Жылыжайдағы жылыжай зиянкестерінің энтомофагтары және акарифагтары


Slide 1

Жылыжайдағы жылыжай зиянкестерінің энтомофагтары және акарифагтары

Slide 2

Пайдаланылған әдебиеттер

Тілменбаев Ә. Е., Жармұхамедова Ғ. Ә. Энтомология. Алматы, Қайнар, 1994, 336с[1]

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы/ оқк құралы/ Қ. Жаңабаев, Т. Саудабаев, И. Сейітова 1994ж. [2]

Практикум по сельскохозяйственной энтомологии/ Подред Н. В. Бондоренко. -Л. Колос, 1976[3]

Искендирова Р. А Өсімдікті биологиялық қорғау. Алматы:Эвера, 2017[4]

Қазақстан Республикасы аумағындағы қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің(улы химикаттардың), 2013-2023жылдарға арналған Тізімі. 2013ж[5]

Интернет желісі https://lektsii. org/13-72060. html[6]

Slide 3

Жылыжайда кездесетін зиянкес түр құрамы

Жылыжай аққанаты (Trialeurodes vaporariorim Westw)

ұзындығы 2 мм болатын ұсақ жәндіктер

Ересектерінің ерекшелігі, денесі мен қанаттары ақ түсті балауызды өңезбен жабылған. . Аналықтары жұмыртқаларын қияр жапырақтарының астына жеке немесе топ құрып салады.

Slide 4

Бір жыл ішінде 10-15 ұрпақ береді. Әр ұрпақ 30 күнге дейін дамиды. дернәсілдері мен ересектері жас жапырақтардың астыңғы жағында орналасып, шырынымен қоректенеді . Қатты зақымдалған қияр жапырақтары қошқыл түске айналып, қурап қалады.

Зиянкестерден бөлінген сұйықтыққа қара өңездер қоныстап, қияр өсімдіктерін одан сайын әлсіретеді. Аққанаттылар қияр өнімділігін едәуір төмендетеді

Slide 5

Өрмекші кене (Tetranychus urticae Koch)

Өрмекші кененің дене пішіні сопақша немесе ұзынша болып келеді. Аналығының ұзындығы - 0, 4-0, 5 мм, аталығы кішірек - 0, 3-0, 4 мм болады. Түсі сарғылт-жасыл, бүйірлерінде қара дақтары бар. Қыстайтын аналықтарының түсі қызыл-қызғылт сары түске ауысып, қозғалыссыз күйде қоректенуін тоқтатады. Өрмекші кененің даму ерекшеліктерін зерттеу кезінде зиянкес үшін ауа температурасы 27-290С, ауа ылғалдылығы 30-50% қолайлы екені анықталды.

Slide 6

Жылыжайдағы жылыжай зиянкестерінің энтомофагтары және акарифагтары

Энкарзия (Encarsia formosa Gah) Aphelinidae тұқымдасына жататын тоғышар жәндік. Ұзындығы шамамен 0, 6 мм болатын энкарзия аналығының басы мен кеудесі қара, құрсағы сары.

Slide 7

Қиярды аққанаттан қорғау үшін 1 га жылыжайға энкарзияның 150 мыңнан кем емес дарақтары қажет. Аз ғана аққанаттары бар жылыжайға 1 м2 жерге 10-20 дарақ мөлшерінде энкарзияны қоныстандыру жұмыстары жүргізіледі. Энкарзия аналықтары аққанаттарды белсене іздейді (энтомофаг шығарған жерден 7-10 м) . Қиярда 1:10 тоғышар:иесі арақатынасында тиімділігі 70% аса құрайды.

Slide 8

Энкарзия аналығы II-III жастағы дернәсілдерге бір-бірдеп жұмыртқа салады. Аналықтары жұмыртқаларының басты бөлігін (70-90%) өмірінің бірінші онкүндігінде салады. 25-300С температурада даму ұзақтығы 3 апта мөлшерінде болады.

Slide 9

Афидиус (Aphidius colemani Vier. )

Денесінің ұзындығы 3 мм, басы көлденеңдеу, жіптәрізді мұртшалары аналықтарында 13-23 буыннан, аталықтарында 15-24 буыннан тұрады Төменгі жақтың қуыстары 3-4 буыннан, ал төменгі еріндері 2-3 буыннан құралады. .

Slide 10

Афидиус аналығы 2-4 жастағы бітелердің денесіне жұмыртқа салады.

Зиянкесті жылдам жою үшін 1:5 афидиус-бітенің арақатынасында жеткізуге болады

Slide 11

Фитосейулюс (Phytoseiulus persimilis Ath. -Henr. )

Бұл жыртқыш кененің дамуы қысқа кезеңі, жоғары қомағайлығы мен өсімталдығы жылыжайда өсімдіктерді кенелерден қорғау кезінде оның тиімділігін анықтайды. Фитосейулюстің ересек түрлері қызғылт-қызыл түске ие . Аналықтары аталықтарынан ірірек және пішіні дөңгеленген болады.

Slide 12

Аналығы жапырақтың төменгі жағына 50-80 данадан жұмыртқа салады, күніне 30 жұмыртқаға дейін немесе 25 зиянкес дарақтарымен (өрмекші кене) қоректенеді.

Кененің ошақты орналасқан жеріне энтомофаг 1 м2-ге 45 дарақтан, тұтастай алғанда 100-150 дарақтар шығарылады


Ұқсас жұмыстар
Жылыжайда қияр, қызанақ өсірудің технологиялары
Жылыжайда жұмыс істеу
Жоғары жарық өткізгіштігі
Көшеттік жылыжай Гүлзар жылыжайы Көкөністік жылыжай
Көкөніс дақылдары
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру
Жылыжай құрылыстарын жаңғырту
Пирамидалы жылыжай
Көкөніс(қызынақ,қияр,,аскөк) өсіретін жылыжай
Бизнес жоспар Көкөніс өсіретін жылыжай
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz