МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ


Slide 1

2 лекция. Ұлттық, аймақтық және аудандық деңгейде туризмдегі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

Дайындаған: э. ғ. к., доцент

Қарғабаева Сәуле Төлеуқызы

Slide 2

Жоспар:

1. Шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау формалары: жеңілдігі бар несиелер, үлестік қарыздар, мемлекеттік кепілдемелер, арнайы бағдарламаларды қаржыландыру, әлуеметтік маңызы бар туристік объектілерді қаржыландыру.

2. Фирманы ашу және тіркеу технологиясы.

Slide 3

Қазақстанда шағын бизнесті қолдау жүйесі қалыптасты және әлде де қызмет етуде. Бұл мәселемен Индустрия және сауда министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде айналысады.

Slide 4

«Шағын кәсіпкерлік» туралы Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау - жеке кәсіпкерлікті ынталандыру, Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар жасау бойынша мемлекеттік шаралар кешені, ал жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымы - шағын кәсіпкерлік қызмет етудің және дамуының жалпы жағдайларын қамтамасыз ететін ұйымдар кешені [6] .

Slide 5

Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары:

а) шағын бизнесті реттеу жөніндегі заңдарды жетілдіру;

ә) жеке кәсіпкерлікті құру мен дамыту орталықтарын, кәсіпкерлік инкубаторлар, технологиялық парктер, индустриалдық аймақтар және шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін құру;

б) бюджеттік қаражаттар есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілерін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету.

в) шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мемлекеттік органдар қарамағында шағын бизнесті дамыту бойынша мәселелерді зерттеу және шағын ұсыныстарды әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу институттарын құру жолдармен жүргізілетінін анықтайды;

г) шағын бизнесті қолдаудың және дамытудың қаржылық институттарын құру;

ғ) кәсіпкерлік - инкубатор және индустриалдық аймақтардың қызметін ұйымдастыру;

д) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер учаскелерін, құрылыстарды сату.

Slide 6

Бүгінгі күнде шағын бизнесті қолдау саласында түрлі институттар бар. Қазақстанда шағын бизнесті қолдау механизмдері шағын бизнесті қолдаудың сараланып дамыған инфрақұрылымы арқылы жүргізіледі. Шағын бизнес субъектілерін тұрақтануын және қалыптастыруын ынталандыру үшін мемлекеттік даму институттары құрылған.

Slide 7

Шағын бизнесті қолдау және дамыту механизмдері келесі жолдармен жүзеге асырылады:

Slide 8

Шағын бизнес субъектілерін қаржылық қолдау мына жолдармен жүзеге асырылады:

Slide 9

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады:

Табыстылықтың және өсімнің кепілі ретінде жеке меншікті қорғау. Кәсіпкерліктің дамуы үшін жеке меншік институты кәсіпкерлері кез-келген табыс алуды емес, алдағы уақытта өндірістің дамуы туралы ойлайды.

Кәсіпкерлікке толықтай қолдау жасау саясатын жүргізу. Бұл саясат кәсіпкерлікті мемлекеттік даму бағдарламасы етіп жариялауды, кәсіпорын ашудың еркіндігін беруді, өндірістік қызметтің еркіндігін, жарғылық капитал талаптарына шек қоюды мәлімдейді.

Slide 10

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады:

Импорттық тауарларға эмбарго жариялау. Отандық тауар өндірушіні қорғау үшін, импорттық тауарларға эмбарго жарияланып жатыр. Елге тамақ өнімдерінен бастап, машиналар мен механизмдерге дейін барлық тауарларды әкелген кезде американдық кәсіпкерлерді қорғау үшін осындай шаралар қолданылды.

Өз кезінде осындай саясат отандық кәсіпкерлерді сыртқы бәсекеден қорғауға, айналымдарын өсіріп алып, соңынан шетелдік фирмалармен бәсекеге түсуге мүмкіндік берді.

Slide 11

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады:

Салықтық тарифтерді төмендету. Егер салықтар деңгейі теңгерімдік табыстан артық болса (45-50%), бюджетке түсім көлемінің өсуі әуелі тоқтап, кейіннен төмендей бастайтыны белгілі: кәсіпкерлер салық төлеуді доғарады, бұл салықтық базаның қысқаруына әкеледі. Бұл эффект «Лаффер қисығы» деп аталады және ТМД елдерінде де, біздің елде де байқалады.

Slide 12

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады:

Банктік жүйедегі өзгерістер. Кәсіпкерлікті дамытудағы қиын мәселелердің бірі фирмаларды қаржылық қамтамасыз ету. Бастапқы кезеңде, кәсіпкерлердің қолында қаражат жоқ кезінде банктік несиелер қаржыландырудың жалғыз шешімі болып табылады. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, несиелендіру мерзімін ұзарту кәсіпкерлік белсенділік танытудың маңызды факторы болып табылады.

Slide 13

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады:

Шетелдік инвестицияларды тарту - қаржыландырудың екінші көзі, нақты инвестициялар түрінде ғана емес, технология, "ноу-хау" түрінде көмек алуға мүмкіндік береді.

Slide 14

Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін негізгі факторларды қысқаша сипаттауға болады:

Кәсіпорын, корпорация құру, акция шығару тәртіптемесін жеңілдету. Шектеулі жауапкершілік механизмін енгізу кәсіпкерлік қызметті белсендендіреді. Кәсіпорынды тіркеу тәртіптемесін жеңілдету, анықтамалар, талаптар санын қысқарту уақытты үнемдеп қана қоймай, кәсіпкерлердің кәсіпкерлік құру процесіне қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

Slide 15

Мемлекеттік бағдарламаларда шағын бизнесті қолдаудың екі түрі бөліп көрсетіледі - негізгі және қамтамасыз ететін. Негізгі бағдарламалардың мақсаты - кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау. Қамтамасыз етуші бағдарламалар шағын кәсіпорындарға сәйкес кәсіпкерлік инфрақұрылымын құруға, ресурстардың қажетті түрлерімен (материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық) қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Slide 16

Жаңа құрылып жатқан кәсіпорындарға қатысты мемлекеттің саясаты көп еңбекті, мемлекеттік қызмет тарапынан көп ұйымдастырушылық күштерді жұмылдыруды талап етеді, ол келесі 6 бағыт бойынша топтастырылуы мүмкін:

Slide 17

Бизнесті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызмет құру, дамытуға қолайлы жағдай туғызатын шаралар кешенін сипаттайды. Қазақстан Республикасында осындай ұйымдар қатарына мемлекеттік және мемлекеттің тарапынан құрылған ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық және шетел ұйымдары, коммерциялық ұйымдарды жатқызуға болады.

Функционалдық бағыттылығына байланысты инфрақұрылым институттарының құрылымы төмендегідей анықталады: бизнестің қалыптасуы, қызмет етуі, және дамуы кезінде мемлекеттік жәрдем беру және қолдау, қаржылық көмек, ақпараттық-сараптамалық көмек, білім беру және кадрлардың біліктілігін арттыруда материалдық-техникалық көмек көрсету.

Slide 18

Елдегі шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік құрылымының келесі деңгейі-облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппараттары. Бизнесті қолдау және дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін әкімдіктердің жанынан Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттер (басқармалар) құрылған, олардың құрамына кәсіпкерлік бөлімдер кіреді.

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменттері өздерінің құзыры шегінде шағын бизнесті қолдауды жүзеге асыруға уәкілетті.

Шағын бизнес саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тізбесіндегі соңғы буыны - республиканың қала және аудан әкімдері аппараттары болып табылатын аумақтық атқарушы органдар, олардың құрамындағы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері және экономика және қаржы бөлімдері кәсіпкерлік мәселелерімен айналысуға міндетті.

Slide 19

Мемлекеттік институттар жүйесі Шағын бизнесті қолдау бойынша орталық Уәкілетті мемлекеттік орган - ҚР Индустрия және сауда министрлігі, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, Қала және облыс әкімдіктері жанындағы департаменттерден тұрады.

Slide 20

Шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік емес институттарының жүйесіне кәсіпкерлердің өңірлік және салалық қоғамдық бірлестіктері кәсіпкерлік инкубаторлар мен технологиялық парктер кіреді.

Slide 21
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу әдістері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдау
Қазақстан Республикасы кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау. Кәсіпкерлікті қолдаудың нормативті- құқықтық базалары
МЕМЛЕКЕТТІҢ АЙМАҚТЫҚ САЯСАТЫ
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту, жеке кәсіпкерлік туралы заң
Қазақстандағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Мемлекеттік бағдарлама
Инвестициялық жобаны әзірлеу
Кіші және Орта бизнесті қолдау бағдарламасы
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz