Микроорганизмдердің өзара және басқа ағзалармен қарым қатынасы
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ЗООТЕХНОЛОГИЯ, ГЕНЕТИКА ЖӘНЕ СЕЛЕКЦИЯ» КАФЕДРАСЫ
Микроорганизмдердің өзара және
басқа ағзалармен қарым
қатынасы.
Орындағандар: Мауенова Ж.Т
Зекен Аяулым
Микроорганизмдердің өзара қарым – қатынасы Биоценозда әр түрлі түрлер арасында
белгілі бір қарым- катынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерге
байланысты екені белгілі. Десе де, организмдер арасындағы кеңістік қарым-
катынастар да негізгі рөл атқарады. Қоректік тізбектер өсімдік, құстар мен жануарлар
арасында болды. Табиғатта ешқандай шекара жоқ,онда бәрі де бір – бірімен
байланысты және өзара тәуелді болып келеді. Тіршілік иелері тұрақты экологиялық
жүйеге – биоценоздарға біріктірілген. Олардың әрқайсысы үшін популяцияның
түрлік және сандық қатынасы, құрылым, өзара қатынас және басқа да белгілер тән.
Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын
тигізбей, керісінше, селбесіп, пайдалы тіршілік етуі симбиоз деп аталады. Мысалға,
тақуа шаян мен актиния арасындағы селбесуді, сондай-ақ балдыр мен
саңырауқұлақтың селбесуі нәтижесінде қыналардың тіршілік етуін келтіруге болады.
Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А.Де Бари ( ) ұсынды. Симбиоз жануарлар
мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организмдер үшін бірігіп тіршілік ету жеке-
жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым
– қатынасы және одан келетін пайдасы осы симбиоз арқылы қалыптасады.
Метабиоз-біреуі екіншісінің тіршілік өнімін пайдаланатын микроорганизмдердің өзара
қатынасы. Метабиоз – микроағза түрлері арасындағы, олардың бір түрінің тіршілік
өнімдері, екіншісінің қорек көзіне айналуымен сипатталатын, олардың өзара қатынастық
қалыптары.Метабиозға нитрифицирлеуші бактериялар өздеріне қажетті аммиакты-
аммонифицирлеуші топырақтық бактерияның тіршілік өнімін алатын симбиоз жатады.
Метабиоз – микробтың бір түрі екіншісінің өмір сүруі барысында түзілетін өнімдерді
пайдаланып, олардың өсуі үшін қолайлы жағдай тудырады.
Сателлизм – бір микроорганизмнің тіршілік әрекетінің нәтижесінде
түзілген өнімдері екінші микроорганизмнің өсуін ынталандырып, оған
серіктес болуы. Азотобактериялар бөлетін витаминдер және басқа
биологиялық белсенді заттар органикалық фосфорды бейорганикалыққа
түрлендіретін микробтардың өсуіне қолайлы жағдай тудырады. Ал бұл өз
кезегінде жоғары сатыдағы өсімдіктердің дамуын қамтамасыз етеді. Дәл
осындай әсерді В тобының витаминдерін өндіретін ашытқылар басқа
микробтарға тигізе алады.
Мутуализм (латын тілінде mutuus – өзара) – әр текті жануарлардың өздерінің
сыртқы ортамен байланысын бір-бірінсіз атқара алмауы; симбиоздың бір түрі.
Мутуализм кезінде екі жануардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны соншалық,
олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Мысалы, термиттер организміне келіп түскен
қоректік зат – клетчатканы, өздерінің ішегінде, тіршілік ететін талшықтылар болмаса,
қорыта алмайды.
Паразитизм екі әр түрлі организмдердің антагонистік қарым қатынасының формасы,
мұнда біреуі екінші организмді тіршілік ортасы, қорек ретінде пайдаланады.
Паразиттер қожайын организмдердің санының реттелуінде, кей жағдайда
микроэволюциялық процестің бағытталуында да үлкен рөл атқарады. Паразиттер
облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) болып ажыратылады. Сыртқы
ортаның жағдайына байланысты микроорганизмдер өздерін паразит ретінде де,
сапрофит ретінде де көрсетеді, сол үшін оларды факультативті паразиттер деп атайды.
Облигатты паразиттер өздерінің метаболиттік мүмкіндіктерін толығымен
жоғалтқаннан кейін қожайын организмдердің ұлпаларын зақымдай отырып тіршілік
етеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz