Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары


Slide 1

Қазіргі Қазақстандағы тәрбие тұжырымдамалары

Орындаған:

Тексерген:

Slide 2

Жоспар:

Кіріспе.

Тәрбие құндылықтары.

Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері.

Тәрбие үдерісін ұйымдастыру ұстанымдары және методологиялық негізі

Тұжырымдаманы іске асыру шарттары.

Күтілетін нәтижелер.

Slide 3

КІРІСПЕ

Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алып ол Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде тәрбиені дамыту соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, субъектілерге білім беретін басқару органдарының, білім беру мекемелерінің барлық типтері мен түрлерінің заңды басым бағыттарының бірі болып отыр.

Slide 4

Қазақстан Республикасының бірқатар білім беру ұйымдарында нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескеретін педагогтар мен ата-аналардың, оқушылардың сұрыныстарына бағытталған тәрбие беру жүйесі құрылды және ол табысты қызмет көрсетіп келеді. Соның нәтижесінде жеке тұлғаға тәрбиелік ықпал жасаудың диапозоны кеңейді.

Алайда, Республика аймақтарында тәрбие беру ісінде шешімі табылмаған көптеген проблемалар бар, олардың бірінші тобына мыналар кіреді:

Тәрбиенің мақсатын және басым бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін нақты идеологиялық бағдар толық жасалмауы.

Ұлттық құндылық бағдарларының жоғалуы. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі,

Әлеуметтік институт ретінде отбасының тәрбиелік рөлінің әлсіреуі.

Адам өмірін аса маңызды құндылық ретінде бағаламау, салауатты өмір салтын елемеушіліктің басым болуы.

Бұқаралық ақпараттар құралдарының жеке тұлғаны қалыптастырудағы теріс ықпал етуі.

Slide 5

Білім беру жүйесінің ішкі себептерінен туындайтын тәрбие проблемалары екінші тобына жататындар:

Тәрбиенің жаңа парадигмасының ғылыми-әдістемелермен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі.

Педагогтардың тәрбие технологияларын жеткіліксіз меңгеруі.

Балалар қоғамдық ұйымдарының тәрбиелік потенциалы тиімділігінің төмендігі.

Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағдар беру жүйесінің жоғалуы.

Мектептерде және мектептен тыс ұйымдарында үйірмелер мен спорттық секциялар санының жеткіліксіздігі.

Slide 6

ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Адам . Біздің мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы - адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы.

Отбасы -болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы.

Отан, туған өлке - тағдыр берген, ата-бабасынан қалған, өз халқының мәдени, рухани мұрасымен, оның өткен тарихымен байланыстыратын әр адамның теңдесіз, бірегей туған жері.

Денсаулық, салауатты өмір салты - бақытты, үбірлі өмірдің міндетті шарты; өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарау адамның ішкі табиғи қажеттілігі болуы тиіс.

Еңбек - адам болмысының негізі, «адам өмірінің мәңгілік табиғи шарты».

Білім - әрбір жеке тұлғаның және әлеуметтік прогрестің дамуына қажетті шарт. Білімнің тәрбиелік мәні жеке бастың қамында емес, мақсатқа жетудің құралы.

Мәдени мұра - барлық адамзаттың және әр халықтың рухани және материалдық өмір саласындағы орасан зор байлығы. Нағыз мәдениет өзіне мәңгі бақи шындықты, мейрімділікті және әсемдікті біріктіреді.

Тіл - адамдардың негізгі қарым-қатынас құралы, аса маңызды әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі.

Достық - өзара сыйластық қарым-қатынастағы дербес, еркін таңдау. Достық адалдық және өзара көмек беруді ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті, ашық-жарқындықты, сенімді және махаббатты айғақтайды.

Slide 7

ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Мақсаты - жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру.

Міндеттер:

жас ұрпақты тәрбиелеудің әлеуметтік маңызы мен болашағын қоғамның түсінуіне көмектесу;

тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда интеллектуалдық, ұйымдастырушылық-педагогикалық, кадрлық, экономикалық, әдісте-мелік және т. б. ресурстарды шоғырландыру;

балалар мен жас өспірімдердің және жастардың түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды ұйымдастыру;

балалар мен жастардың қоршаған ортаға, қоғамға, табиғатқа оң көз-қарасын қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, әлеуметтік-педагогикалық жағдай жасау;

өмір бойы білімін арттыруына, кәсіби қалыптасуына жәнеөзін-өзі табысты көрсетуінеқажетті жағдай жасау.

Slide 8

ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҰСТАНЫМДАРЫ

Антропологиялық көзқарас тәрбиеленушілерді бірегей және тұтас жеке тұлға ретінде қарап, адам туралы білім кешенінде кең көлемді есеп жүргізуге бағыттайды.

Аксиологиялық көзқарас - санадан «беретін» және адамның әлемге, адамдарға, өзіне қатысты әмбебап жалпы адамзаттық құндылықты қамтиды; табиғатпен, әлеуметпен, мәдениетпен барлық өтіп жатқан қарым-қатынасындағы жеке тұлғалық мәндерді тәрбиелеуде баланың өз білімінің, өмірінің мәніне ие болуына бағытталған.

Slide 9

ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ:

Табиғилылық қағидасы тәрбие табиғи және әлеуметтік-мәдени үдерістердің өзара байланысының ғылыми түсінігіне және балаларды тәрбиелеуде олардың жеке тұлғалық және жас ерекшеліктерін ескерудің қажеттігіне негізделеді.

Мәдени сәйкестілік қағидасы тәрбие жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделетіндігін, жалпы адамзаттық құндылықтарға сай дәстүрлер мен ұлттық мәдени нормаларға және аймақтық ерекшеліктерге сәйкес құрылады.

Мақстаттылық қағидасы мақсатты талаптың айқындығын, ұжымдық сұранысқа нақты есеп жасауды, тәрбие қызметінің басты түрлерін дұрыс таңдауды қарастырады.

Гуманистік бағыт қағидасы әрбір жеке тұлғаға құрметпен қарайтын, оның барлық мәнді күштерінің дамуына қамқорлық көрсететін, оның бостандығын және әлеуметтік құқын мойындайтын гуманистік идеяны және бағытты бірінші орынға қояды; педагогтың білім алушыларға және тәрбиешілерге өздерін-өздері дамытуға жауапкершілікті субъекті ретінде қарауын, сондай-ақ, субъектінің-субъектіге көңіл бөлу негізіндегі қарым-қатынасқа негізделген өзара іс-әрекет стратегиясын қамтиды.

Slide 10

Этникалық қағида этникалық мәдениетнегізінде жалпы ұлттық мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасайтын мәдниет жасаушы ортаны қалыптастыруды, азаматтық келісім және үйлесімдікке, қоғамдық қатынаста табысқа жетуді қарастырады. Әлемдік мәдениет құндылықтарын бір мезгілде игере отырып, ана тіліне және мәдениетке орайластыру, дәстүрді, тілді, психикалық қалыпты және этникалық сананы қамтитын рухани өмір саласына тарту жолымен субъектілердің қызметін этномәдениеттік сәйкестілікті сақтау қажеттілігін қарастырады.

Тәрбиенің үздіксіздік қағидасы жеке тұлға ғұмырының барлық кезеңдерінде оның жан-жақты дамуын болжайды: оның шығармашылық әлеуетінің үдемелі баюын және күш-қуаты мен қабілетін толық пайдаланып, кәсіби шеберлігі мен мәдени өсуін мөлшерлейді.

Әлеуметтік өзара іс-әрекеттер тиімділігі қағидасы түрлі ұжымдардағы білім беру жүйесінде тәрбие жүргізуді болжайды. Бұл қағида білім алушылардың қарым-қатынас сферасын кеңейтуге, әлеуметтік-мәдени конструкциялық үдерістерді дербес анықтауға, барабар коммуникация жасауға жағдай туғызып, жалпы әлеуметтік бейімделуін, өзін-өзі көрсете білуін қалыптастырады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие мақсаты
Экологиялық білім берудің негізгі ұстанымдары
Герценнің тұжырымдамалары
Оқу бағдарламалары
Биліктің институттары
МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Саяси партиялары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
ТӘРБИЕ ОБЬЕКТІСІ МҰҒАЛІМ
Суды қорғау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz