РЕЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ АСТЫҚ КЕПТІРГІШТЕР
Презентация қосу
РЕЦИРКУЛЯЦИЯЛЫҚ АСТЫҚ
КЕПТІРГІШТЕР
Рециркуляциялық астық кептіру технологиясы,
белгілі бір мөлшердегі сулы астықты құрғақ
астықтың мол мөлшерімен араластыруға
негізделген.
Кептіргіш агентінің өрлеу ағынында қоспасын
қысқа мерзімде қыздыруы, қыздырған астықты
10-15 мин жатқызғаннан кейін салқындатуды
алма-кезек алмастыру және кептірілген
астықтың көп бөлігін рециркуляциялап кептіру
іске асырылады.Қыздыру камерасындағы
кептіру агентінің температурасы 250-380°С,
астық қысқа мерзімде (2-3 мин) 50-60°С
қыздырылады.
Рециркуляциялық кептірудің
қалыптасқан процесі мынадан тұрады;
- қыздыру камерасында астық қыздыру
және жартылай кептіру;
- дымқыл және құрғақ астық түйісудегі
жылу және ылғал алмасуы;
- астықтың аралық және түпкілікті
салқындауы;
- кептірілген астықтың басым бөлігін
жартылай және бірнеше рет
рециркуляциялау.
Қазақтың астық және оны өңдеу
ғылыми-зерттеу институтында
«Целинная» маркалы
рециркуляциялы астық кептіргіштер
жасалынды және олар
Қазақстанның көптеген астық
қабылдау көсіпорындарында
ойдағыдай пайдаланылуда. Бұл
түрдегі астық кептіргіштердің әр
түрлі модификациялары
жасалынды: Целинная-20, Целинная-
30, Целинная-50 және Целиная-100.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында астық
кептіргіштердің негізінен үш типі-шахталық өнімділігі
сағатына 8-16 т, барабанды сағатына 4-8 т және
рециркуляциялық өнімділігі сағагына 30-100 т кептіру
-қолданыс тапқан.
Кептіру агентінің температурасы мен тұқымның қызуы
неғүрлым жоғары болса, соғүрлым астық және тұқым
тез кебеді. Алайда, тұқым белгілі бір температуралық
әсерде ғана сапасын төмендетпеуге бейімді. Тұқымның
ыстыққа төзімділігі, оның ылғалдылына, пісу дәрежесі,
кептіру уақыты мен дақыл түріне көп байланысты. Азық-
түліктік астықты кептіргенде де қыздыру температурасы
шектеледі. Кептіру жұмыстары дер кезінде және сапалы
жүргізілгенде астықтың егін жинағаннан кейінгі жетілуі
жеделдейді, қоректік заттардың шығыны азаяды,
тұқымның өнгіштігі көтеріледі, нандық сапасы
жақсарады, мекемелердің техникалық-экономикалық
көрсеткіштерінің тәуірлігі мен жоғары сортты ұнның
шығымы артады, күрделі қаржы мен астықты егін
жинағаннан кейінгі өндеуге кететін шығындарды
азайтуға айтарлықтай әсер етеді.
Кептіру жұмыстарының ережелерін анықтағанда
астықтың жоғары сапалылығы мен кептіру
өнімділігі қамтамасыз етілетін шектеулі ең
жоғары қыздыру температурасы таңдап алынады.
Астық кептіргіштерден 20-60 минөт аралығында
өтеді. Бұл уақытта ол кептіру агентінің
температурасына дейін қызып үлгермейді, өйткені
ылғалдың булану процесі кезінде жылу
шығындалады және барабанды кептіргіштерде
қыздыру агентінің температурасы астықтың
шектеулі қыздыру температурасынан әр уақытта
жоғары болады. Мысалға, негізгі дәнді дақылдар
үшін астықтың шектеулі қызуы +40, +45°С, ал
кептіру агентінің температурасы шахталық
кептіргіштерде +70, +130°С, барабанды және
рециркуляциялық «Целинный» типтес
кептіргіштерде +250°С, +300°С дейін өзгереді.
Солтүстік Қазақстан аймағындағы
астық қабылдау мекемелерінде қазіргі
уақытта «Целинный» типіндегі
(«Целинная-20», «Целинная-50»,
«Целинная-60» жене «Целинная-100»)
газды рециркуляциялық кептіргіштер
кеңінен тараған. Аталған астық
кептіргіште астықты тиімді кептірумен
қатар, бір мезгілде оны шөпшар
қоспасынан тазартады.
Целинная-20 астық кептіргіші
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz