ГЕНДІК МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ӨСІМДІКТЕРДІ ӨСІРУ




Презентация қосу
Трансгенді өсімдіктер көмегімен
тамақ өнімдерін өндіру
Орындаған:ХХХХХ
Тексерген:ХХХХХХХХ
Жоспар:
1. Гендік модифицирленген өнім;
2. ГМО алудың негізгі мақсаты ;
3. ГМО тарихы;
4. ГМО -нің түрлері;
5. ГМО-нің пайдасы;
6. ГМО-ге – деген қажеттілік;
7. ГМО пайдаланудың артықшылықтары;
8. Пайдаланылған әбиеттер тізімі.
ГЕНЕДІК МОДИФИЦИРЛЕНГЕН
ОРГАНИЗМ
дегеніміз – бұл генетикалық
материалдар, адам қолымен
организмдерді будандастыру немесе
қайта әрекеттестіру жолымен
алынатын организм. Кейбір тірі
организмді басқа организмге
орналастыру.
ГМО – өсімдіктерге, жануарларға
және микроорганизмдерге басқа
организмнің геномын салып жаңа
организм алады.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы
21 шілдедегі «Азық-түлік өнімдерінің
қауіпсіздігі туралы» Заңында ГМО не екені
жөнінде түсінік берілген: «Генетикалық
модификацияланған объекті дегеніміз –
гендік-инженерия биотехнологиясы
көмегімен алынған өсімдіктер, мал және
микроорганизмдерді генетикалық
түрлендірілген, ал олардан өңделген
өнімдерді – трансгендік тағамдық өнімдер
немесе генетикалық модифицирленген
(ГМӨ) өнімдер деп аталады.
ГМО алудың негізгі
мақсаты
шикізаттың пайдасын
жақсарту – бұл мол өнімдер
алу, азықтық құндылығын,
пестицидтерге, зиянды
жәндіктерге, ауруға, суық
климатқа төзімділігін және
т.б. арттыру.
ГМО-ның тарихы
Трансгендер — генетикалық материалы жасанды жолмен өзгертілген
организмдер. Ең алғаш рет 1973 жылы американдық ғалымдар ішек
таяқшасының гендік- модификацияланған түрін алған. Бүгінде гендік-
модификацияланған организмдер тек өсімдіктер мен жануарлар емес,
сонымен қатар бактериялар болып табылады. 1978 жылы ең алғаш рет
трансгенді адам инсулині алынды, гендік-модификация технологиясы
фармацевтикада дәрілік препараттар өндіру үшін кеңінен қолданыла
бастады. 1985 жылы ең алғашқы ГМ-өсімдік – темекі алынды. Соңғы
жылдары дүние жүзінде гендік модификацияға ұшыратылған организмдер
тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, ғылыми зерттеулер үшін
және медицинада кеңінен қолданыла бастады. Бүгінгі күні генді
модификацияланған дақылдар 29 елде өсіріледі, оның ішінде АҚШ,
Аргентина, Бразилия, Канада елдері алда келеді. Өсіріп отырған
дақылдардың түрлерінің ішінде - 61% генді-модификацияланған соя, 21%
жүгері; картоп; қызанақ, кәді және т.б.-11%; 5% -рапс құрайды
Құрамында ГМО кездесетін өнімдерді үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топ құрамы гендік өзгеріске түскен азық-түліктер (трангендік
бұршақ, соя)
Екінші топ – трангендік шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған азық-
түлік өнімдері (соя сүті, қызанақ пастасы, соя қосылған түрлі шұжықтар,
чипсы, бұршақ өнімдері).
Үшінші топ – трансгендік жеміс-жидек пен көкөністер.
Гендік инженерияның иновациясы саналатын бұл тәсіл өсімдіктер
әлемінде кеңінен пайдаланылады. Ең алғашқы гененикалық негізі
өзгертілген ағза – ішек таяқшалары болған.
1972 жылы Пол Берг бірінші
трансгенный организм жасап
шығарды. Ғылымның басты
жетістігі бірінші кезекте жаңа
белгілерімен инженерлік-
модификацияланған өсімдіктерді
мол мөлшерде өсіру.

1982 жылы алғашқы трансгенді
дақылдарды отырғызды,
«Монсанто» фирмасында
шығарылды.
1993 жылы ГМО – ның
үлкен көлемде
сатылымға шығуы.

90 жылдардың
соңында ГМО өнімдері
Ресей алғаш пайда
болды.
Соңғы мәліметтерден мемлекеттер мен
континенттер бойынша ГМО таралу
дәрежесі: Африка континенті түгел
қамтылған. АҚШ пен Канада: тағам
өнімдерінде ГМО қолданғандығы туралы
маркировка міндетті емес. Американың дәрілік
заттар мен тағам өнімдерін бақылау бойынша
федералдық әкімділігі (FDA) трансгендерді
қолдануға, соның ішінде медициналық
мақсаттар үшін, рұхсат беріп отыр. Еуроодақ:
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша
Еуропалық басқарушы ұйымының
тұжырымына сүйенсек - генетикалық
модификацияланған жануарлардың еті мен
сүтін тағамға пайдалану қауіпсіз.
Қазақстанға тек мемлекеттік тіркеуден өткен
ГМО-сы бар азық-түліктер ғана кіргізіледі.
Ең кең таралған гендік
модификацияланған дақылдарға — соя
жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс,
картоп жатады.
ГМО -нің түрлері
Генетикалық модифицирленген микроорганизмдер

Генетикалық модифицирленген өсімдіктер

Генетикалыіқ модифицирленген жануарлар
ГМО-нің пайдасы
Гендік-модификацияланған өсімдіктер табиғаттың
қолайсыз жағдайларына төзімді, оларды зиянкестер де
жей алмайды және олар климат талғамайды, қуаңшылық
немесе суық аймақтарда да өсе береді. Гендік
инженерияның соңғы жетістігі арқасында жылма-жыл
азық-түліктік көкөністердің жоғары өнімін алып отыруға
мүмкіндік туып отыр. Сондықтан дүние жүзінің көптеген
өркениетті мемлекеттерінде ГМО өндіру бұрынырақ
қолға алынып, халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету
мәселесі шешімін тапқан. Сонымен қатар, ГМО өнімдер
қазіргі таңда азық-түлік өндірумен қатар, дәрі-дәрмек
өндіру үшін де қолданылып отыр. Гендік инженерияның
дәрі-дәрмекті өндіруде пайдасы зор. Оның көмегімен
ерекше аминқышқылдарды жинақтай алатын жаңа
организмдер.
Қазақстанда ел аумағында гендік- модификацияға
ұшыраған азық-түлікті бақылайтын «Гендік инженерия
қызметін мемлекеттік бақылау» жөнінде заң жобасы
құрылды. Ағымдағы жылдың наурызында аталмыш құжат
Мәжілістің қарауына өтті. Заң жобасын Білім және ғылым
министрлігі құрды.
Әзірге елімізде гендік
модификация қызметіне
тосқауыл қоятын заңнама жоқ.
Кей мамандардың айтуынша,
азық-түлік қорабында ГМО
қоспасы жөнінде ақпарат
берілмегендіктен
қазақстандықтар гендік өзгеріске
ұшыраған өнімді шамадан тыс
пайдаланады.
Гендік модификацияланған өсімдіктерді химиялық улар: гербицид,
пестицид, инсектицидтерді және химиялық тыңайтқыштарды
қолданбай-ақ өсіруге болады. Себебі, бұл организмдер
құрғақшылыққа, суыққа шыдамды және зиянкестер олардың
өнімділігіне әсер ете алмайды. Егер адамзат бүгінде ГМ- организмдерді
өсіруден бас тартса, онда пестицидтер, гербицидтер және басқа улы
химикаттарға қайта оралуға тура келеді.
Бұрынғы Кеңес дәуірі кезінде азық-түлік бағдарламаларын жоспардан
тыс орындау мақсатында егіс алқаптарына, бау-бақшаларға улы
дәрілер: пестицидтер ешғандай бақылаусыз себілген. Оның салдарынан
топырақ улы химикаттармен ластанған, топырақта өскен жеміс-
жидектерде тыңайтқыштар мен пестицидтердің мөлшері артып,
тұтынған халық арасында улану жағдайлары көбейіп кеткен және өзекті
мәселеге айналған. ГМО тыңайтқышсыз жоғары өнім бере алады.
Гендік инженерия медицина, ауылшаруашылығы салаларында
пайдалануға өте тиімді. Ғалымдардың пайымдауынша, гендік инженерия
халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайын жақсарта түседі,
өйткені климаттық жағдайы нашар аумақтарда да егіннің мол шығуына
құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер түрлерін өсіруге мүмкіндік туғызады.
Сол себепті әлемнің түкпір-түкпірінде дәрі-дәрмек, азық-түлікті молынан
өндіру үшін генді-модификацияланған организмдерді көптеп өсіріп,
оларды тамақ өнімдерін, дәрілік заттар өндіру үшін барған сайын кеңірек
қолдана бастады.
Жер бетінде халықтар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Сондықтан
адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету жылдан-жылға өзекті мәселеге айналып
отыр. ГМО-өнімдері ғаламшарымызды ашаршылықтан сақтайды. Себебі, гендік
модификацияланған өсімдіктер табиғаттың қолайсыз жағдайларына төзімді және
климаттың ерекшеліктері де олардың өнімінің жоғары болуына әсер ете алмайды,
ал керісінше, гендік модификацияға ұшырамаған өсімдіктер климаттың өзгерісіне
сезімтал болғандықтан, қаншама халықтар кейбір ауа райының қолайсыз болған
жылдары небір аштықты басынан өткізіп, тіпті қырылып қалып отырғаны
тарихтан мәлім.
Алғашында ГМО өнімдерін ғаламшарымызды мекендейтін халықтарды
ашаршылық қаупінен сақтау мақсатында өндіре бастаған. Ғалымдардың айтуы
бойынша халықтар санының өсу қарқынында тек ГМО өнімдері ғана әлемді
аштық пен жұттан сақтап қала алады, себебі гендік-модификация арқылы
тағамның шығымы мен сапасын арттыруға болады. Сондықтан, ГМО өнімдері
Африканың кейбір ең кедей деген елдеріне жіберілген, соңынан әлемнің барлық
дамушы елдеріне таралды.
Тарихи деректер бойынша талай халықтар түрлі себептермен
небір ашаршылықтарды басынан өткізген. Мысалы, Германияда
1939 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін химиялық
тыңайтқыштарды қолданбай, тек табиғи компост, органикалық
тыңайтқыштарды ғана қолданып өсіру туралы үкімге қол
қойылған еді, Үшінші Рейхтың эксперименті сәтсіз болып шығып,
Германияда ашаршылық басталған болатын. Ал қазіргі кезде
генетикалық модификацияланған организмдер бұл химиялық
тыңайтқыштарсыз өсе береді.
Сондықтан, әлем халықтарын ашаршылықтан аман алып
қалу жолы біреу:
ГЕНДІК МОДИФИКАЦИЯЛАНҒАН ӨСІМДІКТЕРДІ
ӨСІРУ!!!
ГМО-ге – деген қажеттілік

Ең бірінші қажеттілік жер шарындағы
адамдардың санының қарқынды өсуі. Сол себепті
тамақ өнеркәсібінде тездетіп өндіру шаралары
қолға алынды.

Екінші қажеттілік медициналық салада. Таза
өсімдіктерден алынған дәрі-дірмектер өте қымбат,
сол себепті трансгенді өсімдіктер өсіру арзан
болып табылады.
ГМО азықтарын пайдаланудың
артықшылықтары
ГМО алудың негізгі мақсаты шикізаттың пайдасын
жақсарту – бұл мол өнімдер алу, азықтық құндылығын,
пестицидтерге, зиянды жәндіктерге, ауруға, суық
климатқа төзімділігін және т.б. арттыру.
Ғылымның басты жетістігі бірінші кезекте жаңа
белгілерімен инженерлік-модификацияланған өсімдіктерді
мол мөлшерде өсіру. Бүгінгі күні генді
модификацияланған дақылдар 29 елде өсіріледі, оның
ішінде АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада елдері алда
келеді. Өсіріп отырған дақылдардың түрлерінің ішінде -
61% генді-модификацияланған соя, 21% жүгері; картоп;
қызанақ, кәді және т.б.-11%; 5% -рапс құрайды.
.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ:

1. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и
риски //Человек, 2002, №5, с.158-164
2. Поморцев А. Мутации и мутанты//Fакел, 2003,№1, с.12-
15«Токсикологическая химия» Учебное пособие для ВУЗов. М.: ГЭОТАР-
Медиа, 2007. 1008 с. Глава-11. Биологическая опасность и биологический
терроризм.
3. Чечилова С. Трансгенная пища.// Здоровье, 2000, №6, с.20
4. http://web.a.ebscohost.com/ehost/detail?sid=225c28d9-e49d-40dc-ac
90-5e096e667de1%40sessionmgr4004&vid=1&hid=4206&bdata=JnNpdGU9ZWh
vc3QtbGl2ZQ%3d%3d#db=aph&AN=89345868
5. http://web.a.ebscohost.com/ehost/detail?sid=047b4df1-373d-45a4-886
c-b2ff87115d95%40sessionmgr4002&vid=1&hid=4206&bdata=JnNpdGU9ZWhvc
3QtbGl2ZQ%3d%3d#db=afh&AN=92653949

Ұқсас жұмыстар
АҚШ адамдар
Өсімдіктердің биотехнологтардың қадағалауынан шығып кету қауіпі
ГЕНДІК ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ ЖАНУАРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛУЫ
Трансгенді ағзалар
Гендік модификацияланған ағза (ГМА)
Трансгендік өсімдіктер
Трансгенді ағзалар туралы түсінік
Гендік модифицирленген өнімдер
Биотехнологиялық объект ретінде өсімдік жасушаларын өсіру. Өсімдік жасушаларының биосинтездік қасиетін өңеркәсіпте пайдалану
Гендік - модификацияланған ағзаларды алу
Пәндер