 5
маусым аралығы. Өйткені аталған
аймақтың далалы және орманды-дала
аудандарында өте ерте себілген сұлы
егістігі «ширатылудан» көп зардап
шегеді. Ауруға ұрынған сұлы молынан
түптенеді және мүлде шашақ түзбейді,
әсіресе бұл ауру ылғалды жазда
күштірек байқалады.
30 мамыр – 5 маусымда себілгенде
сұлының ылғалмен салыстырғандағы
қиын-қыстау кезеңі – түтікке шығу –
шашақтану – аймақта жиі болатын
жаздың екінші жартысындағы мол
жауын-шашынға сәйкес келеді.
Орталық Қазақстанда сұлының жақсы
себу мерзімі 28-30 мамыр. Батыс және
Шығыс Қазақстан жағдайлары
сұлының оңтайлы себу мерзімін
мамырдың 15-нен 25 дейінгі аралыққа
жылжытады.
Себу мөлшері топырақ, климат
жағдайларына қарай 2,5-4,5 млн/га
өнгіш тұқым аралығында өзгереді:
Қарағанды, Павлодар облыстарында
2,5-3,5; Ақмола, Қостанай – 3,5-4,0;
Солтүстік Қазақстан облысында – 4,0-4,5
млн/га.
Солтүстік аудандардың ауыр
топырақтарында тұқымның себу
тереңдігі 4-5 см, механикалық құрамы
жеңіл топырақтарда, кеш себілгенде
және ылғал жетімсіз болғанда – 6-8 см.
Егістікті күтіп-баптау себуден кейінгі
топырақты тығыздаудан басталады.
Салқын және ылғалды көктемде
арамшөптерге қарсы және топырақ
қабыршығын құрту мақсатында тұқым
өскіндері, дән ұзындығына тең кезеңде
егістікке көлденең бағытта тісті
тырмалармен тырмалау жүргізіледі.
Қосжапырақты арамшөптерді құрту
үшін жаздық бидай егістігінде
қолданылатын гербицидтердің бірімен
сұлының түптену кезеңінде бүріккен
дұрыс.
Егінді жинау. Сұлы біркелкі піспейді, әсіресе сабан
өркен (подгон) көп болғанда. Пісу кезеңінде бір
өсімдіктің әртүрлі шашақтарында, тіпті бір шашақтың
өзінде дәндердің пісуінде алшақтық байқалады.
Сұлы дәніне пластикалық заттардың жинақталуы
бидайға қарағанда ұзағырақ жүреді, сондықтан тым
ерте жинағанда айтарлықтай бөлігі толысып
үлгермейді.
Сұлы сабанының пісуі дәннің пісуінен өте кешігеді
(дәннің жинау кезеңінде сабақтары әлі жасылдау және
өте ылғалды күйде болады). Сондықтан сұлының ең
оңтайлы жинау мерзімі – шашақтағы масақшалардың
жоғарғы бөлігі толық пісіп, ал төменгі бөлігі
балауызданып пісу кезеңіне жеткенде жинау барынша
тиімді деп есептеледі.
Дестеде дегдіткенде немесе бастырғаннан кейін дән
толық пісіп-жетіледі де себу сапа көрсеткіштері
қалыпты жағдайда болады. Мұндай жинау тәсілінде
сабанның мал азықтық құндылығы да жоғары.
Сұлының химиялық құрамында әртүрлі
қоректік заттардың мол болуына байланысты
оны көптеген жануарларға мал азығы ретінде
өсіреді (Кесте 27).
Мөлшер
і, % Азықтық өлшем
1 а.ө. қорытылатын протеин, г
Өнім белок АЭЗ Май
түрі су
Астығы 13,0 3,2 61,0 5,4 8,3
Сабаны 15,0 5,8 39,0 1,9 34,3
Мекені 11,7 10,2 41,4 2,7 36,0
Жасыл 74,8 2,3 11,6 0,9 7,1
балауса
сы
Сұлының негізгі зиянкестері мен
аурулары
Зиянкестері:
сұлы трипсі
кәдімгі астық биті
Аурулары:
тозаңды және қатты қаракүйе
сабақ даты
бактериоз және қуыршақтану
Пайдаланылған
әдебиеттер
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz