Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылы: құқықтық негіздер, қағидаттар және кәсіпкерліктің түрлері мен ұйымдастырушылық формалары


Slide 1

Тапсырма №1.

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының қағидаттары мыналар болып табылады:

заңдылық;

кәсіпкерлік еркіндігі;

кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі;

меншікке қол

сұғылмаушылық;

адал бәсекелестік

тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;

Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылының мақсаттары мен қағидаттары.

Slide 2

мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;

кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің тиімділігі;

кәсіпкерлік субъектілерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін арттыру;

құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы;

кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі;

сыбайлас жемқорлықтан азат болу;

кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;

отандық тауарлар өндірушілерді, жұмыс орындаушыларды, қызмет көрсетушілерді қолдау;

Slide 3

мемлекеттің кәсіпкерлік субъектілерінің ісіне заңсыз араласуына жол бермеу;

жеке кәсіпкерлік субъектілерінің норма шығарушылыққа қатысуы;

кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігін ынталандыру;

мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы;

Slide 4

Тапсырма №2.

Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпкерліктің бұл түрі өндіріс функциясының негізі.

Делдалдық кәсіпкерлік - бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату-сатып алудың объектісі ақша валюта, бағалы қағаздар болып табылады

Коммерциялық кәсіпкерлік - тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі - кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы.

Slide 5

Кәсіпкерліктің үш түрі бар:

серіктестік

корпорация

жеке тұлғалар

Slide 6

Жеке кәсіпкерлік - бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады.

Кемшіліктері: оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес

Артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ заңгерлердің, дәрігерлердің т. б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.

Slide 7

Серіктестік деп - екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды.

Артықшылығы: серіктестікке де табыс салығы салынады. Оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл.

Кемшіліктер: капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан іс қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет аяларын т. б. кіргізуге болады.

Slide 8

Корпорация - бір кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығын айтамыз. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады.

Кемшіліктері: корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.

Артықшылықтары: кәсіпкерлік экономикалық ойлардың ерекше түрі, көзқарас жиынтығы ретінде сипатталады және шешім қабылдайды, оны тәжірибелік қызметте іске асырады.


Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерліктің мәні, түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Мектеп пен отбасының өзара іс-қимылы: маңыздылығы, мақсаттары және формалары
Кәсіпкерліктің түсінігі, түрлері және ұйымдастырушылық нысандары
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік субъектілері мен қызметкерлердің құқықтық жауапкершілігі
Кәсіпкерліктің негізгі түрлері, жіктелуі және ұйымдық-құқықтық формалары
Кәсіпкерліктің түрлері, ұйымдастыру формалары және инвестициялар
Жеке кәсіпкерлік: мәні, түрлері, формалары және құқықтық негіздері
Кәсіпкерлікті реттеу: экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар мен Қазақстандағы мемлекеттің кәсіпкерлікке қолдауы
Кәсіпкерлік: мәні, ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары және қызметтің негізгі аспектілері
Кәсіпкерліктің ұғымы, ұйымдастыру-құқықтық формалары және кәсіпорын экономикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz