Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталар: түрлері, құрамы және залалсыздандыру әдістері


Slide 1

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті «Зоотехнология, генетика және селекция» кафедрасы

Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталар.

Орындағандар: Мауенова Ж. Т

Зекен Аяулым

Slide 2

Жасуша ішіне сыртқы ортадан енген қоректік заттардан жаңа заттардың түзілуі немесе олардың ыдырауы күрделі биохимиялық процестердің көмегімен іске асып отырады. Микроорганизмдер табиғатта қоректік заттарды өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан немесе тірі жасушалардан алады.

Зертханаларда микроорганизмдерді өсіру үшін арнайы әзірленген қоректік орталар қолданылады.

Slide 3

Қоректік орталар. Құрамы.

Табиғи - сүт, сарысу, жұмыртқа, ет, картоп, бұршақ, сәбіз, өсімдіктер және олардың қайнатпасы

Жасанды қоректік орталар арнайы рецептер бойыншадайындалады. Олар жануар текті (ЕПС, ЕПА, ЕПЖ) және өсімдік текті (сыра суслосы) болып екі топқа бөлінеді

Синтетикалық орта деп - белгілі бір химиялық қоспалардан тұратын ортаны айтамыз.

Slide 4

Арнайы орта.

Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonasтуысына жататындар, теңіз суына қажетті болады.

Құрамы(г/л) :

Протеозопептон 15, 00

Бауыр қайнатпасы 2, 50

Ащытқы 5, 00

Натри хлорид 5, 00

Агар-агар 12, 00

рН (25°С) 7, 4 ± 0, 2

Slide 5

Элективті немесе таңдамалы орта.

Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С. И. Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды.

Құрамы (г/л) :

Арнайы пептон 2, 50

Ет 2, 50

Натрий хлориді 1, 25

Глюкоза 2, 50

рН ( 25°С) 7, 3 ± 0, 2

Slide 6

Дифференциалды-диагностикалық орталар. Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет.

Гисс қоректік ортасы

Левин ортасы

Плоскирев ортасы

Slide 7

Қоректік орталарды залалсыздандыру

Микроорганизмдерді өсіруге арналған қоректік орталарда басқа микроорганизмдердің тірі клеткалары және олардың споралары мүлде болмауы керек. Бөгде микроорганизмдерді жою үшін арнайы залалсыздандыру әдістерін қолданады. Бұл мақсатта, көбінесе, жоғары температураның әсерін пайдаланады. Температура микробтардың өсуіне лайықты деңгейінен жоғарылаған сайын, оның әсері күшейе түсетіндігі бұрыннан белгілі. Температураның әсерін микроорганизмдер популяциясының белгілі бір бөлігін жою үшін қажетті уақытпен сипаттайды.


Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдерді дақылдау: қоректік орталар, залалсыздандыру және аэробты/анаэробты әдістері
Саңырауқұлақтарды өсіруге арналған қоректік орталар: түрлері, құрамы және дайындау әдістері
Саңырауқұлақтарды өсіруге арналған қоректік орталар: құрамы, дайындау әдістері және қолданылуы
Микроорганизмдерді дақылдандыру: қоректік орталардың түрлері, залалсыздандыру әдістері және аэробты-анаэробты өсіру тәсілдері
Саңырауқұлақтарды өсіруге арналған қоректік орталар және оларды дайындау әдістері
Қоректік орталар: түрлері, құрамы және өсімдік жасушаларын in vitro өсіру әдістемесі
Микроорганизмдерді жасанды қоректік орталарда өсіру: түрлері мен әдістері
Қоректік орталар: дайындалуы, түрлері және микробиологиялық дақылдау әдістері
Микроорганизмдердің қоректенуі, химиялық құрамы және қоректік орталар
Микроорганизмдерді қоректік ортада өсіру: орталардың түрлері мен культивация шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz