Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қауіпсіздік мәселелері контексіндегі конфессионалдық саясаты


Slide 1

Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары және қауіпсіздік мәселелері контексіндегі конфессионалдық саясаты

Slide 2

Ядролық қарудан бас тарту мәселесі -барлық қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Ядролық полигондар -20 ғасырдағы ең ауыр қасірет болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғатына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды өзгерістер туғызды.

Slide 3

Әлемде жалпы саны 2025 сынақ жүргізілсе Семей полигонында 500-ге жуық атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны Әлем бойынша сынақтардың ¼-ін құраған, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі жарылыстардан 40 мың есе асып түскенін Ресейдің ресми мәліметтері дәлелдейді. тоқтаусыз сынақтардың салдарынан мутант нәрестелер дүниеге келе бастады. Әлемнің көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша нашар экологиялық жағдай ең жоғарғы деңгейіне жеткен. сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде Қазақстан ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болды.

Slide 4

1991 жылдың 29 тамызында іс жаһандық ядро тарихында жаңа дәуір басталды. Әлем жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен, саналы түрде бас тартқан ел, Қазақстанды үлгі етті. 1993жылы біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойып, 1994 жылдың желтоқсанында әлемнің ядролық державалары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беретін Меморандумға қол қойды. Сөйтіп, 1994 жылы еліміздің аумағынан бүкіл ядролық қаруды әкету аяқталса, келесі жылы бұрынғы Семей ядролық полигонында соңғы ядролық заряд жойылды. 1996 жылы Қазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөніндегі Шартқа қол қойдыАл 1997жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнінде қарар қабылдады. 2001 жылы 29 тамызда «XXI-ғасыр ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» атты халықаралық конференцияда, 1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жер бетіндегі стратегиялық қару-жарақ шартына, яғни Лиссабон хаттамасына қол қойып, ядролық қаруды таратпау жөніндегі өз міндеттемесін қуаттады

Slide 5

Қазақстанның әлем мемлекеттері арасында бірінші болып қуатты Семей ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы арқылы өз ұстанымының айқын екенін көрсетті. Ол - ядролық қарусыз әлем құру. Қазақстанның осындай саясатының үлгісін Ұлыбританияның Стэнфорд университетінің «Ядролық қатерді қысқарту жөніндегі бастама қоры» аса жоғары бағалады. 2011 жылы Лондонда болған Гувер институтының «Тежеу: өткені және келешегі» атты халықаралық конференцияда ядролық қаруы мен қондырғылары бар 13 дамыған мемлекеттің ірі мамандары әлемнің барлық қайраткерлеріне Қазақстанның нақты бейбітшілікті қорғау тәжірибесіне үңілуі керектігін атап көрсетті. Қазақстан күшке емес, қажеттілікке негізделген жаһандық ұсыныстар жасауда. Семей полигонының 1989 жылы 29 тамызда жабылуы күнін БҰҰ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялады. Қазақстан атом қуатын тек қана бейбіт мақсаттарға, қуат көзі ретінде пайдалану туралы ұсыныстар айтты. Соның бірі Ядролық отынның халықаралық банкін жасау. Ондағы мақсат төмен байытылған уранның кепілді қорын жасау арқылы атом электрстанцияларын салатын мемлекеттерге атом реакторлары қондырғыларын құруға көмектесу.

Slide 6

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың мәлімдеуінше, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа қазірдің өзінде 182 мемлекет қол қойса, олардың 154-і ратификациялап үлгерген. Тұтастай алғанда, 20 жыл ішінде ядросыз әлем жолында маңызды қадамдар жасалды. Дегенмен, ашық күйінде қалып отырған көптеген күрделі мәселелер де жоқ емес. Оларға Елбасы жекелей тоқталды. Бүгінде Оңтүстік Азия мен Таяу Шығыстағы ядролық қарулануды халықаралық бақылаудың тиімді тетігі жоқ. Атом технологиялары мен материалдарының халықаралық лаңкестер қолына түсуінің қаупі зор.

Slide 7

Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері ядролық қаруды таратпауға қатысты көптеген шараларды жүзеге асырып келе жатқандығы бәрімізге белгілі. Мысалы, айтар болсақ:

Slide 8

- 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

- 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынғы КСРО-ның ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады және стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады.

- 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина және Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері жасалды.

- 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою және залалсыздандыру жөніндегі жобалар кешені жүзеге асырылды.

- 1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ратификациялады(заңдастырды) .

- 1993 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі ЯСЖТШ-ны(Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты) бекітті.

- 1994 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі Агенттіктің (МАГАТЭ) мүшесі болды.

- 1994-1996 жылдардағы ядролық қарусыздану саласындағы белсенді іс-әрекетінің арқасында Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесіне ие болды, ал 1999 жылдың 5 тамызында Қарусыздану жөніндегі конференцияның мүшелігіне қабылданды.

Slide 9
Ұқсас жұмыстар
Семей жерінде
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары
Ядролық қару жаппай қырып - жою қаруы
Республикасының бітімгерлік миссиясы
Республикасының бейбітшілік миссиясы
Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы
Қазақстанның халықаралық байланысының дамуы
Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі
Қазақстанның сыртқы саясаты
Қазақстанның халықаралық байланысың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz