Риккетсиялар ұсақ полиморфты грам теріс бактериялар
Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
«Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасы
Риккетсилердің, хламидиялардың
және микоплазмалардың
морфологиясы, ерекшеліктері.
Орындағандар: Мауенова Ж.Т
Зекен Аяулым
Риккетсиялар:
Риккетсиялардың мөлшері 0,3-0,5 мкм, спораға айналмайды,
кептіруге, аязға тұрақты келеді, қайнатқанда, залалсыздандырғанда
тез өледі. Бұларда облигаттық паразит болып табылады. Тудыратын
аурулар риккетсиоз деп аталады. Осылардың ішінде қауіпті аурулар:
бөртпе сүзек, қайталама сүзек, Ку қызбасы кіреді. Риккетсиялар ұсақ
полиморфты грам теріс бактериялар. Олардың жасуша қабырғасы екі
қабатты қабықшадан, цитоплазмадан, нуклеоидтан тұрады.
Риккетсиялар пішіндері бойынша таяқшалы, жіпшелі және конус
тәрізді болады. Барлық риккетсиялар жасуша ішілік паразит болып
табылады, сондықтан олар тек тірі ағзада ғана көбейе алады. Олар
бөртпелі сүзек және әртүрлі қызбалық инфекциялық ауруларды
тудырады. Тасымалдаушылары болып: кенелер, биттер, бүргелер
табылады. Осылардың ағзаларында риккетсиялар көбейеді.
Риккетсиялар тудыратын аурулар:
• Риккетсиоз (Rісккеtsіоsіs) - риккетсиоз. Себебі риккетсиялар болатын
жедел жұқпалы аурулардың аты. Ауру жәндікшелердің шағуы арқылы,
ауа-тыныс жолдары арқылы және тамақ арқылы тарайды.
• Бөртпе сүзегі – Rickettsia prowazekii қоздырғышымен шақыралатын,
жайылмалы пантромбоваскулитпен, циклдік ағымымен, қызбамен,
розеолезді-петехиальды бөртпемен, жүйке және жүрек-қан тамыр
жүйелерінің зақымдануымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
• Қу-қызбасы –Саналуан берілу жолдарымен, клиникасы қызбамен,
арнайы өкпе қабынуымен, орта жүйке жүйенің және басқа жүйелердің
зақымдануымен сипатталатын жедел табиғи ошақты зоонозды ауру.
Хламидиялар:
Хламидиялар –жасушаішілік облигатты паразитті бактериялар.Олар адамдарда,
жануарлар мен құстарда әртүрлі аурулар қоздырады.Хламидиялар деп аталуы грек
сөзінен chlamyda – мантия,жамылғыш деген сөзден шыққан. Себебі зақымданған
жасушалар ішінде жамылғышпен қоршаған қосындылар түзеді.
Халмидиялар – патогенді, облигатты жасушаішілік бактериялар. Олар
макроорганизм, яғни адам немесе жануар жасушасынан тыс көбейе
алмайды, сондықтан клиникаларда бактериологиялық диагноз қою әдісі аса
тән емес. Оларда иесінің жасушасының цитоплазматикалық
қосындыларының (ЦҚ) ішінде өтетін ерекше даму циклы болады. Осы
цикл кезінде хламидиялар иесінің жасушасының ферменттік жүйесін толық
пайдаланады, соның салдарынан ол толығымен энергетикалық және
метаболиттік тұрғыдан иесіне тәуелді болады.
Микоплазмалар:
Микоплазмалар- жасуша қабырғасы жоқ, бірақ үш қабатты липопротеидті
цитоплазматикалық мембранадан тұрады. Микоплазмалар пішіні бойынша
шар, сопақша, жіпшелі, жұлдыз тәрізді болуы мүмкін. Микоплазмаларды
Берги жіктелуі бойынша жеке топқа жатқызады. Олардың өлшемдері
әртүрлі: бірнеше микрометрден 125—150-ге нм дейін. Ұсақ микоплазмалар
бактериальді сүзгі арқылы өткендіктен оларды сүзгілі форма деп атайды
Микоплазмалар топырақта, ағынды суларда, әртүрлі субстраттарда
табылған.Адам және жануарлар ағзасында патогенді және шартты-патогенді
түрлері кездеседі. Патогенді микоплазмалар тыныс алу жолодарын, зәр
шығару және ОЖЖ зақымдайды.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz